0 дауыс
73.1k көрілді
Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" шығармасына композицялық талдау?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жазушы, драматург Ш.Мұртаза өз шығармаларына тарихи оқиғаны өзек етіп алады. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес, себебі ол шындықты елдің бәрі біледі. Ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғырту, оқырманының жүрегінен өткізу нағыз талантты жазушының ғана қолынан келеді.

Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.

Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.


Дереккөзі.

0 дауыс
Таптыңыз ба? Тапсаныз міндетті түрде саласыз ба
...