Ораза сұрақтар | 119k қаралды
119k қаралды
Қаза болған оразаны ұстағанда қалай ниет етеді және қандай дұға айтылады?

4 жауап

Рамазан айынан кейін қазасын өтейтін кісі күнделікті намаз кестесін негізге алады. Дәлірек айтқанда, таң намазы кірген уақыт - ауыз бекіту уақыты. Соған дейін сәресін ішіп үлегруіңіз керек. Ал ақшам намазының кірген уақыты - ауыз ашар уақытты білдіреді.

Қаза оразаның ниеті:

"Ниет еттім Алла разылығы үшін осы жылғы Рамазан оразасынан қалған ... күндік қаза оразаларымның бірінші күнін өтемекке. ХалисалиЛләһи Тағалә".

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Тұтпақ болған оразаңыз қабыл болғай! Алла тағала ниетіңізге қарай сауаптан жазсын! Әмин!

Жақсы Жауап
Алла разы болсын! Əмин...
Қаза оразасының ауыз ашарында қандай дұға оқылады соны айтып жиберіңіздерші..
Жоғарыда жазылған дұғаны оқисыз
118,554 сұрақ
305,775 жауап
153,304 пікір
68,203 қолданушы