Қазақ тілі | 5.3k қаралды
5.3k қаралды

Өлеңдері ел ішінде көп тараған, мың жылда бір туатын көрнекті ақындарымыздың бірі – Дулат Бабатайұлы. Оның шығармашылығы ауыздан ауызға таралып, бүгінгі күнімізге дейін мұра ретінде жеткен. Елеулі орын алатын, батырлар жыры үлгісіндегі Отанды қорғауға арналған «Еспенбет» атты толғауының патриоттық мәні зор. Бұл дастанында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады.

Дастанның басты кейіпкері Еспенбет өзінің құрдастарына қарағанда ойлы, көзі ашық, көкірегі ояу, намысты, арманы биік болып өседі.

«Туған ел, туған жерім бар, 
Туған елді көкседім, 
Жат елде арман – өскенім...»

«Жігерім болса жетемде, Өнерім болса, еліме
Еліме барып, ұл болсам. Адал еңбек етсем деп» - ойлайды. Еспенбеттің бойынан адамдық адал қасиетті, таза ақ ниетті көруімізге болады. Енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар:

«Құйрығын шаншып алды да, 
Үш айналды желіні. 
Селеу жерге бас ұрды, 
Омырауының желінен. 
Құйындатып келді де, 
Ытқып түсті Ақбөрте, 
Енесінің белінен.»

Батырға лайық ат таңдауының өзінен, оның нағыз жігіт, жүрек жұтқан ер екендігіне көзіміз жетіп отыр. «Ат – ер қанаты» - деп бекер айтылмаған.

Туған елі, кіндік қаны тамған жері оның жастық асқақ арманы мен тәтті қиялына айналды. Ол нағыз батыр, еркіндікті сүйген даланың ұлы. Оған ешқандай дүниенің байлығы керегі жоқ, оның қалауы – Ақбөртені тай қылып мініп, елінің кегін қайтару. Туған жеріне оралып, қару асынып, жауға қарсы тойтарыс беру.

Еспенбет - тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл, барлығымыз үлгі тұтарлық адамдардың бірегейі. Мың жылда бір туатын, елі үшін еңіреп туған осындай батырларымызды еске алып отырудың өзі бір ғанибет емес пе? Алып ерді өсіретін - халық, ел жұрты екендігін айтып, ақын жастарға "әрқашанда еліңмен жұртыңмен бол" – деп насихаттайды.

4 жауап

Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке - шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. 

Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты - тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Еспенбеттің қалауын орындап, атасы оны батасын беріп еліне қайтарады. Еліне оралған соң, қалың Сыбан елі «нағашысы Еспенбетті жалғыз таймен қайтарғаны несі?» деп, Қосай батырды сынға алады. Бірақ Еспенбет мұның ешбірін құлағына ілмейді. 

Арада уақыт өтіп, Еспенбет 17 жасқа келеді. Ақбөрте тай бесті болады. Еспенбет Бөртесін баптап, Сәтімқұл деген бидің асында бәйгеге қосады. Тұлпары Еспенбеттің үмітін ақтап, жүз бас тайлақ тігілген бәйгеден бірінші болып келеді. Сонда Еспенбет сыбанның қолбасы Ақтамберді батырды шақырып, олжаны ортаға салып, бөліп береді. Енді сыбан елінің Қабанбай бастаған батырлары атадан қалған кекті қайтару үшін қалмаққа шабуылға шығады. Осы шайқаста қалмақтың бір батыры жекпе - жекте қазақтың жеті батырын бірдей ойсырата қырып салғанда, шыдап тұра алмаған Еспенбет, Ақтамбердіден рұқсат сұрап барады. Кезегіңді маған бер, жас санама, бас сана, қайратымды көр деп, Ақтамберді батырдың батасын алып, жауды жеңеді. Қас майданда қалмақтар жеңіліс тауып, батырлар елге үлкен олжамен оралады. 

Міне Еспенбет батыр елге осылай танылған екен!

Жақсы Жауап
қазақ энциклопедиясын карап көріңіз я болмаса 10-11 кластын казак адебиетин карап көріңіз
10 сыныпқа арналған жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ әдебиет хрестоматиясынан көруіңізге болады!Онда Еспенбет поэмасынынң барлық нұсқалары бар!
Главный герой Еспенбет, его верный друг скакун Акборте, казахские и калмыкские батыры из реальной жизни. Еспенбет никогда не выделялся своими способностями, он происходил из простой семьи. В детстве он остался сиротой и воспитывался у родственников – Ер Косая. Косой вырастил его как родного сына. В 14 лет  Еспенбет решает вернуться к своим родичам . Он просит у своего деда благословления. По его просьбе ему достается жеребец по кличке Акборте. Ер Косай предлагает внуку взять то что он пожелает. Но Еспенбет отказывается от подарков и даров дедушки и берет с собой только скакуна. Дед одобрил выбор юноши. Спустя три года жеребец Акборте становится сильным и красивым скакуном. Как раз на тот момент в связи со смертью известного бия Сатимкула, устраиваются на поминках состязания аламан байга. Акборте занимает первое место и хозяин получает награду 100верблюжат. За скакуна хозяину предлагают большой выкуп, но Еспенбет отказывается от всего и не продает своего коня. В это время Кабанбай с его группой батыров снаряжаются в поход на калмыков. К ним присоединяется и Еспенбет. Еспенбета сравнивают с ястребом и львом.
Пролог поэмы таков- будьте мужественными и сильными, отважными и умными, как батыр Еспенбет. Он пример для всех последующих поколений.
118,356 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,551 қолданушы