0 дауыс
6.5k көрілді
Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде көшпелі шаруашылық жүргізудің қандай айырмашылықтары бар? тарихтан тезирек керек еди отиниш

3 жауап

0 дауыс
Қазақстанның кейбір жерінде ерте заманнан-ақ жарртылай көшпелі мал шаруашылығы да қалыптасқан. Жартылай көшпелі деп көктем, жаз, күз мезгілінде жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп отырып, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда қыстайтын мал шаруашылығын айтады. Мал шаруашылығының бұл түрі сақ-үйсін заманында-ақ дала мен таулы аймақтарда қалыптаса бастады. Мұндай аудандарға Жетісудың, Шығыс Қазақстанның тау етектеріндегі аймақтар жатады. Бұл аймақты мекендеген халық малды жазда биік таулы жайлауда бағып, қыста тау етегінде, тау қойнауындағы қыстауларда қыстатып күн кешкен. Кейде олардың қыстаулары Алтай, Тарбағатай сияқты биік таулармен сілемдесіп жаткан аса биік емес, қары аз Қаратауда болатын. Жартылай көшпелілікпен айналысқан көшпелілер қыстау маңындағы ұсақ өзен, бұлақтардың жағасына егін салатын. Олардың негізгі дақылдары: тары, арпа, бидай. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпаларда қой, жылқымен қатар сиыр малы да өсірілді.

Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда, кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды.

Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Оларда мал шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы дамыды. Соғды мен Ферғананың отырықшы мәдениетіне бұл елдердің көршілес жатуы оларда ертеде-ақ отырықшы мәдениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Сақ заманының өзінде Оңтүстікте Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты бекіністі қалашықтар қалыптасты.

Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Дегенмен осы қоныстар мен қалалардың сыртында, маңайында жартылай көшпелі, отырықшы малшы қауымдар аз болған жоқ.

Жоғарыда біз сипаттап жазған мал шаруашылығының үш түрі, олардың таралған аймақтары жөніндегі пікірлерді жалпылау, топтау түріндегі тұжырымдар деп түсінген жөн. Әйтпесе мал шаруашылығы мен көшпеліліктің осы аталған түрлерінің арасында талай араласқұралас нүсқалары да болған. Мал шаруашылығының аталған түрлері белгілі бір аймақтарда таралды десек, мұны да белгілі бір шарттылықпен түсіну керек. Мұнда біз белгілі бір аймақтарға көбірек төн мал шаруашылығы түрлерін атадық. Әйтпесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу мен Шығыс Қазақстаннан басқа Батыс, Солтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында да дамыған. Мысалы, б. з. д. 1-мыңжылдықтың екінші жартысында батыс өңірлерде өмір сүрген сарматтар өздерінің қыстауларының маңында қималап немесе шатыршалап ірі зираттар, мінәжат жасайтын орындар салған (Бесоба, Сынтас). Есіл бойындағы б.з.д. VIII—II ғасырларға жататын, адам үзак мекендеген Боркы, Қарлыға, Кеңөткөл қоныстарын зерттеу Солтүстік Қазақстанды мекендеген кейбір тайпалардың жартылай отырықшылық өмір кешкенін көрсетеді. Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде де тіпті орта ғасырлардың соңына дейін жартылай көшпелілік болғанын дәлелдейтін деректер бар.

Жартылай көшпелілік Оңтүстік Қазақстанда да біршама таралған. "Ұйғарақ пен Төгіскенді қалдырған сақ тайпалары жартылай көшпелі болған" деген пікір бар. Ал енді нағыз көшпелі шаруашылық үлгісі ретінде есептелетін адайлардың өзінің Жем бойындағы бөліктері отырықшы болған, ірі қара малын өсірген екен.

Көшпеліліктің біз атаған үш түрі бірінен соң бірі келмеген, әр заманда, әр аймақта көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылықтары қатар өмір сүрген.

Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті жақсы дамып, халықтың көпшілігі отырықшылыққа айналды. Бұл жағдай Жетісудың да біраз аумағына таралды. Монғол шапқыншылығынан кейін Оңтүстік Қазақстанда қола мәдениеті, отырықшы егіншілер экономикасы күйреген кезде, бұл өңірде де жартылай көшпелі мал шаруашылығы қайтадан жаңа қарқынмен дамыды.
0 дауыс
Қазақтардың негізгішаруашылық кәсібімал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпеліөмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қоныныңқашықтығы әр түрлі болып келетін. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибеліадамдары жер шолып,малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрдесу көзінің болуы қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілібағытта бірлесіп көшетін.Қыс кезінде үйір-үйір жылқылар ашықдалада қарды тұяғымен аршып, тебіндеп жайылатын.Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлергемүйіздіірі қара,түйе және уақ мал жіберілетін.

Сырдарияның екі жақ өңірінде, Жетісу жерінде, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-шығыс және Орталық аймақтарындағы кейбір өзендер мен көлдердің жағалауларында қазақтар егіншілікпен сонау ерте заманның өзінде айналысқан болатын. XIX ғасырдың аяқ кезінде елдің Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс аймақтарында егіншілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды. Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқы санының арта түсуіне байланысты мал жайылымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты болып қалды. Отырықшы егіншілік кәсібімен айналысуға көшу қазақтарды ежелден қоныстанған жерлерінен күштеп көшіру және басқа жаққа қуып шығу әрекеттеріне тыйым салатын еді. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша, бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшін қыруар көп жер төлімдерін босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын. Қазақтар бірте-бірте орыс шаруаларының үлгісімен егін егуді игере бастады. Негізгі еңбек құралдары соқа, тырма, қол орақ, ағаш айыр, күрек пен кетпен болды. Егістік жерді суару үшін әр түрлі қүрылғылар (атпа, шыгыр) қолданылды. XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған аудандардағы шаруашылықтарда темір соқалар мен тырмалар пайда болды. Уезд және кейбір болыс орталықтарында ауыл шаруашылық техникасының паркі ашылды.

Суармалы егіншілік Шығыс Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймақтарында жақсы дамыды. Қазақстанның өзге аудандарында тәлімі егін шаруашылығы кеңінен етек алды.

Қазақтар негізінен бидай, тары, сұлы, күріш және жүгері дақылдарын екті. Шымкент және Перовск уездерінде мақта, Верный уезінде азын-аулақ темекі, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында бақша дақылдары - қарбыз, асқабақ, пияз бен сәбіз өсірілді. Орыс-украин халықтарымен қатар алқаптарда тұратын қашқтар аздап болса да картоп, қияр және басқа да көкөніс түрлерін егумен айналысты. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кеңінен етек алды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы қазақтар өз шаруашылықтарында бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысты.
0 дауыс

Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).

Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%- ын құрайды.

Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс, картоп және бақша дакылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін (25%- дай) азықтық дақылдар - көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер де мол. Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.


Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га.Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті.Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады.Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

...