0 дауыс
484 көрілді
Еспенбет Дастаны. Еспенбет не себетти акботени сурады. Эсее Жазу. Отниш комектесин здерши.

1 жауап

0 дауыс

Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке - шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты - тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Еспенбеттің қалауын орындап, атасы оны батасын беріп еліне қайтарады. Еліне оралған соң, қалың Сыбан елі «нағашысы Еспенбетті жалғыз таймен қайтарғаны несі?» деп, Қосай батырды сынға алады. Бірақ Еспенбет мұның ешбірін құлағына ілмейді. Арада уақыт өтіп, Еспенбет 17 жасқа келеді. Ақбөрте тай бесті болады. Еспенбет Бөртесін баптап, Сәтімқұл деген бидің асында бәйгеге қосады. Тұлпары Еспенбеттің үмітін ақтап, жүз бас тайлақ тігілген бәйгеден бірінші болып келеді. Сонда Еспенбет сыбанның қолбасы Ақтамберді батырды шақырып, олжаны ортаға салып, бөліп береді. Енді сыбан елінің Қабанбай бастаған батырлары атадан қалған кекті қайтару үшін қалмаққа шабуылға шығады. Осы шайқаста қалмақтың бір батыры жекпе - жекте қазақтың жеті батырын бірдей ойсырата қырып салғанда, шыдап тұра алмаған Еспенбет, Ақтамбердіден рұқсат сұрап барады. Кезегіңді маған бер, жас санама, бас сана, қайратымды көр деп, Ақтамберді батырдың батасын алып, жауды жеңеді. Қас майданда қалмақтар жеңіліс тауып, батырлар елге үлкен олжамен оралады. Міне Еспенбет батыр елге осылай танылған екен.


http://bilim-all.kz

...