+1 дауыс
11.2k көрілді
Қызықты, күлкiлi, қорқынышты, мұңлы болған оқиғалар жазыңыздаршы(бiрақ ертегi емес).

6 жауап

+1 дауыс
Бұрында біздің үйде газ тұрған жерде линелюм өртеніп кете жаздады анам байқап қалды әйтпесе бүдж жарылып кетер едік міне қорқынышты
+2 дауыс
Күндердің күнінде бір адам Мұса алейһиссаламға келіп:
-Ей Мұса, мен үшін бір дұға етсеңіз жануарлардың тілін түсінетін болайын, олардан өзіме сабақ алып, жақсы адам болар едім-деп өтінеді. Сонда Мұса алейһиссалам:
-Сен үшін осы халің қайырлы (жақсы), көтере алмайтын жүкті арқалауға тырыспа-деп жауап береді. Бірақ әлгі адам айтқан тілді алмай, қайтпай тұрып алады:
-Ей Мұса нең кетеді, ең болмаса есігімнің алдындағы итпен қоразымның тілін түсінетін болайын- деп жалынады. Соңында Мұса алейһиссалам дұға етеді. Әлгі адам қуанып үйіне қайтады. Ертеңіне қызметшісі дастархан даярлап жүргенде қолынан нан түсіп сыртқа домалап кетеді. Қораз жүгіріп келіп нанды шұқып жей бастайды. Оны көрген ит:
-Ей қораз, істеп тұрғаның дұрыс па? Сен бидай, арпа да жей аласың, мен болсам наннан басқа нәрсе жей алмаймын. Сен не үшін менің ризығымнан жейсің?- деп қоразға ашуланады. Қораз:
-Дұрыс айтасың, бірақ сен абыржыма, ертең қожайынның есегі өледі, сонда сен де жақсылап тоясың- дейді. Мұны естіген адам дереу есегін сатып жібереді. Ертеңіне не айтар екен деп тағы да итпенен қоразын тыңдауға кіріседі. Ит қоразды жазғыра бастайды:
-Есек өледі, менің қарным тояды дегенің қайда?- дегенде қораз:
-Есек өлді бірақ басқа жерде өлді. Бірақ сен еш абыржыма ертең ат өледі, нағыз тоқшылықты сонда көресің-дейді. Адам дереу атын сатып жібереді. Жануарлардың тілін білгені өзі үшін олжа болғанын ойлайды. Ертеңіне тағы барып итпен қоразды тыңдайды. Ит тағы қоразды сөге бастағанда, қораз:
-Мен өтірік айтқаным жоқ. Ат өлетін еді егер қожайын оны сатып жібермегенде. Бірақ сен еш қам жеме, ертең қожайынның ең қадірлі қызметші құлы өледі, халыққа ас беріледі, бәріміз де тоямыз- дейді. Мұны естіген адам, қызметші құлын да сатып, тағы да тыңдауға келеді. Бұл жолы ит қатты ашулы еді. Қанша күннен бері алданып жүргенін айтқанда, қораз:
-Мен өтірік айтпадым. Құл өлді бірақ басқа жерде өлді. Өйткені иеміз оны сатып жіберді. Бірақ одан еш пайда көрмеді. Өйткені бірінші бәле есегіне келіп, содан иеміз бұл бәледен құтылар еді. Оны сатқанында бәле атқа келді. Атын сатқанда бәле құлына келді. Құлын да сатқаны үшін енді бәле өзіне келді. Ертең иеміз өледі, осылай бәріміз де тоямыз-дейді. Мұны естіген адам өкініп, ақымақ басын сабалай жөнеледі. Бірақ болар іс болған еді...

Хазіреті пайғамбарымызға қарсы жаман сөздер айтатын бір әйел бар болатын, пайғамбарымызды ұнатпайтын. Бір күні бұл әйел бір ұл босанады. Баласы 2-3 айлық болған кезде баласын алып көшеде кетіп бара жатқанда пайғамбарымызға кездеседі. Әйел тағы да әдепсіздік жасауға дайындалады. Бірақ, одан бұрын құндақтағы сәби сөйлей бастайды. Ол пайғамбарымызға қарап,
– Ей, Аллаһтың расулы. Ей, Абдуллаһұлы Мұхаммед алейһиссалам, саған сәлем бердім,-дейді. Әйел таңданып, сірейіп қалады. Пайғамбарымыз күлімсіреп, балаға:
–Ей, бала. Менің Аллаһтың расулы екенімді қайдан білдің? Менің атым мен әкемнің атын саған кім үйретті?-деп сұрайды. Сәби күліп:
– Маған бұларды әлемді жаратқан Аллаһу та’ала үйретті.Ол қаласа,барлық нәрсені жаратады. Сосын біраз тоқтап тұрып былай дейді:
–Йа, Аллаһтың расулы. Мен үшін дұға ет, жұмақта сізге қызмет етейін. Пайғамбарымыз сәби үшін дұға етеді. Қуанған сәби былай дейді:
–Саған сенген және иман келтірген адам қандай бақытты. Саған қарсы келіп, күпірлік еткен адам қандай бақытсыз. Аллаһ оларды дүние мен ақыретте масқара етеді. Сосын сәби шаһадат кәлимасынайтып, сол сәтте жан тапсырады. Мұны көрген әйел дереу сол жерде мұсылман болды. Пайғамбарымызғажылап, жалбарынады:
–Мені кешір,йаРасулаллаһ. Босқа өткен күнәһар өміріме қатты өкінемін. Пайғамбарымыз әйелге қарап:
– Сүйінші, қазір бірнеше періштенің саған кебінді жұмақтан әкелгенін көрдім,-деді. Әйел бұл сөздерді естігеннен кейін баласы сияқты шаһадат кәлимасын айтып жан тапсырды...
0 дауыс
Ондай оқиғалар блогтарда көп. Мысалы, белгілі қазақстандық ЮВижн сайтында http://yvision.kz/community/records/last/
+2 дауыс
Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс-керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады. Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны үш ай бойы күнде аз-аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз-аздап берсе, осылайша оны келіннің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күмәнданбауы үшін енесімен өте жылы қарым-қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін де айтады. Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне ең дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәміледе болып, тамағына да аз-аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұдан былай үйде сыйластық лебі есе бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді: “Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сеніңбасыңдаеді. Сен оған жақсы мәміледе болған сайын, оның да саған деген ызасықұрметкеайналды. Осылайша сендер нағыз анамен қыздай болдыңдар.” “Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады” дегендері осы болса керек...
...
Бір патшаның баласы аттан құлап, мойын сүйектерін сындырып алады. Мойны пілдің мойнына ұқсап денесіне килігіп қалады. Басын бұру үшін бүкіл денесімен бірге бұрылып қарайтын еді. Еліндегі емшілердің бәрі қанша тырысса да оны емдей алмайды. Тек басқа елден келген бір емші ғана мойнын бұрынғы қалпына келтіріп, тамырлары мен сүйектерін жөнге келтіре алады. Егер бұл емші болмағанда, ханзада өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалар еді, бәлкім өліп кетуі де мүмкін еді. Ханзаданың жағдайы жақсарғаннан кейін, оны емдеген емші, ханзада мен әкесін көруге барады. Тым болмағанда «рахмет» деген алғыс сөз күткен еді. Жақсылықты түсінбейтін патша мен ханзада оған еш көңіл бөлмей, қарамай қояды. Емші өзіне көрсетілген бұл мәмілеге қатты ренжіп, патша мен баласы ұялатын жерде, дәрігердің өзі ұялып басы салбыраған күйде ол жерден кетіп қалады. Жолда өз-өзіне: «Егер мен оның мойнын емдеп, бұрынғы қалпына келтірмегенімде, бүгін менен жүзін бұра алмас еді» - дейді. Осындай жағдайға түскен дәрігер, патша мен ханзададан өш алуға шешім қабылдайды. Оған бір дәндер жібереді. Жанына мынадай хат жолдайды: «Ханзада мынаны бір ыдысқа салып өртесін. Шипалы және денсаулыққа өте пайдалы нәрсе.» Ханзада емші жіберген дәнді өртегенінде түтүнінен түшкіріп жібереді. Түшкірген кезде басы қайтадан қисайып қалады. Патшаның бұйрығымен әлгі емшіні ұзақ уақыт бойы іздегенімен еш таба алмайды. Емшіден кешірім сұрамақ болады. Бірақ амал нешік... Болар іс болған еді. Біздің де ертең махшар күні мойнымыз бүкірейіп тұрмауы үшін, Аллаһу та'алаға шүкір етуден бет бұрмауымыз керек...
+1 дауыс
Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарғашұлығымменкөміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді. Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемдішұлықтарыменбірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады: Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықтыдаалып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...
...
Анам және әкеммен циркке билет алу үшін кезекте тұрған едік. Сәлден соң кезегіміз жылжып билет кассасымен арамызда бір ғана жанұя қалған еді. Бұлардың 12 жасқа жетпеген 8 балалары бар еді. Баршылық ішінде өмір сүрмейтіні жағдайларынан белгілі еді. Үстеріндегі киімдері бағалы еместі, бірақ тап-таза еді. Балалар әкесінің артынан екі-екіден қол ұстасып, тәрбиелі түрде қатармен тұрды. Жүздерінен қуаныш, қобалжу сезімдері білініп тұрды. Пілдерді көретінін, қызықты, ерекше нәрселер болатынын бір-біріне айтып жатты. Бұрын соңды циркке бармағандары сөздерінен білініп тұр. Аналарымен әкесі мақтанышпен қол ұстасып ең алда тұрды. Кассир әкеге қанша билет керектігін сұрады. Әке: «Екі ересек билеті және сегіз балалар билетін беріңіз» деді. Кассир билеттердің құнын айтқанда анасының қолы әкенің қолын жібере салды. Басы салбырап мұңая түсті. Әкенің еріндері дірілдеп кассирге жақындай түсіп «қанша дедіңіз?» деп сұрады. Кассир билеттердің бағасын қайталап айтты. Ол кісінің оншалықты ақшасы жоқ еді. Енді балаларына бұрылып оларды циркке алып кіретін ақшасы жоқ екенін қалай айта алар еді?.. Әкем мұны сезіп қалтасынан 20 доллар шығарып жерге түсірді. Әкем жерге еңкейіп жатып әлгі кісіні түртті Кешіріңіз мына ақша қалтаңыздан түсіп қалды. деді. Кісі мән жайды түсінген еді. Әкемнің көздеріне қарап тұрып қалды. Әкем жерден алған ақшаны оның қолына ұстатты. Еріндері дірілдеген күйі Рахмет, көп көп рахмет мырзам. Бұл ісіңіздің мен және жанұям үшін маңызы өте зор деді. Цирктен кейін әкеммен машинамызға мініп үйге қайтқанымызда қуанышымыз бұрынғыдан да арта түсті деген екен...
...
Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп паркке қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні паркке алып баратына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүние жүзілік карта көзіне түседі. Картаны майдалап жыртып баласына егер картаны құрасаң сені паркке алып барамын деді де өзі іштей жақсы құтылдым-ау, ең мықты география профессоры да кешке дейін құрай алмас деп ойлады. Арада он минут уақыт өтісімен-ақ баласы жүгіріп келіп:
-Әке картаны түзедім, енді барсақ болады-деді. Әкесі алдымен сенбей барып көреді. Көргенінде таң қалып қалай түзегенін сұрайды. Сонда бала былай деп жауап береді:
-Маған берген картаның артында бір адамның суреті бер еді. Адамды түзеткен кезімде, бүкіл дүние жүзі түзеліп шыға келді!...
+1 дауыс
Таkеnzi дурыс айтат,мен 29.04.00 дуниеге келдим,бирак мамам мени сагат каншада туганын билмит,бирак менин кос агаларымды сагат каншада туганын билет,мине кызык осы.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
7 жауап
APOSTAL_KZ 20.01.2015 Достық сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...