+1 дауыс
16.8k көрілді
Шерхан Мұртаза Бесеудің хаты толық нұсқасын жазып жіберіңіздерші?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Бесеудің хаты»

1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында «ашатұяқ қалмаған» қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:

Ф. Ордер

Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар:

1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан – жазушы Ғабит Мүсiрепов.

2. Ал ендi Ғабеңмен бiрге хат мәтiнiн әзiрлеген Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ кiм едi? 1904 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Тайбұрат деген жерiнде дүниеге келген ол 1923 жылы Орынбордың рабфагында жазушы Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Бейiмбет Майлиндермен бiрге оқыған. Содан кейiн Мәскеудегi Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бiтiрiп, елде түрлi салада басшылық қызметтер атқарған Мұташ Дәулетқалиев хат жазылған тұста КомВУЗ-дың (кейiннен жоғары партия мектебi болған) ректоры қызметiнде болған екен. Голощекин қанша тiсiн қайраса да, олардың көзiн жойып жiберуге құдiретi жетпей, тек “оппортунистер” деп қудалауға ұшыратады. Сол себептi Мұташ ағамыз Арал қаласы парткомының бiрiншi хатшысы қызметiне “жiберiледi”. Одан қайтадан Алматыға келiп, Қазақ өлкелiк комитетiндегi мәдениет бөлiмiн басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетiне хатшы боп кетедi. Әйтеуiр, 1935 жылы Қазақстаннан кетiп, «көзi жоғалғанша» Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 1938 жылы Мүкең “халық жауы” деген жаламен ұсталады…1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озған.

3. Үшiншi тұлға – сол тұста Қазақ мемлекеттiк баспасының меңгерушiсi қызметiн атқарған Мансұр ҒАТАУЛИН. Ол 1903 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы Нысамбай ауылында туылған. Сол тұстағы құрдастары секiлдi ол да алғаш ауылдағы шiркеу мектебiнен сауаттанып, содан соң бiлiмiн Астрахань гимназиясында жалғастырады. Алғай-Ембi темiржол құрылысын салуға атсалысқан Мансұрды уезд бөлiмi 1925 жылы Саратов малдәрiгерлiк институтына жiбередi. Бiрақ отбасын асырау iсi жалғыз өзiне қарап тұрғандықтан, ол оқуын тастап, «Еңбекшi қазақ», «Лениншiл жас» газеттерiне мақала жазумен айналысады. Содан кейiн саяси iстерге етене араласқан Мансұр Тиатұлы да халықтың басына төнген қасiретке қарсы тұруды азаматтық парызына баласа керек. «Бесеудiң хатынан» кейiнгi бұл кiсiнiң тағдыры 1937 жылғы репрессияға ұласады. Сонда ату жазасына кесiлiп бара жатқан жанкештi азамат жанындағы өзiнiң серiктерiн нұсқап: «Бұлардың еш жазығы жоқ. Мен – жаумын. Менi соттаңдар, жалғыз өзiмдi. Бiрақ мен де халық жауы емеспiн, мен – өз халқымның жауының жауымын. Мен ондай дертке 1932 жылы аштықтан әбден ашынып, көздерi қарауытқан, сөйтiп, адамға пышақ ала ұмтылған халқымды көргенде ұшырағанмын», – деп салады. Бұл оның соңғы сөзi едi. Осыдан кейiн Мансұр Ғатаулиндi атуға алып кетедi.

4. Есiмiн көпшiлiк бiле бермейтiн әрi дерегi де аз «бесеудiң» бiрi – Емберген АЛТЫНБЕКОВ. 1904 жылы туылған бұл азамат жайлы қолдағы бар дерек – оның 1925 жылы Коммунистiк партияға мүшелiкке қабылданып, ал хатты жазған кезде Мұташ Дәулетқалиев басқаратын Коммунистiк жоғары оқу орнында оқу iсi жөнiндегi проректор болғандығы жайлы ғана дерек.

5. Қадыр ҚУАНЫШЕВ 1906 жылы туылған. 1930 жылдан бастап Коммунистiк партияның мүшесi болған ол дәл сол тұста Қазақ АССР Мемлекеттiк жоспарлау комиссиясының энергетика секторының меңгерушiсi қызметiн атқарыпты.

Қазақ тарихындағы алапат аштық кезеңiн арнайы зерттеген тарихшылардың бiрi де бiрегейi – Талас Омарбеков. «Бәлкiм, сол кiсiнiң қолында осы «Бесеудiң хатына» қатысты құжаттар мен авторлардың суреттерi бар шығар» деген оймен бiз ғалымға хабарластық.

БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа

...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...

... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?

 

Ғабит МҮСIРЕПОВ

Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ

Мансұр ҒАТАУЛИН

Емберген АЛТЫНБЕКОВ

Қадыр ҚУАНЫШЕВ

0 дауыс
Пролог Кремль. Сталиннің кабинеті. Сталин мен Рысқұлов Сталин. Неге біз жағдайды қазақстандағы Голощекиннен емес, Москвадағы Рысқұловтан білеміз? Неге сенен басқа ешкім ләм демейді? Рысқұлов. Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы Сізге жетпей жатыр. Сталин. Қалайша? Рысқұлов. Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам Сізге хат жазған. Бірақ... хат ұсталған... Екінші сурет Мүсірепов (аһ ұрып). Түсіндім, Нұр-аға. Нұсхан (домбыраны жантайып қоя беріп, бет орамалмен маңдайын сүртіп). Түсінсең, солай Ғабитжан. Киіз тауырлықты, қыл құйрықты ел едік. Ешкімге залалымыз жоқ еді. Еліміздің қырылып жатқанын өз көіңмен көрдің. Мүсірепов. Дәл сондай сойқанды мен Керекуден де өз көзіммен көріп келдім. Нәубет төнген сенің Торғайың ғана емес, бүкіл Қазақстан! Нұхан. Көрсең неғып жайбарақат отырсыңдар! Сені жұрт Голощекиннің қасында отырады дейді ғой. Неге айтпайсың көрген сұмдығыңды? Мүсірепов. Осының бәрін Қазақстан өкіметіне де, Мәскеудегі Сталинге де...е-е, Рысқұловқада жаздық білем... Нұхан. Ал?! Мүсірепов. Немен тынарын біліп болмас. Үнсіз қалу да жарамас. Лақ екеш, лақ та бауыздарда тұяқ серпіп қалмас па?! Нұрхан. Айналайын Ғабитжан-ай, тиген қойдай қырылып жатқанымызда, ақырып айқай салар азаматтар тумады ма осыншама халықтан деп күйіп – пісіп кетуші едім. Бар екенсің ғой, жарығым! Мүсірепов. Ақырып айқай салар азаматтар атаулының көбі аждаһа көрген қояндай бұғып қалып отыр ғой. Нұрхан. Сонда қалай, халық қырылса, қырыла берсін, өзім аман қалайын дегені ме? Мүсірепов. «Қыз күйінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деген бар емеспе? Жайшылықта бәрі де: «Елім, жерім» деп еңіреген болады, ал ел басына күн туғанда әлгі «әулиелер»-мүнә-фи-күн! Нұрхан. О не тағы? Мүсірепов. Оу, Нұр-аға, құранды судай судыратқанда, мұны қалай білмейсің? Құранның «Әлмүнәфикүн» деген сүресін оқымап па едің. Меккеден күрейштерді бастап шыққан Әбу Суфианға қарсы мәдиналықтарды Мұхаммед расул алып шыққанда, мәдиналықтардың бірсыпырасы Әбу Суфиан жағына сатылып кетпеуші ме еді. Оларды расул «Мүнәфикүн»- яғни «екіжүзділер» - дейтіні қайда? Нұрхан. Е, Ғабитжан-ай, біздің құарн білуіміз далбаса ғой. Жұрттың бәрі өзіндей ғұлама қандай болсын. Сонда басшылар арасында да «Мүнәфикүн» болғаны ғой? Мүсірепов. Со-лай-дағы. Хұсни. Ғабит, сені телефонға шақырып жатыр Мүсірепов. Кім?. Хұсни.Крайкомнан дейді. Мүсірепов. Жарайды.Әл-лө. Мүсірепов тыңдап тұр. Дауыс. Мен Голощекин жолдастың көмекшісімінн. Крайкомға тез жетіңіз. Бюро бар! Мүсірепов. Мезгіл түн ортасы болайын деп қалды, не-ғылған бю-ро? Дауыс. Тез жетіңіз, кезектен тыс бюро! Мүсірепов. Жәрайды. Мезгілсіз шақырған тауықтың басын жұлмақ керек. Хұсни. Түн ішінде хауіпті, бит.Қаңғыбастар қаптап жүр көшеде. Мен бірге барайын. Мүсірепов. Сен қорған болып қарық қыларсың. Көшенің бандиттерінен аңдығандар хауіптірек.Ал, сен мені олардан бәрібір қорғай алмайсың. Одан да ана кастюмды алып бер. Ал, шалым мен төбелеске кеттім. Нұрхан. Апыр-ай, тыныштық болсын лайым. Бәле-жаласынан сақтасын. Бармай –ақ қойсаң қайтеді? Хұсни. Иә, бармай-ақ қойсаң, а? Ауыроып қалды дермін тағы звандаса. Мүсірепов. Жердің астына кіріп кетсең де таптырып алады. Қорыққанмен жан қалмас. Осының бәрі қорқақтықтан. Хұсни. Жалғыз сен батыр болып кімді шабасың. Барма. Мүсірепов. Неге сонша үрпие қалдың? Одан да мейманға шәй бер. Мүсірепов. Әллоу. Дауыс. Жолдас Мүсірепов! Бюро сізге қарап отыр ғой. Қашанғы күтуге болады?! Мүсірепов. Тез жетсін десең машина жіберіңіз. Дауыс. Мүмкін, айдауылды қоса жіберу керек шығар?! Хұсни. Ерегестіре көрме, Ғабит... Мүсірепов. Жәрайды. Түзелер еді бұл заман... пейілі жаман пендені...кесте астына жер тартып... Жә, қорықпа, Хұсни! Үшінші сурет Крайком. Сол бұрынғы көрініс. Тек голощекин түрегеліп, ары-бері теңселіп жүр. Қолы дірілдеп графинмени су құйып ішпек болды. Стаканды ауызына апара беріп, ішпестен қайта қоя салды. Бюро мүшелеріне сүзіле қарайды. (177-180 бет) Төртінші сурет Сол бұрынғы кабинет. Тек отырғандар сіресе қалған. Голощекин-креслода. Әлдеқалай қобалжулы. Саусақтары дірілдеп, графинмен су ішпек болды. Бірақ иіскеп, ішпей қоя салды.(180-183 бет) Бесінші сурет Сол баяғы кабинет. Таң бозарып келеді. Үстел басында- бюро мүшелері, үстел қасында түрегеп тізіліп тұрған бесеу-Мүсірепов, Ғаттаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев. Он үшінші сурет Бюро. Түрегеп тұрған бесеу: Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев.(195-196 бет) Голощекин. Атыласыңдар! Бесеуің де атыласыңдар! Құрамысов. Атылады! Сотқа беру керек! Жантоқов. Бәрі де пантюркистер. Атылсын! Исаев. Инквизация болмасын. Социализм-инквизация емес. Орта ғасырға қайта оралмайық. Голощекин. Сандырақ! Социализмнің қас жауына аяушылық болмайды. Құрамысов. Партиядан шығарып, сотқа беру керек. Жантоқов. Атылсын! Голощекин. Не амал, сені ажалға қимай-ақ қоюға болар еді. Бірақ сен түзелмейсің. Саяси бүкір адамсың. Ал, бүкірді тек мола түзейді. Мүсірепов.Ал сіз саяси авантюрист адамсыз. «Кіші Октябрь», «Асыра сілтеу» бәрі авантюра! Елеусіз. Қарағым, Ғабит-ай, тым тіресе бермесеңші... Мүсірепов. Атам қазақ айтқан: «Шалқайғанға – шалқай, пайғамбардың ұлы емес; еңкейгенге-еңкей, әкеңнен қалған құл емес». Голощекин. Айттым ғой, саяси бүкір адамдытек мола ғана түзейді деп.Аттылсын! Мүсірепов. Атыңдар! Голощекин! Құрамысов! Жантақов! Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тірілгенде екі дүниеден де орын таппай қаласыңдар. Сендер сияқтылар бұрын да болған. Сендер сияқтыларға Данте айтқан: «Қара бетті аспан қарғап, тамұқ та оны қабылдамас» деген. Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады. Ал, сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар. Ал, атыңдар! Қатысушылар: 1. Ғабит Мүсірепов – жазушы 2. Голощекин – Крайкомның І секретары 3. Сталин – Генсек – (бас секторы) 4. Құрамысов – Крайкомның ІІ секретары 5. Иванов – Бюро мүшесі 6. Елеусіз – Бюро мүшесі 7. Жантоқов – Бюро мүшесі 8. Нұрхан – ақын 9. Күләнда – елдегі қыз 10. Рысқұлов – Совнарком председателінің орынбасары 11. Хұсни – Мүсіреповтың әйелі
0 дауыс
8. Нұрхан – ақын толык аты жонин айтасыз ба
...