Әзіл, Көңіл-күй | 847 қаралды
Сіз жаңа жылды тойлайсыз ба?

3 жауап

Тойламаймын, тойлаған да емеспіз, просто атап өтеміз, қанша дегенмен де халықаралық жаңа жыл деп.
Белгісіз
Ассалаумағалейкум.. Жақсы сұрақ. Жалпы Жаңа Жылды тойлау дұрыс емес, тойлаған адам кәпір деп айта алмаймын... Білімі бар, көзі ашық, ұптаздар жауабын берер. Миллиондаған халыққа сен кәпірсің деп айта алмайсың... Жаңа жылды тойлау харам дейтіндер мына хадиске сүйенетін шығар.. Кімде-кім өзге қауымның мерекесін тойласа, ақиретте сол қауыммен бірге тіріледі деген... Бірақ мысалы музыканы харам, немесе болады деген келісімдерге сай хадистер жетерлік.... Алайда, кейбір бауырларымыздың, достарынан, жақындарынан, туған-туыстарынан бөлектеніп мен намаз оқимын, таухидпен жүрем, ешкіммен араласпаймын деуі дұрыс деп ойламаймын ..... Жаңа жыл харам деген, музыка харам бірақ, Абай атамыздың сөзі бар: Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй деген сөзін негізге алып: Есті, ой саларлық, отан туралы, махаббат туралы, ата-ана туралы жақсы өлеңдерді тыңдауға болады деген сияқты... Исламда белгілі бір нәрсе орындалмаса ол пендені кәпір деуге болмайды... Мыс: 5 уақыт намаз, ораза парыз болса, оны ата-анаң, бауырларың орындамайтын болса, олардың барлығы Кәпір, сен таза иманды мұсылмансың деген сөз емес....
Абай атамызда пенде емес пе сол пендешілікпен айта салған шығар деген ой келмей ме сізге?Ата-бабаларымызды сөзсіз құрметтейміз,бірақ әрбір сөзін шариғи үкім ретінде қарастыра алмаймыз.
Балаларымның кішкентай кезінде оларға сыйлық жасап,бала үшін атап өтетінбіз.Қазір де үйде шырша құрамыз. Тағы да бір жаңа жылға аман-есен жеткенімізге шүкіршілік етіп,туыстарымызға,дос-жарандарға телефон соғып құттықтаймыз.Бұл да наурыз мерекесі тәрізді көптен хабарласпай кеткен ағайын-туманы жақындастырады.ОНДА ТҰРҒАН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.
Неге сол силықтарыңды балаларға 1 Маусым халықаралық балаларды қорғау күні бермейсіңдер?  А, Ол кезде ұмытып кетесіңдер ә!  1 Январь кәпірлердің мерекесі, өйткені олар Алла тағалаға мойын ұсынудан бас тартып,  Иса пайғамбарды құдай жасап алып, арақ ішіп, ойнап күлгенге ыңғайласытырып жасап алған. Таңертең тұрып дәретін алып, тазаланбайтындардың бәрі кәпір!
Мен олай ойламаймын.Балалар күнін бала күнімнен мереке ретінде сезінген емеспін.Еш жерде балалар күні жаңа жылдағыдай қызық болып тойланған емес.Әр түрлі сайыстар өткенімен,ол тек шағын топтардың арасында өтеді.Барлық бала бұл күні қуанышқа бөленеді деп айта алмаймын.Бұл-шындық.Бұған сен де,мен де кінәлі емеспіз.
125,285 сұрақ
316,382 жауап
153,267 пікір
70,774 қолданушы