+2 дауыс
42.4k көрілді

Өмірде болған қызықты оқиғалар

Бір күні Изекең мен Сәтмағанбет ақсақал «Қуаныш» колхозынан ат-шанамен шығып, жол жүріп келе жатады. Жол бойы Сәтекең әңгімені бірінен соң бірін қоздатып, жанындағы серігіне сөз бермей қояды. Сонда Изекең:
– Әй, Сәтмағанбет, тоқтат! Енді мен сөйлейін, аузым тоңып қалды! – деген екен.
 


– Құрманғали қонақ шақырып жатыр екен, бармайсың ба?
– Галошым жаңа, несіне барамын?!
– Голоштың не қатысы бар?
– Біреу-міреу ауыстырып киіп кетіп жүрер...
– Е, енді түсіндім, бұрын ескі голошыңды жаңасына ауыстыру үшін барып жүр екенсің ғой.
– Қымбатшылық заманда сақтанбасаң болмайды!

 

Төлегенді достары үйлендірмекші болады. «Қойыңдар түге, босқа шаршамаңдар» дегеніне қарамайды. Достары бірде сөйлес, таныс деп қонақ қыз келген бір үйге апарады. Ретін де келтіріп Төлеген мен қызды оңаша қалдырады. Төлеген:
– Қайда істейсіз?, – деп бастайды сөзін. Қыз:
– Наубайханада, – деп жауап береді. Төлеген:
– Бәсе, қайдан десем, бұрқыраған нан иісі сізден шығып тұр екен ғой! – депті. Қып-қызыл боп кеткен қыз үйден ата жөнеледі.


1936 жылы аталмыш колхоз Ақдөң деген жерге қауын, қарбыз егіпті. Мол да жақсы болып шықса керек. Жамай ол кезде колхозшы еді.
Жамекеңнің балалары ол кезде жастау екен. Қарбыз сұрап жылай берген соң, бірде түнде барып, жұртқа көрінбей, әкеліп бере қояйын деп бақшаға келіпті.
Қапқа үшеу-төртеуін салып, енді жүре беремін дегенде бір салт аттының келіп қалғанын көреді. Қас қылғандай айдың да сүттей жарық болмасы бар ма.
Жамекең қапты тастай салып, етпетінен жата кетіпті. Салт атты колхоздың төрағасы екен.
– Уа, кімсің?
– Жамаймын.
– Не қып жатырсың?
– Өліп жатырмын.
– Тұрсайшы.
– Өлген кісі тұра ма?!
Басқарма бұрылып жүре беріпті.

"Ауыл айтқыштары" кітабынан 

"Биылғы қызық оқиғалар" тақырыбына шығарма жазу?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз басыңнан өткен немесе жалпы әлемде болып жатқан оқиғаларды теріп жазуға болады.
Омырде болган сынып тастарым туралы
0 дауыс

2011 жыл, желтоқсанның жиырма тоғызыншы жұлдызы еді. Тағы да, мектепте жаңа жылдық концерт. Менің негізі, мектептерде, түрлі шараларда ән айтатыным бар еді. Жаңа жылдық концертке де бін ән дайындағанмын. Әннің аты: «Жаңа жыл». Сомен не керек, сол әнді айтатын болып үйден сөзін жаттап, ақ тер көк тер болып өлеңнің сөзін жаттағандай болдым. Дивидиге караоке дискіні салып жіберіп, 2000 мың теңгеге сатып алған микрофонмен «Жаңа жыл» әнін айтып күнде дайындалатынмын. Анам маған ән айтып жатқанда, қатемді түзетіп, былай айтасың, мына жерін былай айтасың деп, білгенін айтып отыратын. Бір жағынан ән айтуға анамның қосқан үлесі зор. Анамның арқасында біраз жаттығып қалдым. Үйде айтқанда өлең сөзін ұмытпай, әнді нақышына келтіріп орындап жүретінмін. Үйде дайындалған бір бөлек, мектепте дайындалған бір бөлек. Сөйтіп, желтоқсанның жиырма тоғызы да болды. Концерт кешкі жетілер шамасында басталды. Мен жаңағы «Жаңа жыл» әнін айтатын болдым. Концерт басталды, таяқ жерге тасталды. Жоғарғы сыныптың екі жақсы жүргізеді деген оқушылары сықиып киініп, қолдарына қара папкаларын алып қақшиып концертті бастап жіберді. Менің бір әдетім, өлең айтатын сәтім таяған кезде жүрегім лүпілдеп, қатты қобалжитынмын. Сонымен жүргізушілердің бірі: -Кезекті әсем әнді қабыл алыңыздар. Ән: «Жаңа жыл». Орындайтын: Бәленшеұлы Бәленше,-деп хабарлады. Қара костюм киіп алып, қызыл галстукты қақшиытп, қолдарым дір-дір етіп сахнаға қарай бет алдым. Залда көрермендер толып тұр. Ине шаншырлық жер жоқ. Ән басталды. Ішімнен «О Құдайым, әнді өз деңгейінде орындап шығайыншы»,-деп бір айттым. Сомен бірінші куплетті айттым, әрі қарай қайырмасы кетті, ән жүріп жатыр. Ал қызық енді басталды. Ішімнен екінші курлетті айтайын десем, ойыма түспей қойды. Ал, қырсық шалды деген осы. Әннің екінші куплеті басталуға санаулы секундтар ғана қалды. Мен болсам, екінші куплетті ұмыттымда қалдым. Ішімнен «Енді қайттым, не істеймін?»,- деген ойлар маза бермеді. Әй жәрәйді, екінші куплетті айта алмасам ұят болар,- дедімді ақындыққа бастым. Куплет басталды, мен ойдан жаңа жыл туралы сөздерді ұйқассыз аңыратып жатырм. Сондағы айтқан төрт жолым әлі есімде. «Жаңа жыл, жаңа жыл келді, Жаңа күн, жаңа күн келді, Құтты болсын, Жаңа жыл,құтты болсын, Ортаға шық билеңдер, кәне достар» ,- ал керек болса, дым ұйқассыз, қара сөзді өлеңнің әуеніне әрең деп келтіріп, қара терге түсіп, куплет біткенде «уффф» дедім. Мәз-мейрам көрермен, менің куплетті ұмытып, ойдан айтып жібергенімді де, байқамай қалды. Өйткені, көрерменнің өлең сөзіне қарайтын шамалары жоқ, барлығы мәз-мейрам болып отыр. Сөйтіп, өмірімде, ойдан төрт куплет өлең шығарып жібергенім бар. Өлеңде аяқталды. Барлығы қол шапалақтап жатыр. Басымды идімде сахнадан кетіп қалдым. Үйге келіп ата-аналарыма айтып едім, бәрінің тарқылдап күлмесі бар ма. Сөйтіп, жаңа жылды да өткіздік. Бұл оқиға ойымнан әлі күнге дейін кетер емес.

0 дауыс

Бұл оқиғалардың барлығы бір адамда демесек те, басымыздан ең болмаса біреуі өткені анық. Оларды оқып, естеріңізге түсіріп көріңіздер.

1. Өз-өзімізбен сөйлесіп тұрған кезде ұсталу

Елестетіп көріңізші, бір нәрсені бүлдіріп алып, артынша өзіңізге сөгіс жариялап жатқан кезде бөлмеге біреу кіріп келді. Ақымақ болып көрінуіңіз мүмкін. Адамдар өз-өзімен екі күнде бір, кейбіреулері, тіпті, сағат сайын сөйлеседі екен. Алайда бұл жақсы белгі. Өз-өзімен сөйлесетін студенттер оқуда жақсы баға алады екен. Зерттеулер нәтижесі, адам өзімен сөйлесу арқылы кез келген жағдайға дайын болатындығын көрсетіп отыр. Бұл көбіне мектеп жасына дейінгі балаларда көрініс табады.

2. Досыңызға бір оқиғаны екінші рет айту

Тыңдаушыңыз бір естіген оқиғасын қайта тыңдаған жағдайда іштей ашулануы мүмкін. Кейбіреуі «Айттың!» деп сөзді бөліп жібереді. (Оны бұдан көп уақыт бұрын айтқандығыңыз маңызды емес). Әңгімелесушіңізді бұл әрекетіңізбен мезі етіп жіберуіңіз мүмкін. Әрі ұқыпсыз екендігіңізді танытасыз. Зерттеулер, бұл оқиғаны бұрын-соңды айтқандығыңызды жақсы білетіндігіңізді, мәселе нақты кімге айтып бергендігіңізді ұмытқанда екендігін анықтап отыр. Қорықпаңыз, бұндай жағдайлар жалғыз сіздің ғана басыңызда емес.

3. Ұялы телефонды дәретханаға түсіріп алу

Телефонды қолдан түсіріп алу - бір бөлек, ал оны дәретханаға түсіріп алу - үлкен мәселе. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болмасын телефонын дәретханаға немесе су толтырылған ваннаға түсіріп алады екен.

4. Бір фильмді көріп қойғандығыңыз жайында өтірік айту

Немесе кітап оқығандығыңыз жайында. Өтірік айтуға себебіміз болмаса да, достарымызға бір фильмді немесе талқыланып жатқан кітапты оқығандығымыз жайында өтірік айтамыз. Бұл ақылды болып көрінуге тырысатындығымыздан болуы мүмкін. Бір қызығы ешкім жаңадан шыққан фильмді көргендігі туралы өтірік айтпайды екен.

5. Есікті керісінше ашу

Әсіресе, көпшіліктің көз алдында тұрып бұл әрекетті жасау қиындық тудырады. Архитекторлар мен дизайнерлер бірінші кезекте туындыларының көркем шығуын ойлайтындықтан, оның біздер үшін қолайлы болуын ескере бермейді. Ең қызығы есікті қай жаққа қарай ашу керектігі жазылып тұрса да, осы әрекетті қайталайтындығымыз.

6. Өлеңнің сөздерін шатастыру

Бұл көбінесе мектептерде әнұран айтып тұрған кезде байқалады. Біреулер «Ерліктің дастаны» деген жолдарын айтып жатса, екіншілері қайырмасында жүреді, үшіншілері, тіпті, аяқтап жатады.

Бір өлеңнің түрлі нұсқасы болатындықтан, оны түрліше айтамыз. Кейде сөздерін ұмытып қалсақ, өзіміз ұйқастырамыз. Сол ұйқастырған жалған мәтіндер жатталып қалады. Бұдан өзге адамдардың даусы бәсеңдеп, жоғарылаған сайын кейбір сөздерін түсініксіз естиміз. Алайда еріндерінің жыбырлағанына қарап нақты не нәрсені айтып жатқандығын ажыратып алу мүмкіндігіміз бар. Ал өлеңдерді кім айтып жатқанын көрмей, тек ғана тыңдайтындықтан, сөздерін шатастыруымыз заңды.

Бұндай оқиғалар сіздің басыңыздан өтті ме?

0 дауыс
Бір күні, бір турнирда, бір қызық жағдай болған болатын. Шымкенттің бір командасымен қарсы ойнау маған бұйырыпты. Ойын әлі басталған жоқ, позиция анықталды. Өмірімде бұл кісілерді бірінші рет көріп отырмын, оларда мені. Жаңағы әлгі команданың лидері осыдан бір ай бұрын Алматыға келіп, бір турнирға қатысқаны жайлы баршамызға гүлдене мақтанып айтып отыр. Ол кісінің сөзіне құлақ салатын болсақ, бір ай бұрынғы қатысқан дебатында Суханов Сәкенді жеңген болатынмын деп мақтанып қоймады. Бірақ, алдында отырған шын Суханов Сәкенді, яғни мені, танимай отыр. Тағы да аузы көпіріп қоймады, Сухановты жеңдім деп! Аудиторияда отырғандар мені таниды, бірақ әлгі кісінің өтірік әңгімесіне аудиторияның шегі қатып жатыр!!! Барлығы әлгі кісіге күліп жатыр! Ол кісі қайдан білсің, Суханов Сәкен дәл алдында отырғанын?! Бас спикердің екі езуі екі құлағында! Ойын басталды, бас спикер менің аты-жөнімді керемет ырғақпен айтып ортаға шақырды. Әлгі шымкенттік кісінің екі көзі "банка" болды!!! Қып-қызыл болып, ойын бойы ұялды!! Ойын біткеннен кейін маған келіп, кешірім сұрады. Міне, сіздерге қызықтардың бірі!
0 дауыс
2011 жыл "Азаматтың" ішкі турнирі. Нұрбек екеуміз бір фракция. 3-ші раундтың сеткасы жарияланды. ҚазҰУ-дың егіздеріне қарсы ойын басталды. Төреші Руслан Желдібай. Қарар : "Әкімдерді сайлау туралы" екен. Жеребие тасталды. Біз үкімет. Қысқа формат. Дайындыққа бар жоғы 5 минут. Қағазға қарардың басын жазып алдым да Нұрбек екеуміз дәлізге шығып кеттік. "Мозговой штурм" басталды. Нұрбектен қарарды сұрағанда саяси деп қояды... Қарарды құрып жатырмыз. Уақыт бітті. Ойын басталды. Мен шығып алып кейсті ұсынып жатырмын. Соңғы 30 секунд қалды. Егіздер қыбыр-жыбыр. Нұрбек қағазға "құндылықты" деген сөзді жазып көрсетті. Мен не ол деп қоямын?! 2 секундтан кейін Нұрбек "құндылықты ғой" деген жазуды көрсетті. Сөйтсем, қарар құндылықты екен. На месте ручникті тартып, 180 градусқа бұрылып, 30 секундтың ішінде кейсімді тап-таза қылып құндылықты қылып шығардым. Егіздер ан-тан! Нұрбек риза, менде риза. Ойын ары қарай жалғасты. Егіздер шырылдап жатыр. Нұрбекте ұят жоқ, олда былқ етпей ойынды құндылықты ғой деп жалғастырып жатыр.Ойын бітті.Жұрт риза! Міне, осындай қызық болған болатын. Енді қарарды шатастырмайтын болдым!!!
0 дауыс
Тақырып 1. "ҚазАгроФинанс".

Естеріңізде болса, "Азамат" бағдарламасында Азамат және Алматы қаласының ЖОО жобасы басталған еді. Соған Бегалы Сая екеуіміз универдің атынан шығатын боламыз. Тақырып Ауылшаруашылығына байланысты еді. Азаматта ол кезде редакторлар сарапшылармен кездесуге телефон номерін беретін. Бізге сонымен ҚазАгроФинанстың басшысының телефон номерін береді. Мен түнде звондап таңертеңге кездесуге келісіп қоямын. Ол кісі адресті айтады. Республика-Кенесары деп. Таңертең Сая екеуіміз такси ұстаймыз. Бірінші такси келеді, мен "Аға, республика кенесары" деймін. Ол басын шайқайды да кетеді. Келесісі келеді дәл солай істейді. Сөйтіп бес алты машинаны өткіздік. Сосын Сая сен адресті қате сұраған шығарсың деп қайта звондайды. Сая "Аға, сәлеметсіз бе. Адресті қайта айтып жібересіз бе" дейді. Ол кісі" қалай соныда білмейсіңдерме? Хабардан тура түсесіңдер" дейді. Сая ұялды ма әйтеуір жарайды жарайды деді. Сосын қайта такси ұстаймыз. Он ба жиырма ма әйтеуір көп таксиді өткіздік. Бәріне түсіндіретініміз Республика алаңы, қасында сулпак бар, Кенесары қиылысы десек, алаңда сулпакта, кенесары көшесіде жоқ дейді бәрінің айтатыны. Қайта звондау ұят. Уже жындануға сәл қалдық))). Бір кезде құдай оңдап, бір такси келді))). Оғанда ақша керек сияқты тұрды да ай бірнәрсе қылып тауып алармыз, отырыңдар деді. Біз мәз))). Алаңға барамыз. Бірақ таксиден түспей тұрып звондаймын ғой. "Але аға, біз Республикадан өттік. Кенесары қай жерде деймін ғой." Ол кісі:"Сулпакты көріп тұрсыңдар ма?" Мен:"Жоқ, бірақ біз алаңнан өтіп, фурмановада тұрмыз деймін."Қандай фурманов?"мен: "Аға ол Алматы1 әлде Алматы 2 дема деймін ғой)))) " ана кісі:"сендер алматыдасыңдар ма? мен астанадамын ғой дейді))))" мен:"иә Алматыда". мен дауысын шоферда, Саяда еститіндей "громкоговорительге" қойған едім. Он-жиырма секунд үнсіздік. Ал сосын мына жақта біз тарқылдаған күлкі, арғы жақта ол кісілер бүкіл офисімен бірге күлді ғой деймін))).....
Сондайда кездер өткен. Ол кісі бізге шай қарыз болды сосын)))). Біз Алматыдағы офистегі Ержан Шарипович деген кісімен барып жолықтық))))

Сәттілік!
0 дауыс
Əркім өздері жассын!!!!!
0 дауыс
Негізгі ищи жақсы екен барине
0 дауыс
Түкте қызық емес осы оқиғаны қорадағы қойларыңа айт
...