0 дауыс
7.6k көрілді
4 класы қазақ тілден

1 жауап

0 дауыс

Бассейн (французша bassіn) — 

1)бақ немесе саяжайархитектуралық кешендерінің құрамдас бөлігі түріндегі жасандысу айдыны. Бассейн алғашында Ежелгі Шығыста, кейінірекЕуропада сән-салтанат құрылысы болып келді; 16 ғасырдың 2-жартысынан сәнді, ал 18 ғасырдан бастап су ататынхауыздары бар архитектуралық күрделікомпозициямен жасалған Бассейндер пайда болды. Бассейн осы заманғы архитектурада да кеңінен қолданылады; 

2) спорттық оқу-жаттығу мақсатына, сондай-ақ, жүзу,суға секіру жарыстарына арналған, ашық немесе жабық түрде салынатын жасанды су айдыны. Ауданы (25х10 м, 50х25 м, 50х10 м, т.б.) мен тереңдігі (1 — 4 м) әр түрлі болады.Айдын беті жүзу жолдарымен,қалтқылармен, т.б. жабдықталады.Қазақстанның көптеген облыс орталықтарында жүзу Бассейндері бар. Халықаралық талапқа сай жарыстар өткізуге жарайтын Бассейндерге Алматыдағы “Динамо” спорт кешеніндегі, Орталық стадиондағы жәнеҚарағандыдағы Н.Әбдіров атындағы спорт кешеніндегі жүзу Бассейндері жатады; 

3) белгілі бір кен орындары шоғырланған алап (көмірлі Бассейн,кентасты Бассейн,мұнайлы-газды Бассейн,тұзды Бассейн, т.б.); 

4)өзен,көл,теңіздің су жиналатын алабы. Оның жер асты және жер үсті түрлері болады. Аумағы жер бедеріне жәнегеологиялық құрылымға байланысты әр түрлі болып келеді.

https://kk.wikipedia.org/

...