0 дауыс
445 көрілді
1) Қағазды кім шығарған?

2) Тарихта неше сала бар?

3) Қай жерде ай мен жылды санай бастады?

1 жауап

0 дауыс
1) Адамдар қағазды пайдалануды 2 – ғасырда үйренді. Қағаз Қытайда ойлап табылды да, қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия сақтады. Ассириялықтар қыш тақтаға таяқшалармен жады. Ежелгі египеттіктер өз иероглифтерін папирусқа өрнектеді. Ол жұқа парақтар батпақта өсетін папирус өзектерінен сығымдалып жасалады. Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылды. Ежелгі орыс елінде жазу жұқалап сыдырылған қайың қабығына жазылған. Европада қағаз тек 10 - ғасырда ғана пайда болды. Ол ескі шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасалады. Ал барлық жерде газеттер шығып, кітаптар басылып, оқушыларға оқулықтар мен дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетісе бермеді де, жұрт қағазды ағаштан жасауға көшті.

Орманда кесілген ағаш алдымен кеспелтекке бөлініп, жаңқаланады, сонан соң ұсақталғанша үгіледі де, ұнтағы шыққанша майдалана береді.
Бұдан соң ұлпа толып жатқан әр түрлі өңдеуден өтеді. Енді кезек қағаз жасайтын автоматты машинаға тиеді.
Бұл таңғажайып машинаның ұзындығы жүз метрден асады, ал биіктігі үш үйдей. әлгі дымқыл әрі болпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, бір минуттың ішінде тығыз да теп - тегіс аппақ қағазға айналады.

Осы мезетте ұсақ тесіктері бап ұзын торға салынған қағаз ұнтағының суы сығылып, қыздырылған ауыр барабандардың арасынан өтіп тегістеліп үлкен рулондарға оралады.
Сонымен қағаз дайын. Енді бұл рулондарды қажетіне қарай табақтап кесіп, кітап баса беруге болады. Ал газет үшін қағаз рулон шапшаң айналатын машиналарға орнатылады. Да басылып шыққан соң жеке - жеке газет болып қиылады.
Ал қағаз тек кітап пен газет үшін ғана қажет болып қоймайды, одан қазіргі кезе пакеттер, түзқағаз, қатырма қағаздар мен балмұздақ салатын стакандар, әр түрлі жіптер, тіпті машиналардың шестерняларына дейін жасалады.

Қағаз өндіретін фабрикаларды ағашпен қамтамасыз ету үшін орманда әр күн сайын қаншама ағаш кесу керек екенін ойланып көріңдерші.
Міне сондықтан да жаңа қағаз әзірлеу үшін ағаштың орнына бұрын пайдаланған ескі қағаздарды кәдеге асырудың маңызы зор. Сондықтан да ескі газеттерді, дәптерлерді, зат ораған қағаз бен басқа да қағаз қалдықтарын жинап өткізіп жүрген адамдарды құрмет тұтамыз. Бұл игі істерімен олар орманның тұтас бір учаскелерін кесуден сақтап қалады.

Ұқсас сұрақтар

...