0 дауыс
10.8k көрілді
Басқа елдерде жаңа жылды қалай тойлайды?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жапонияда күле бастайды

Жапонияда да Жаңа жыл 1 қаңтардан басталады. Бірақ, бұған қарап, бәрі батыстық өлшемдерге сәйкес деуге әсте келмейді. Үйге «зұлым рухтарды» кіргізбес үшін жапондар кіреберіске сабан байламдарын іліп қояды. Яғни, бұл әрекет өз түсініктерінше бақыт әкеледі деп есептеледі. Тағы бір өзіндік ерекшеліктері, нақ Жаңа жыл енетін сәтте олар жаппай қатты күле бастайды. Жергілікті түсінік бойынша күлкі жетістік пен сәттілік шақырады.

Қытайда шартылдақтар жарылады

Қытайда Жаңа жыл 17 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында, аспандағы ай жаңарғанда енеді. Әлемдік стандарт қаншалықты өміршең десек те, көне өркениеттер орталығы болған бұл ел осылайша ілкі дәстүрінен айнымай отыр. Көше шерулері бұл мерекенің ең маңызды бөлігі. Мыңдаған шырағдандар жағылып, Жаңа жылдың жолын ашу рәсімі жасалады. Қытайлықтардың пайымынша, Жаңа жыл залым рухтар қоршауында болады. Сондықтан да оларды қорқытып, қуалау үшін шартылдақтарды жарған ләзім. Кейде олар есіктер мен терезелерді қағазбен бітеп, ішке залым рухтардың кірмеуін қадағалайды.

Австралияда су киімдері киіледі

Австралияда Жаңа жыл 1 қаңтардан басталады. Дегенмен, нақ осы уақытта ол жерде күннің ыстық болатыны сондай, Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарын суға түсерде киетін киімдерімен жүріп таратады. Өз кезегінде осындай аздаған киімдік ерекшеліктері болмаса ағылшын тілді елдердегі үрдістен алшақ кете қоймаған.

Болгарияда бәліш пісіріледі

Болгарияда Жаңа жыл дәстүрлі түрде үйде қарсы алынады. Мереке басталмастан бұрын үйдегі ең жасы кіші адам шыршаның жанында тұрып қонақтарға қарата ән салады. Алғыс ретінде оған сый-сыяпат жасалуға тиіс. Ән салушы балаларға негізінен тәттілер сыйланады. Ең қызықты сәт сағат тілі 12-ні ұрғанда болады. Осы уақытта үй ішінде жаңа жылдық сүйісу үшін жарық сөндіріледі. Тек осы үрдістен кейін ғана үй бикесі ішіне сый-сыяпаты жасырылып пісірілген бәліштерін бөліп, кесе бастайды. Жеушілері тиын тістесе – байлыққа, раушан бұтағы болса – махаббатқа деп ырымдалады.

Италияда сыйлықты Ла Бефана әкеледі

Италиялықтар Жаңа жыл түні терезесінен ескі заттарын, атап айтқанда, үтіктерін, үстелдерін, гүл құмыралары мен етіктерін лақтырады. Жаңа жылда қаншалықты көп зат лақтырсаң, келер жылы соншалықты молшылыққа кезігесің деп есептелінеді. Бұл ретте балаларға сыйлықты Санта Клаус немесе Аяз ата емес, жүрегі жұмсақ фея – Ла Бефана әкеледі деген сенім бар.

Испанияда жастар «некелеседі»

Испанияда ерекше жаңа жылдық дәстүр аталып өтеді. Яғни, шартты түрде жас жігіттер мен қыздардың некесі қиылады. Ол үшін жеребе тасталып, сол шек бойынша бірге түскен жұптар мереке аяғына дейін отбасы болып есептеледі. Әрине, қазіргі таңда мұның әзіл-сықақтық қана мәні бар. 
Бұдан бөлек, мереке қарсаңында испандықтар қонаққа барарында сыйлық себетіне шампан сала баруды әдет еткен. Және бір ескертерлік жайт – Жаңа жыл ол елде қоғамдық мейрам іспетті. Өйткені, нақ осы түні қалың бұқара орталық алаңға жүзім жеуге барады. Сағат тілі соғысымен әрбір испандық 12 жүзім жеуге тырысады. Яғни, осы рәсім орындалатын болса, алдағы жылы тілек орындалады деп біледі.

Германияда Лебкухен желінеді

Германияда рождество Жаңа жылға қарағанда кеңірек тойланады. Яғни, бұл отбасылық мереке саналады. Жанұяның барлық мүшщелері міндетті түрде дастархан басына жиналуға тиіс. Осы күні Бешерунг – дәстүрлі сый-сыяпат, сыйлық алмасу үрдісі орын алады. Жаңа жылдық мәзірдегі ең басты тағам – Лебкухен деп аталады. 16 ғасырда мейіз бен ұннан тұратын осынау тәтті тағамның ұзындығы адам бойына жететін болған. Оңтүстік Германияда көбінесе шыны немесе фарфор торайлар, кейде ақша сақтауға арналған құтылар сыйға тартылады.

Бұл күні болжам жасалады

Фин елінде жаңа жылдық басты кейіпкер – Joulupukki, яғни, Аяз атаны олар осылай атайды. Сенімге сәйкес, ерте заманда ол сыйлықтармен бірге шыбық алып келетін болыпты. Ол үйге бас сұғарда: «Бұл үйде тілазар балалар бар ма?» деп кіретін болған-мыс. Ал, қазіргі таңда шыбық емес, сыйлықтар сыйланады және кисель мен күріш ботқасы әзірленеді. 
Бұл ретте қыздар құдай қосар қосағын түсінде көрем деген ниетпен қалайыны ерітіп, суға салады. Сол суға сұлулар беторамалының ұшын батырып, басына қойып жатады. Өзіндік дүниетанымында түсінде көрінген жігіт оған болашақта жолығуға тиіс көрінеді.

Жаңа жылды есікті ашып қарсы алады

Британ аралдарының тұрғындары «Жаңа жылды кіргізу» (Letting in New Year) салтын ұстанады. Хердфордширде Жаңа жылды кіргізу әрекеті мынадай: сағат тілі 12-ні соғуға аз қалғанда артқы есікті ашып, ескі жылды шығарып салдық деген ырым жасалады және соңғы сәтте алдыңғы есікті ашып, Жаңа жыл кіргізіледі.

Times Square жаңа жылдық айна істеттес

Америкалықтар үшін Жаңа жыл үлкен де жарық Times Square сағатының тілі 12-ні көрсеткенде енеді. Осы сәтте алаңға жиылған халық сүйісуге көшеді және автокөліктерінің дабылын үсті-үстіне баса бастайды. Ал өзге тұрғындар осындай үйреншікті у-шудан-ақ жаңа жылдың келгенін түсініп, қара бұршақты қомағайлана жей бастайды. Аталған тағам сәттілік әкеледі деп есептеледі.http://baq.kz/kk/news/41669

–1 дауыс
Бір білерім Ресейде жаңа жыл тек салют ату және ескі жылды шығару. АҚШ-та жаңа жыл Рождество деп аталады. Олар біз секілді тойлайды.
+2 дауыс
Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея қатарлы Шығыс Азия елдерінің ай күнтізбесі бойынша  ұлттық дәстүрлі Жаңа жыл мерекесі бар. Ал жылдың соңында олар Christmas мерекесін тойлайды. Бұл мереке Шығыста діни сипатын жоғалтқан. Негізінен ғашықтар күні сияқты тойланады.
–1 дауыс
Реселйіктер жаңа жылға бір ай қалғанда дайындала бастайды.Көшелеріне шырша қойып, аяз атаның суреттерін іліп.
Аяз атаның суреттерін іледі деген не сөз қақа
0 дауыс
әр елде әртүрлі ғой
0 дауыс
  • Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі жылды «шығарып» жібереді де, Жаңа жылды «кіргізеді».
  • Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта, қыркүйектен наурызға дейін қарсы алады. Мереке құрметіне ұшырылған көлемі өте үлкен, түрлі-түсті батпырауықты екі мерген садақпен атады. Біреуінің оғының басында от болады. Батпырауық жанған кезде той басталады.
  • Панамада Жаңа жыл өрт сөндіргіш мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырған ащы дауысымен басталады.
  • Болгарияда Жаңа жыл дастарханына басқа да тәтті тағамдармен бірге күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі – кизил ағашының бір бұтағы жатады. Күміс теңге тап болған адам Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептеледі. Дастархан басында біреу түшкіріп қалса, жақсы ырымға санайды. Оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды, әйтеуір, бір жас төлді сыйға тартады.
  • Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Дәл сағат 12-де үстел басындағылар қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйтпесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде өмір сүреді.
  • Бразиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлмен, қоңыраумен безендіріп қояды.
  • Эфиопиялықтар Жаңа жылды қыркүйектің 10-11-інде қарсы алады. Жаңа жылда бірыңғай ақ киім киеді, ерте тұрып, шіркеуге барады. Сосын самырсын ағашының көлеңкесінде Жаңа жылға арнап дастархан жаяды. Балалар Жаңа жылға арнап салған суреттерін ата-анасына сыйлайды. Үй ортасына жіп керіп, әлгі суреттерді іліп қояды. Сонан кейін мерекелік дастархан басына отырады.
  • Шығыс елдері дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні яғни 22 наурызда атап өтеді.
  • Жаңа жыл қарсаныңда Америкада ең күшті , ең мықты қайратты деп саналатын конкурс өткізіледі.
  • Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.
  • Германия-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде Моржатазартқышты кездестіріп, күлге бүліну-Германияда бақытты белгі деп саналады, ал түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен.
  • Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсанында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен...
  • Италияда Жаңа жыл түні терезелерінен далаға ескі заттарды лақтырады. Мыс: орындық, лампа, шелектер. Егер ескі заттарды далаға лақтырса, Жаңа жылда дәл сондай затқа ие болады. Италияда әр отбасы Жаңа жыл түнінде ішіне түрлі сюрприз жасап, торт пісіреді.  

Қайнар көзі: https://surak.baribar.kz/61268

қайнар көз деген не?
Источник
Кипячий глаза
–1 дауыс
От души тойлайдығой.
Екеумізде 2 минустан.
0 дауыс
Мына жерден көріңіз http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%B6%D1%8B%D0%BB
0 дауыс
әР ЕЛДЕР ӘРТҮРЛІ ТОЙЛАНАДЫ

Ұқсас сұрақтар

...