0 дауыс
1.7k көрілді
Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді  тап.

118 беттегі  7 тапсырма
Мәтінді түсіріп жіберіңіз.

1 жауап

0 дауыс

Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.

Сапалық сын есім сын есімнің негізгі түп қазығы, негізгі ұйытқысы. Өйткені сапалық сын есімдерге кішірейту, ұлғайту, жұрнақтары және үстеме буындар жалғанып түрленеді.

Қатыстық сын есімдер деп бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білідіретін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар дегендегі балалы, баласыз деген сөздер үйдің баласы бары-жоғын білдіріп тұр.

Қатыстық сын есімдер қай сөзден жасалса, сол сөздің мағынасымен байланысып кейде сол сөзге синоним сияқты болып тұрады. Мысалы, Аталық борыш, синонимі атаның борышы.

Толығырақ: https://ulagat.com/2020/08/09/%D1%81%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D1%81%D1%8B%D0%BD-%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80/

...