0 дауыс
1.4k көрілді
Абай жəне Шəкəрім үндестігін

1 жауап

0 дауыс

Әдебиет


АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҮНДЕСТІК

Әріптің көлемі: Қалыпты

  

Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұлан – ғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі деген деген тақырып өте кең ауқымды әрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікірін негізге алсақ: «Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна», - дейді. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері – Алаштың ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабаев «хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров «ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын берген.  

Қазақ халқының ой алыптары Абай және Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастықтыр мен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Қазақ фольклоры, шығыс классикасы, батыс мәдениеті екеуіне ортақ дүниетанымның қайнар бұлағы болса, осы дүниетанымды игеруге көмектескен өз тәлімгерлері болған. Ағартушылық жолына, ғылым жолына мені  әкелгендер деп Абай ағасы Халиолланы, әжесі Зерені, орыс достарын атап кеткен. Ал, Шәкәрім шәкірттік ризашылығын атасы Құнанбайға, ағасы Абайға білдірген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза бастайды.

«Мынау Абай бір ғалым жол шығарлық

...Кісі емес, ескерусіз бос қаларлық»,- деп жазады ол алғашқы өлеңдерінің бірінде. Бірақ жасында шығармалық еңбек жазумен онша әуестенбей, Шәкәрім ел ішінің жұмыстарына көбірек айналысады, оқиды, ел аралайды, жылқы бағады, аңшылықпен айналысады, ауыз әдебиетінің байлығынан үйренеді, тарихи деректер жинап, кейін шежіре жазады. Оның жазушылыққа біржола ден қойып кірісуі қырық жасынан, яғни 1898 жылдардан басталады.

Шәкәрім Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиетіне көз жіберді. Пушкин мен Толстойды, бертінде Некрасовты ұстаз тұтты. Ол Шығыс әдебиетінен Қожа Хафиз, Науаи, Физулиді жоғары бағалады. Ол «Дубровский» аудармасының алғы сөзінде былай деп жазған:

Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,

Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.

Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,

Қожа Хафиз, Науаи Физули бар. – деп Пушкин мен Толстойды Абай қандай сүйсе, Шәкәрім де сондай сүйеді.

  • Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылады. Белгілі абайтанушы М. Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – тарихи жаңалық.

Ақылбай, Әріп, Уәйіс, Әубәкір, Бейсембай, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім – Абай мектебінің мақтанашы, жаңашыл, ойшыл, ағартушы, тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен, жасымен, рухымен ұстазына ең жақын болған – Шәкәрім.

Шығармалық өнерінде Шәкәрім Абай қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған. Барлық шығармаларының идеясы қазақ қоғамын еңбекке, мәдениетке, адамгершілікке, әділдікке шақыру болады, адал махаббатты жырлайды, әлеуметтік теңсіздікті сынайды, соның ішінде әсіресе әйел теңдігінің жыршысы болады, әйелдерді кем санап, тағылық, деспоттық жасаушыларға қарсы шығады. Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, карасөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз  қырлылығы. 


http://abai.kz/post/view?id=7695

...