Сакен Суханов 4 мамыр 2012 сағат 12:51
Бір күні, бір турнирда, бір қызық жағдай болған болатын. Шымкенттің бір командасымен қарсы ойнау маған бұйырыпты. Ойын әлі басталған жоқ, позиция анықталды. Өмірімде бұл кісілерді бірінші рет көріп отырмын, оларда мені. Жаңағы әлгі команданың лидері осыдан бір ай бұрын Алматыға келіп, бір турнирға қатысқаны жайлы баршамызға гүлдене мақтанып айтып отыр. Ол кісінің сөзіне құлақ салатын болсақ, бір ай бұрынғы қатысқан дебатында Суханов Сәкенді жеңген болатынмын деп мақтанып қоймады. Бірақ, алдында отырған шын Суханов Сәкенді, яғни мені, танимай отыр. Тағы да аузы көпіріп қоймады, Сухановты жеңдім деп! Аудиторияда отырғандар мені таниды, бірақ әлгі кісінің өтірік әңгімесіне аудиторияның шегі қатып жатыр!!! Барлығы әлгі кісіге күліп жатыр! Ол кісі қайдан білсің, Суханов Сәкен дәл алдында отырғанын?! Бас спикердің екі езуі екі құлағында! Ойын басталды, бас спикер менің аты-жөнімді керемет ырғақпен айтып ортаға шақырды. Әлгі шымкенттік кісінің екі көзі "банка" болды!!! Қып-қызыл болып, ойын бойы ұялды!! Ойын біткеннен кейін маған келіп, кешірім сұрады. Міне, сіздерге қызықтардың бірі!
Сакен Суханов 4 мамыр 2012 сағат 16:22
2011 жыл "Азаматтың" ішкі турнирі. Нұрбек екеуміз бір фракция. 3-ші раундтың сеткасы жарияланды. ҚазҰУ-дың егіздеріне қарсы ойын басталды. Төреші Руслан Желдібай. Қарар : "Әкімдерді сайлау туралы" екен. Жеребие тасталды. Біз үкімет. Қысқа формат. Дайындыққа бар жоғы 5 минут. Қағазға қарардың басын жазып алдым да Нұрбек екеуміз дәлізге шығып кеттік. "Мозговой штурм" басталды. Нұрбектен қарарды сұрағанда саяси деп қояды... Қарарды құрып жатырмыз. Уақыт бітті. Ойын басталды. Мен шығып алып кейсті ұсынып жатырмын. Соңғы 30 секунд қалды. Егіздер қыбыр-жыбыр. Нұрбек қағазға "құндылықты" деген сөзді жазып көрсетті. Мен не ол деп қоямын?! 2 секундтан кейін Нұрбек "құндылықты ғой" деген жазуды көрсетті. Сөйтсем, қарар құндылықты екен. На месте ручникті тартып, 180 градусқа бұрылып, 30 секундтың ішінде кейсімді тап-таза қылып құндылықты қылып шығардым. Егіздер ан-тан! Нұрбек риза, менде риза. Ойын ары қарай жалғасты. Егіздер шырылдап жатыр. Нұрбекте ұят жоқ, олда былқ етпей ойынды құндылықты ғой деп жалғастырып жатыр.Ойын бітті.Жұрт риза! Міне, осындай қызық болған болатын. Енді қарарды шатастырмайтын болдым!!!
Ерболат Мухамеджанов 4 мамыр 2012 сағат 21:17
Тақырып 1. "ҚазАгроФинанс".
Естеріңізде болса, "Азамат" бағдарламасында Азамат және Алматы қаласының ЖОО жобасы басталған еді. Соған Бегалы Сая екеуіміз универдің атынан шығатын боламыз. Тақырып Ауылшаруашылығына байланысты еді. Азаматта ол кезде редакторлар сарапшылармен кездесуге телефон номерін беретін. Бізге сонымен ҚазАгроФинанстың басшысының телефон номерін береді. Мен түнде звондап таңертеңге кездесуге келісіп қоямын. Ол кісі адресті айтады. Республика-Кенесары деп. Таңертең Сая екеуіміз такси ұстаймыз. Бірінші такси келеді, мен "Аға, республика кенесары" деймін. Ол басын шайқайды да кетеді. Келесісі келеді дәл солай істейді. Сөйтіп бес алты машинаны өткіздік. Сосын Сая сен адресті қате сұраған шығарсың деп қайта звондайды. Сая "Аға, сәлеметсіз бе. Адресті қайта айтып жібересіз бе" дейді. Ол кісі" қалай соныда білмейсіңдерме? Хабардан тура түсесіңдер" дейді. Сая ұялды ма әйтеуір жарайды жарайды деді. Сосын қайта такси ұстаймыз. Он ба жиырма ма әйтеуір көп таксиді өткіздік. Бәріне түсіндіретініміз Республика алаңы, қасында сулпак бар, Кенесары қиылысы десек, алаңда сулпакта, кенесары көшесіде жоқ дейді бәрінің айтатыны. Қайта звондау ұят. Уже жындануға сәл қалдық))). Бір кезде құдай оңдап, бір такси келді))). Оғанда ақша керек сияқты тұрды да ай бірнәрсе қылып тауып алармыз, отырыңдар деді. Біз мәз))). Алаңға барамыз. Бірақ таксиден түспей тұрып звондаймын ғой. "Але аға, біз Республикадан өттік. Кенесары қай жерде деймін ғой." Ол кісі:"Сулпакты көріп тұрсыңдар ма?" Мен:"Жоқ, бірақ біз алаңнан өтіп, фурмановада тұрмыз деймін."Қандай фурманов?"мен: "Аға ол Алматы1 әлде Алматы 2 дема деймін ғой)))) " ана кісі:"сендер алматыдасыңдар ма? мен астанадамын ғой дейді))))" мен:"иә Алматыда". мен дауысын шоферда, Саяда еститіндей "громкоговорительге" қойған едім. Он-жиырма секунд үнсіздік. Ал сосын мына жақта біз тарқылдаған күлкі, арғы жақта ол кісілер бүкіл офисімен бірге күлді ғой деймін))).....
Сондайда кездер өткен. Ол кісі бізге шай қарыз болды сосын)))). Біз Алматыдағы офистегі Ержан Шарипович деген кісімен барып жолықтық))))
Сәттілік!
Ерболат Мухамеджанов 4 мамыр 2012 сағат 21:18
Тақырып 2. "Эфиопия"
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің турнирі болып жатқан кез. Руслан Желдібаев екеуіміз. Полуфинал. Қарсылас Көкшетаудың командасы. Тақырып: "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің қызметін реттеу." Болды. Ал турнир басталмас бұрын Руслан интернетке кеткен материал алып келемін деп. Бір кезде турнирге қырық бет Эфиопия мемлекеті туралы мәлімет қана алып келіпті. Менде көңіл күй жоқ. Мұны қайтеміз десем,қазір прикол болады біз үшін и біз жеңеміз дейді))). Е қалай деймін ғой. Тақырыпта қай мемлекет алынуы керек екені көрсетілмеген дұрыс па дейді. Иә содан. Біз Эфиопияға тарылтамыз дейді. Құдай оңдап біз үкімет. Бір жағынан қарсы команданы аяйсың ішіңнен. Сөйтіп турнир басталады. Руслан шығады да Қазақстанда жағдай керемет, бәрі жақсы жұмыс істеп жатыр. Ал Эфиопияда дейді. ))) Жағдай қиын дейді де. Олардыкін сынап. Біздің модельді соларға енгіземіз ғой. Олардың халқының санын, қанша министрлік бар екенін бәрін білеміз)))). Қарсы команда капут. Төрешілердің бәрі бізге беріп қызық болған. Енді секретті аштым. Сол кездегі қарсы командадан кешірім сұраймын.
Сәттілік!
Ерболат Мухамеджанов 4 мамыр 2012 сағат 21:18
Тақырып 3. "ENUCUP 1."
Бірінші курс кезіміз. Бізге хат жібереді университетке. Университетте Русланның ағасы сол кезде проректор. Бізді жібермейді. Әуезге барамыз. Бізге бірнәрсе қылып ақша алып берші. Өздерің білесіңдер ғой. "Новичоктардың" наглый болғанын шалдар жақтыра бермейді))). Сосын ол да алып бермейді. Баратындар: Шалқар, Руслан, Асқар, Мақсат,мен. Дәл сол кезде халықаралық істері жөніндегі біздің проректор Бақытнұр Отарбаева болатын. Ол кісіге барамыз ғой Тәрбие ісі жөніндегі проректормен сөйлесіп ақша алып беріңізші деп))). Бірақ тым кеш болатын. Турнирге екі күн қалған еді. Ол кісі барады жауап жоқ. Сосын келесі жолы ертерек маған келіңдер дейді. Сонымен бізде қайтпас қайсар мінезбен, ертеңінде бесеуіміз Сайранға барамызда, әрқайсымыздың қалтамызда бар жоғы он мың теңгеден. Барған соң достардыкіне немесе Ақ Орданың алдына барып жатамыздеп қоямыз әзілмен. Сабақтан қашқанский))). Сайранда барсақ Астанаға билет жоқ. Қарағандыға бар екен. Қарағандыға билет алып аламыз. Күтіп отырмыз автобусты. Бір кезде Русланға звондайды. Сөйтсек проректор ағасы))). Сайранға келген. Мұхамеджанов екеуің оқудан шығасыңдар, ертең Ректорға кіреміз. Немесе сендерді ҚазҰУға ауыстырамын дейді.(((. Бізде көңіл күй жоқ. Русланға жынданып жатырмыз))). Сосын билетті өткізіп. Бөлмеге барып екі күн бойы сабаққа бармай қойғанбыз Нархозға ренжіп)))). Эхххх)))) Пікірсайыс үшін не істемедік достар)))
Сөйткен ЕНУдың үшінші турниріна барып екінші орнын алдық ақыры Руслан екеуіміз.)))
Сәттілік!
Ерболат Мухамеджанов 4 мамыр 2012 сағат 21:52
Тақырып 4. "Нархоздағы нашақорлар"))) құдай сақтасын.
ҚазҰПУ республикалық турнирі. Сетка ашық. Біздің бірінші ойынымыз, ҚазҰУ Айсәуле Әбділдаева мен Айдос Алтынбекке қарсы. Төреші Есбол. Тақырыптарға шынын айтайық мүлдем дайындалмағанбыз(((... Екінші курс кезі ғой деймін. Бірінші тақырып: БП нашақор жастармен күреседі әлде нашақорлықпен бе солай. Біз үкімет))). Дайындыққа міндетті түрде он бес минут аламыз. Шығамызда тарылтамыз дейміз. Енді тақырыпта ҚР жоқ қой))). Сосын Нархоздың студенттеріне дейін тарылтамыз. Ажжж))). Маңыздылығы біз ғалым емеспіз. Біз өз университетіміздің патриоттары. Әркім өзінен бастау керек дегендей))). Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста дейміз бе әйтеуір солай))). Пафос мықты өтті))). Команда да, төрешіде ауыздары ашылған и көрермендерде))). Бір қызық нәрсе дәл сол кезде біздің ойынды түсіруге Хабардың журналистері келген))). Бізге де бәрібір бастап кетеміз солай))). Нархозда тратата 30 студент нашақор. Олардың екеуің пікірсайыс клубына Руслан екеуіміз арнайы шақырамыз дейміз. Сосын дебатер деген білесіздер кез келген адамның ойын өзгерте алады даже нашақордың дейміз)))). Сосын радио орнатамыз ба Нархозға))) әйтеуір істемейтініміз жоқ))). Сосын Айдос шығып айтады. Былтыр Руслан айтқан бізде жетпіс нашақор бар деп деп олда өтірікті соға салады. Мен қайта шығып айтамын. Сол міне біздің арқамызда азайып келе жатыр деп))). Сонымен ойын бітеді))). Ашық сетка дегенді "видимо" Есбол түсінбеген. Кім жеңгенін бірден айтады. Сөйтіп біз жеңдік))),. Қарсы команда жынданып кеткен)))). Біз мәз. Хабарға барып айтамыз мынаны көрсетпеңіздер деп. сөздерін әрине. Кейде ойлаймында егерде сол кезде оппозиция газеттері болса бірден Нархозда отыз нашақор бар екен деп шығарушы еді. Құдай сақтады деген осы)))) Онда шыныменде ҚазҰУға ауысар едік)))). Осылай Нарша))).
Сәттілік!
Нуржан Абдразаков
Вольтердың сөзі
Кушебаев Жасулан деген жігітпен ЖасОтан турниріне қатысып жатырмыз! бірінші раунд. Көрермен ретінде НұрОтаннан бір үлкен ағашка қатысып отыр. Оппозициямыз. Жасұлан маған тез арада "философия" ойлап тап дейді. Мен тез ойланып "Сенімділік ол тұрақтылыққа апаратын тура жол" деп шығарып бердім. Жасұлан шығып "Ал,енді біздің философиямыз әйгілі француз философы Вольтердың сөзі СЕНІМДІЛІК ОЛ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ" деп қоя берді.Оны естіген мен күлкіден жарылайын деп отырмын. Форумға сөз берілген кезде бағанағы ағашка "Негізі Вольтер керемет кісі ғой, Вольтердің өзі де керемет сөзі де керемет,оған қалай қарсы шығасың " демей ма, ал енді мен іше сілем қатқанша күлгенімді ай)))Төреші ала көзбен қарап отыр,Ағашка дым түсінбей отыр,күліп отқан жалғыз мен. Жасұлан серьезный вид ұстап алған,күлмейд,партаны ұрып отыр,Сараптамада тағыда қайталайд))Ойын біткенше күлдім. Сөйтіп, менің сөзім Вольтердің сөзіне айналып бір қызық болған)
Astana, Parasattyn turniri-2012
Dauren jane men, Astanalyk Bakytjan men Aituganga karsy
Takyryp: mektep bardarlamasynan kerek emes bir pandi alyp tastau kerek
biz ukimet.
Soitip Dauren ketti, bizdin keisti usynyp. agyl6yn tilin alyp tastaityn boldyk. kazak tilin uirene almai jatkanda, bastauy6 synyptarda agyl6yn tili kerek emes dep argumentter keltiremiz. Soitip Dauren bir mysal kelitredi, Kanadada eki memlekettik til bar: agyl6yn jane francuz, eki memlekettik tili bar tipti Kanadada tek Kvebekte gana mektep bagdarlamasy eki tilde juredi, al kalgan aumagynda tek agyl6yn tilinde deidi. Soitip karsylykka Bakytjan myrza 6ygady, 7.30 min boiy bizdin keisti kulatyp alek, songy 1-minutynda oz keisin kura almady, al takyryp kundylykty bolatyn, mindetti turde usynylu kajet bolatyn! bir kezde Kanada jaiynda aitylgan mysalga mynandai karsylyk keltiredi: '' Kanadada 2 til emes, 3 til: francuz, agyl6yn jane american" deidi. Ony tusinbegen eki Semeilik tore6i bastaryn izep otyr. Men 6ygyp aitam: american tili degen narse jok, tek agyl6yn tili 2-ge bolinedi: british and american version'' dep. Parlamentarii du kulkide. Oiynnyn natijesinde biz utylamyz, al karsy top, american tili bar dep janalyk engizgen jane Parasat klubynda juretin TEK FORMAT degen erejesine oz keisterin usynbau arkyly karsy 6ygyp, eki SEMEILIK tore6ilerdin arkasynda jeniske jetedi.
Soitip dostar, DO YOU SPEAK AMERICAN?????
Saken Sukhanberli
2010 жылғы бірінші ТЕО КАП. Өте қызық турнир болатын, себебі жұма күні басталды. Нұрбекпен тағы да бір фракцияда. Сенбі және жексенбі күндері Астанада ЕНУ КАП. Астанадан хат өте кеш келді. Приказ жұма күні шығу керек болатын. Бірінші күні 5 немесе 6 раунд болды. Әдеттегідей көп раунд қою Нархоздың стилі. Алғашқы екі раундты Нұрбек екеуміз ойнадықта, Нұрбекті приказдың мәселесімен Политехқа жібердім. Негізі Нұрбек 1 сағаттың ішінде келу керек еді. 1 сағат өтті Нұрбек жоқ. 3 раундты Нұрбексіз ойнадым. 4 раундта Нұрбек тағы да жоқ. 5 раундта да жоқ. 6 раундта да Нұрбек жоқ. 4 раундты өзім ойнап шықтым. Солай бірінші ойын күні Нұрбексіз өткіздім. Приказға қол кешкі сағат 7де қойылды. Астанаға билет жоқ. Ақыры Нархоздың турниріне қалуға тура келді. Сонына дейін ойнадық. Ақыры ТЕО КАПта 3 орынға және жылдың ең үздік дебатерына ие болдым. Ең қызығы құрметті оқырман,әлгі бірінші күні 4 раундта Нұрбексіз ойнадым, бірақ турнирдің марапаттау рәсімінде ТЕО КАП 2010 жылдың ең үздік спикері болып Нұрбек атанды. Өзім таң қалдым!!! 2 ойынға қатысып, үздік спикер атануға болады екен)))
Gulzhadyra Bekenova
UIB-дің алғашқы турнирі болатын, меніңде турнирлерге бірінші шығып жүрген кезім еді. "Фаворит" фракциясы болып, қасымда әріптесім, құрбым Алтынай Ауанова болатын. Сол турнирдің, қателеспесем 3-ші раундында Ерболат аға мен Дәуренге қарсы ойнадық. Қарар: "Б.П Полигамия ақталады д.е". Енді қыздар ретінде іштей келіспейміз. Енді үкімет ретінде ойнауға тура келді. Ерболат аға қыздар Фанмен ойнайықшы деді. Жарайды, жақсы болды ғой деп кейсімізді фанға негіздедік. Бірақ Фан деген қарсыластарымыз "трагедия" қылып жіберді. "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші біздің дауымыз қарардың өзектілігі болды. Мен өзектілікті айтуды ұмытып кетіппін, сөйтіп Ерболат аға соны келіп айтты, одан кейін менің әріптесім шығып егер қарар өзекті болмаса, Айтолқын ханым турнирде қоймас еді деп айтып еді, Дәурен шығып, ол тақырыпты Айтолқын өзектілігін білу үшін қойды дейді. Сонымен, берілген уақыттың жартысы бұл тақырыпты Айтолқын не үшін қойды соған ұласып кетті. Әртүрлі қызықтар көп болды. Ең қызығы сараптамада Ерболат аға "Ағайынды" фильмінің саундтрекін 1 минут бойы тыңдатып қойды. Сондай, қызық ойын болған:)
Ильяс Даулетин 8 маус 2012 сағат 1:17
ОДан кейн тагы бир команда келди сойтсе бизди Семей 3 деп атап алыпты биз телефон шалсак ешким алмайды озимиз аз да емеспиз бар жогы 12-ак адам сонымен турып турып Берик пен Куанышка хабарласып 2 патерли болмеде жаткан 8 адамнын устнен 12 адам бардык сойтип журип оз патеримизди тапканша 10нан кетти гидымыз кеттик кеттик деп апыл купыл кетип калдык барып 2 раунд ойнадык кайта калган фракциаластарымыза сати тусип автомат тусти тамактанып алды ал биз Салауат 1 али журмиз бир уактта обед жок деді одан кейнги раундта есенгреп не деп жатканымды озим тусинбей айтеур ойнап шыктык келеси жылы Улжан мен Нарша Миндетти турде болады деп ойлаймын)))
Бектiлеу Оразбаев 26 қараш 2012 сағат 12:55
DB Cup 2012-де барлык катысушылар кубокты Дидар мен Абилхайырга алдынала берип койган еди... бирак турнирде 5 команда 4 жениспен шыгып Дидарлар 3 жениспен онын ишине илине алмай калган еди... жане спикерлик балл бойынша Самат пен Наилянын фракциясы полуфиналга оте алмай калып, 108 балмен Улжан жане 107,5 балмен Үміт ЛД-ға шыккан болатын... Турнирде ойын бойынша ен жогары балл алган Үміт Мұратқызы! 29,5! Кейсты толықтай әріптесі екеуі өлең жолдарымен қорғағаны үшін))))) қарар: БП өзін-өзі мақтайды)))
Бекарыстан Аманжолов 21 қаң 2014 сағат 13:56
Ең алғаш республикалық турнирім болса керек. Қызылордаға дебаттың жілігін шағып, майын ішіп жүрген атқа мінер пікірсайысшылар келді. Содан 9 сыныбымда Тараздың тарландарымен(Серікбол Берікқожа, Бекжан, Гука), Алматының алыптарымен (Сәкен Суханов, Нұрбек өкінішке орай фамилиясын ұмыттым, Рашид, Диас, Айдос, Ғалинұр, Айданалар, Дастан Нархоздан) тағы сол сынды көптеген мықты ойыншылармен додаға түстім. Бірінші күні сағат 9:30 да ортаға Сәкен Суханов шығып, Л/Д форматын үйретті. Қатты қызықтым және тым болмаса сол ойынды бір рет ойнасам екен деген ой келді. Кешке Үздік 16 спикер ортаға шықты. Содан І орынмен Алматы Политехінен келген Айдос шықты. Ал мен 16 орын 100спикерлікпен өттім. Алғашында қатты қуандым. Бірақ І ойыным І орынмен өткен Айдоспен болды. Қатты састым, себебі ол тәжірбиелі ойыншы ғой. Ал мен енді ғана тұсауы кесілген, тәлтіректеп жүрген баламын. Алғашқы тақырып "Тік тұрып өлгенше тізе бүгіп өмір сүрген артық" болды. Дуглас болған мен дірілдеп сахнаға шықтым. Алайда шыққан соң Л/Д -ның кереметін сезініп, ашылып бір төгілдім. Содан ұтылсам да, абыроймен ұтылдым ғой деп үлкен залға кірдім. Бір кезде ұтқан 8-дікті хабарлады. Біздің ойынды мақтап кеп, 1/4ке Аманжолов Бекарыстан өтті дегенде қатты састым, алайда қуанышты жасыра алмадым. Бірақ қуанышым көпке созылмады, себебі ендігі қарсыласым анау-мынау емес дебатта Құбыжық атанып жүрген Серікбол болатын. Тарих бос сөз-оны жасаушы біздер тақырыбында болған ойында мен тағы Дуглас болдым. Бағыма орай, қызық болғанда азулы бұл ойыншыны да жеңіп, жартылай финалға өттім. Менің қуанышымның шкаласы 100ден асып, бұдан артық ештеңе қажет емес дедім. Содан жартылай финалда Нұрбекпен түстім. Бұл кісіні бірнеше рет Азамат телешоуында көргенім бар еді. Ондай кісімен қалай ғана ойнай аламын деген ойдың өзі маған жеңілдің деп тұрды. Көп сүйе білсең, сұлудың өзі сүйкімсіз болып көрінеді тақырыбы маған тағыда жеңіс сыйлап, ақыры финалға өттім. Қызығы мынада, таң ертең маған формат үйретіп, қол жетпес биік тұғыр көрінген Сәкен Сухановпен ақтық мәреде ойнадым. Әрине, жеңілдім, дегенмен ІІ дәрежелі Үздік спикер болыдм. Алайда дебаттағы ең қызықты һәм ең пайдалы болған, мен үшін ең үлкен шеберлік сынып осы турнир болды.