0 дауыс

7.Күрделі сөздерді белгілеңіз.

A)Бала, дала.

B)Әдемі, жаман.

C)Сарышаян, Сарыөзек.

D)Желсіз, балдай.

E)Аз, көп.

8.Меңгеруді табыңыз.

A)Атым – Айзере.

B)Қызыл қарындаш.

C)Тас жол.

D)Мұқағалиды оқыды.

E)Ақынның өлеңі.

9.«Жағына пышақ жанығандай» тіркесінің мағынасы

A)жақты

B)арық

C)ажарлы

D)ауру

E)әдемі

10.Қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді белгілеңіз.

A)Рөлі.

B)Цехке.

C)Хирургты.

D)Тарихтің.

E)Полюсқа.

11.Түбір тұлғасы өзгеріске түсіп біріккен сөзді табыңыз.

A)Әулиеата, Алакөл.

B)Белбеу, тоқсан.

C)Ұлтабар, сегіз көз.

D)Жолбарыс, көкқұтан.

E)Қаптесер, алаөкпе.

12.Негізгі етістікті табыңыз.

A)Шуылда.

B)Бағала.

C)Соққыла.

D)Шарша.

E)Отырғыш.

13.Байланысу түрін табыңыз.

Әлгінде келіп кетті.

A)Матасу.

B)Қабысу.

C)Қиысу.

D)Меңгеру.

E)Жанасу.

14.Толықтауыш қызметіндегі сын есімді көрсетіңіз.

A)Жақсыданшарапат, жаманнанкесапат.

B)Жақсының адамшылығын айт.

C)Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.

D)Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.

E)Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.

15.Мақсат пысықтауыш

A)Ол қуанғаннан қозғалмай қалды

B)Бала жүгіре-жүгіре шаршады

C)Біз қала маңынан келдік

D)Сен түсінбегендіктен айта алмадық

E)Сәуле зат алғалы келді

Қазақ тілі 11.04.2017
санатын ауыстырды 8.0k қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,967Қолданушы