0 дауыс
21.5k көрілді

Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз?

2 жауап

0 дауыс

Біржан сал 1834 жылы Ақмола облысыныңЕңбекшілдер ауданында дүниеге келіп,1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардыңқасына еріп, той-думанның сәніне айналады.

Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдыңұстаздары.1865 жылыАбаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.

Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.өкіне, ашына айтқан. Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жайма шуақ», «Айтпай», «Бурылтай», «Айбозым», «Асыл-Ақық», «Керкекіл», «Ақ серкеш», «Мәті-Дәулен», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Аққошқар», «Көкек» т. б. әндері — мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын «Біржан — Сара» операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да — өлмес қазынамыз.


Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:


Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең — менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.[3]


Теміртас


Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,

Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.

Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,

Батасын оқи берсін маған арнап.

Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,

Шешеннің сөз шығады таңдайынан.

Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,

Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.

Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,

Үкідей мен сендерді балақтадым.

Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,

Есіктен келе ме деп алақтадым.

Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,

Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.

Денеме кендір арқан жаман батты,

Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.

Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,

Қинауға салады екен адамзатты.

Үкідей желпіндерген, қарақтарым,

Шешсеңші, білегіме арқан батты.

0 дауыс
Бiржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнектi тұлғаларының бiрi. Ұлттық өнердiң жарық жұлдызы. Оның есiмi қазақ елiнiң өте ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энциклопедияларда,тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Бiржан бабамызды соншалықты биiкке көтерiп, алаш аспанында шарықтат­қан – оның Құдай берген таби­ғи таланты, асқақ әнi, ойлы, сезiмдi өле­ңi, аңызға айналған әншiлiгi. Оның ән­дерi бiр жарым ғасырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып келедi. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестиваль­дар­да Бiржан әндерi ұдайы, күн са­йын шырқалып,талай ұрпақтың рухани азығына айналды. Оның мұрасы – тiрi. Ол халықпен бiрге жасай беретiн бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадiр-қасиетi – көпiрме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес,оның жасаған iсiмен, елiне, адамзатқа сiңiрген еңбегiмен бағаланады. Түптiң түбiнде, таразыға еңбек тартылады. Ал Бiржан салдың еңбегi – оның өнерi, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды әндерi мен өлеңдерi. Ол әлi күнге тiрi! Ел аузында! Халық жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемiнде! Өйткенi оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар!

“Ал, дүние” деп, Бiржан атамыздың өзi айтқандай, “Темiртас” әнi қандай қасiреттi болса, Темiртастың тағдыры да сондай қасiреттi болған. Темiртас­тың баласы Мұқаметқали ақсақалмен талай мәрте кездесiп, әңгiмелестiк. Ол кiсiнiң айтуынша, Темiртас сол кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс болып, топырақ сол Сiбiрден бұйырған. Балалары боранды, аязды күндердiң бiрiнде адасып кетiп, содан аман келгенi жалғыз Мұқаметқали. Ол кiсi ұзын бойлы, iрi денелi, қара торы, келбеттi, кесек, қайратты адам едi. Жасы сексеннен асқан шағында да бiлектерi сойылдай берiк, сiңiрлi, сом болатын. Шопыр болып жұмыс iстеген, қоңыр даусымен ептеп өлең де айтатын. Мұқаметқалидың балалары, олардан тараған ұрпақтары бар. Бұған қоса, тағы бiр сөз: Бiржан салдың домбырасы Алматыда, республикалық тарихи-өлке тану мұражайында сақтаулы тұр. Сол домбыраны мен қолыма ұстап, шертiп көрдiм – созған қолым басына зорға жеттi! Бойы ұзын, құлашы кең, мол жаралған адамның мұрасы екенi көрiнiп тұр. Ал ендi Бүркiттiнiң басынан шырқаған әнi айлы түнде алты қырдан асып, аспан­ға кеткен кiсiнiң кеудесi де бiраз бар шығар-ау! Бiржан – қазақтың халықтық музыка мәдение­тiнiң алыбы. Өнер қайраткерi, азамат Бiржанның аты қазақ музыкасының тарихында алтынмен жазы­лады

Ұқсас сұрақтар

...