0 дауыс
10.8k көрілді

Ораза айт неше күнге созылады және қаза қылған күндерімді қай күннен бастап өтесем болады? Қасиетті Рамазан айы біткен соң, Шәуіл айы туады. Бұл да құлшылықтарға толы ай. Осы үш күн айтта мұсылмандар мерекені тойлап, бір-бірлерінің үйлеріне қыдырып, тәтті дәм ұсынып, бір-бірлеріне сыйақы беріп, адам көңілін рахаттандырады. Одан кейін Рамазан айында ауырып қалып, жол жүріп және тағы басқа себептермен ауыз ашып жіберген болса, осы Шәуіл айында қазаларын өтейді. Яғни, бір күн қаза қылса, бір күн ауыз бекітеді.

Ораза айт, қаза қылған қарыз күндерім

 

1 жауап

0 дауыс

Ал енді біреулер бір апта, не бес күн қарыз болады. Сондай кезде қатарынан бірнеше апта, не бес күн бойы ораза ұстамауға да болады. Араға күн салып өтеуге де рұқсат етілген. Өйткені, үзбей бекіту-ол 30 күн Ораза айында орындалатын шарт. Шәуіл айында алдымен қазаны өтеп алу керек. Өйткені, ол мойынға артылған қарыз. Оны өтемейінше, құтылмайды. Ауырып қалса, жол жүрсе не әйел адамдардың әр ай сайын беріп отыратын есебі кезінде ораза ұсталмайды. Ал егер, ауыз бекітіп жүріп, жоғарыдағы үш себептен тыс, еш себепсіз ораза бұзылса, онда бір күн қазаны 60 күнмен өтейді. Не 30 адамға тамақ береді. Оны кафарат деп атайды. Ал, кафаратты білмей, аузын ашып жіберсе, онда бір күнге бір күнмен өтейді. Қыркүйек айының 8-іне Шәуіл айы бітеді. Осы Шәуіл айында қазаны өтеп болып, 6 күндік Нәпіл оразаны ұстаса, онда алдыңғы отыз күн оразамен бірігіп 9 ай ораза ұстағанмен тең болады.

Сұрақ: 

– Көше бойын көріктендіру барысында жол бойындағы ескерткіш қоршауларды алып тастап жатқан көрінеді. Бұл исламда қаншалықты құпталатын іс?

Жауап: 

– Жолдың бойында адамның өз сүйегі жатпағаннан кейін белгілерді алып тастау қажет. Біріншіден, Ислам дінінде, адамның сүйегі жерленген жерге ғана белгі қойылу керек. Оның өзі сол адамның аты-жөні жазылып, кім екенін білу үшін қойылады. Одан басқа оның қоғамдағы салмағы, беделі және тағы басқа нәрселерінің хабаршысы болып саналмайды. Екіншіден, мысалы жол бойында біреулер жол көлік апатына ұшырады. Біреу сол жерде жан тапсырады. Апат болған жерге белгі орнатады. Туған-туысқандары келіп тұрады, әруағы сол жерге келеді деген түсінікпен. Оның барлығы шариғатқа жат нәрсе. Ешқандай негіз жоқ. Адам о дүниелік болды. Алла Тағала қалауымен оның жанын алды. Одан кейін оны апарып жерледі ма, белгі сол бір-ақ жерге ғана қойылады. Басқа еш жерге қойылмайды. Адам өлгеннен кейін, сүйегінің жатқан орнын көрсететін бір ғана белгі болуы керек. Жол бойына қойылғандарды алып тастау ісін өз басым қоштаймын. Егемендік алғалы бері осы үрдіс күннен күнге белең алып, қазір қарап тұрсаңыз жолдың жанына орнатылған белгілер қаптап кетті. Мұның бәрін реттеп, тәртіпке түсірген жөн. Шариғат үкімінде айтылғандай белгі тас тек сүйегі жерленген бейіт басына ғана қойылады.

...