0 дауыс
6.2k көрілді
"Сутек болашақтың отыны" атты тақырыпта шығарма керек?

1 жауап

0 дауыс

Сутекті  энергетика – бұл термохимиялық және электролиттік әдістермен сонымен қатар билогиялық процесстермен энергия тасымалдағыш ретінде сутекті алу. Келешекті жылу тасымалдағыш ретінде сутектің жылу шығаратын мүмкіндігі көміртекті отынға қарағанда 3 есе жоғары болады. Сутек – экологиялық таза отын, табиғи дәстүрлі отындарға қарағанда құрамында күкірт те, шаң да, ауыр металлдар да болмайды. Сутекті жандырған кезде сулы буға айналады. Осы жағдайларда жалғыз зиян байланысы азот оксиді болуы мүмкін, себебі ол ерекше жоғары температуралы жану кезінде атмосфералық азоттын тотығуынан пайда болады. Бұл зиян құбылысты салыстырмалы түрде кейбір катализаторлармен оңай оқшаулауға болады. Сутекті тек жаңғыш отын ретінде ғана емес, сонымен қоса әмбебап энергия аккумуляторы ретінде қолдануға жарамды, оны осындай әдіспен тасымалдауға және энергетиканың әр түрлі салаларында қолдануға болады. 

Оттекті алу үшін суды ыдыратудың әр түрлі мүмкіндіктері қолданылады: электрохимиялық, термохимиялық, фотоэлектрохимиялық. Сутекті алудың аталып өткен әдістерінен бөлек келешекте күн энергиясының түрлендіргіші ретінде фотосинтездеуші бактерия қолданылады. 

Сынақ көрсеткендей, 5... 10 % бензиге сутегін қосу түрінде сутегіні қолданудың тиімділігін арттыруға болады, таза сутегіні қолдану қозғалтқыштың жұмыс процесінің бұзылуына және N0 үлкен мөлшерінің бөлінуіне әкеледі, сонымен қатар үлкен мөлшерде сутегіні машинаның бортында сақтауды күрделірек етеді. Мұндай қоспа  қозғалтқыштың отын үнемділігін 20...25 %-ға арттырады, бензинді пайдалану шығынын 35...40 % - ға төмендетеді және СО бойынша пайдаланылған газдардың уыттылығы 15—20 есе, кқмір сутек бойынша 1,5-—2,0 есе және азот тотығы есебінен 10—15 есе төмендетеді.

Ғалымдар сутегі өндірісінің 20-30 есе ұлғаюын болжауда. Бірақ ешкім энергетиканың дамуына нүкте қоймайды. Дүниенің барлық ойшылдары атомдық энергетиканың көмегімен қазіргі көзді – сутегі және табиғи газды қолжетімді және арзан шикізатқа – суға ауыстыруды жоспалауда. Оны 2 тәсілмен жүргізуге болады. Судың электр механикалық ыдыратылуының көмегімен және одан да күрделі және су буының 3000-3500 C дейін  қыздырылуының аса белгілі емес әдісімен, оның нәтижесінде су молекулары өздігінен ыдырайды. Бірақ бұл әдістер табиғи газдан сутегіні алуға қарағанда, әзірше, ең қымбат. Алайда табиғи газдың бағасы да өсуде, ал суды ыдырату әдістері жетілдірілуде, мүмкін, біршама уақыт өткен соң судан сутегіні алу арзан болар. Бірақ электролиздің қазір де пайдалы кездері бар, әсіресе, электр энергиясының біршама арзан кезінде,түнгі уақытта. Осыған қарамастан, сутегі энергетикасы нық дамуда, алайда атомдық-сутегі энергетикасы жұртты дүрліктіруде. Сутегіні алу үшін энергетикалық шығындар керек. Ал «ядролық генератор – сутегі генераторы» – қазіргі заманның энергетикалық экономикасының бірінші қатарын жаулап алуда.

Энергетикада сутегін пайдалану арқылы пика электр энергиясын алу мақсаты мен АЭС-ның электр энергиясын су электролизімен сутегі өндіру үшін, кейіннен ең жоғары жүктемелерде, не бу турбинасында, бу генераторында және МГД-генераторда, не МГД-генераторда және бу генераторында электр қуатын өндіру үшін сутегінің жану процестерін бір мезгілде қарастыру қажет. Белгілі бір қуатты беру кезінде Үлкен қашықтыққа Магистральдық сутегі тасымалдаудағы шығындарды есептеу мәндері электр энергиясын тасымалдау шығынынан 3—5 есе кем болады.

Азоттық энергетика

Азоттық энергетика құрамында азоты бар байланыстарды және олардың қоспаларын қолануда негізделген. Осындай қоспалар мұнайдан пайда болған жаңғыш сұйқтықтын түрлерін ауыстыра тұру үшін қолданылады, бағыттас (пропан-бутан) және табиғи (метан) газдарды, сутекті, сонымен қоса биогазды, биометанолды, биоэтанолды, рапс майын және басқа да өсімдікті көмірсутекті түрлерін, биодизелді реактивті қозғалтқыштарда және газды турбиналарда механикалық энергияны алу үшін қанық энергетикалық қайта қалпына келетін баламалы (альтернативті) және таза экологиялық энергия тасымалдағыш ретінде қолдануға болады.

Толығырақ: http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2018/ES/Mehtiev%201/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/6.6%D0%BD.htm

...