0 дауыс
954 көрілді
Салеметсізбе мен қолдан инкубатор құрастырайн дееп ем соған енді қандай заттар кеерек,астына толық қалдырсаңыздар немесе толық видео болса

1 жауап

0 дауыс

Үйрек пен қаз өсіру.

1.Жалпы ақпарат.Үйрек пен қаз – үй шаруашылығындағы пайдалы құстардың бірі. Олар күй талғамайды, ет пен майды, өте жақсы қауырсын мен мамықты мол береді. Үйрек пен қаз өнімдері: біздің тағамдық тұтынуымызда құнды болып саналатын еттері, қаздың майлы бауыры, олардың майы.

2.Ғимарат.Үйрек те, қаз да төзімді құстар қатарына жататындықтан, тақтайдан тығыз етіп жасалған қоралар олар үшін әрі арзан әрі қолайлы болып саналады. Оның едені жерден сәл жоғары етіп жасалуы керек. Әрбір қораны екіге бөлген тиімді болар еді: біріншісін – үлкендеу етіп демалыс пен серуендеу үшін, екіншісін – кішілеу әрі аздап қараңғылау етіп құстардың дамылдап отыруы мен жұмыртқа салуы үшін. Үйрек пен қаз өсірудегі ең маңызды нәрсе таза төсеніш пен міндетті түрде ауаны желдетіп тұру болып табылады. Әрбір құстың ұясын жасанды түрде бір-бірінен бөлек ету үшін шөп, сабан, қурай, құрақ сынды немесе басқа да шөптермен жауып немесе қоршап қою керек.

3.Құрал-жабдықтар.Егер сіз құс өсіруді балапан кезінен бастағыңыз келсе, сізге инкубатор қажет болады.Жұмыртқалардың инкубациясы үшін арнайы дүкендерде сатылатын кішігірім кез келген тұрмыстық инкубаторлар қолданыла береді. Дайын зауыттық инкубаторлардан басқа әуесқой құс өсірушілердің көбісі қолдан жасалған қарапайым инкубаторларды пайдаланады. Оларды құрастыру туралы мәліметтер интернетте жетерлік. Қаз балапандарының жұмыртқаны жарып шығу мерзімінің басталуы – 29- күн, жаппай шығатын күні – 30-күн, шығудың бітетін күні 31-күннің бірінші бөлігі, ал үйрек балапандарының шығуы 27- күні басталып, жаппай шығу – 28-күні жалғасады.

4.Негізгі жем.Үйрек пен қаз балапандарының алғашқы қорегі – ұсақтап туралған пісірілген жұмыртқа, салат, әртүрлі көк-сөк, пісірілген күріш немесе тары. Екі аптаға дейін оларға әрбір екі сағат сайын жем беру керек. Одан кейін жем беруді тәулігіне 5-тен 3 ретке дейін қысқартуға болады. Бұдан кейін үйрек пен қаз балапандары қанаттанып, шамамен 2 айдай өсіп-жетілген уақытта оларды жетілген құстардың қорегіне көшіруге болады. Ал ересек үйрек-қаздарды жаз бен күзде көбінесе жайылымда ұстап, кешкі мезгілде ғана қоспа жеммен немесе дәнмен қоректендіруге болады. Үйрек пен қаз балапандарының тиімділігі сол, олар бар болғаны алғашқы 1,5-2 ай мерзімде ғана айтарлықтай калоритті жемді қажет етеді де, бұдан кейінгі уақытта оларды негізінен жайылымда өсіруге болады. Жайылымнан оралған уақытта күніне бір рет құстарды бақшаның көк шөптерімен: тамырлы жемістердің собығы, арамшөптер, адам тұтынуына жарамсыз жемістер мен көкөністердің, асхана, дән мен ұн қалдықтарынан дайындалған быламықпен қоректендіру керек.

5.Үйректер пен қаздарды көбейтудің технологиясы.Оларды көбейтудің бірнеше тәсілдері бар: күріктеусіз, аналық ұрғашы қаз арқылы және күрік бастыру арқылы.

Үйректер мен қаздарды күріксіз көбейту тәсілі.Үйректер мен қаздарды күріксіз көбейту тәсілін қолдану барысында балапандар жарып шыға салысымен құс қорада + 32ºС температурасын сақтауды қамтамасыз етіп, оны 10 күн бойы күнаралатып 1ºС-ге төмендету керек. Бұдан кейінгі әрбір үш күн сайын 2ºС-ден төмендете отырып, қорадағы жылуды 8ºС-ге дейін төмендетпейінше осындай қалыпта ұстайды. Құс қораны балапандар тіршілігінің 22-күнінен бастап жылытпай-ақ қойса да болады немесе температура аяқ-астынан төмендеп кеткен жағдайда ғана жылыту керек. Оларды суға 14 күндік болған кезде күріксіз жіберуге болады, алайда су өте салқын және оның ағысы тым қатты болмау керек.

Ауа райы мен сыртқы температураны ескере отырып, үйрек пен қаз балапандарын жайылымға үйрете бастайды.

Күрікпен көбейту. Құстарғақолайлы жайылымұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.Қаз балапандарын буындары қатайған кезде немесе туа салысымен-ақ жайылымға жіберуге болады.

Қаз бен үйрек балапандарын тор астында өсіруге болады.Қаздар мен үйректерді жұмыртқа шығаруға отырғызудың қолайлы мезгілі – наурыз айының аяғы, сәуірдің ортасы.Осы уақытта олардың жұмыртқа тууы тоқтап, жұмыртқа басу түйсігі пайда болады. Ерте жарып шыққан қаз бен үйрек балапандарының өсу кезеңі ең қолайлы мезгілмен тұспа-тұс келеді, себебі дәл осы уақытта олар жас, құнарлы шөппен қоректене алатын болады. Қаздар мен үйректер жұмыртқа басатын орын қараңғылау, таза, иіссіз, температурасы 12ºС-ден төмен болмауы керек. Жұмыртқа басу барысында құс қорада тыныштық болу керек, сондықтан өзге құстарды басқа жерге орналастырған дұрыс. Қаздар мен үйректер көбінесе жұмыртқа салған ұяларында ғана жұмыртқа басады. Егер жұмыртқаларды басқа жерге ауыстыратын болса, олар жұмыртқа басуын тоқтатуы мүмкін. Қаздың астына 11 – 13 жұмыртқа салады. Қаз бен үйрек балапандарын мұндай жолмен өсіру барысында жасанды жылытудың қажеті жоқ.

6. Сату. Қаздар мен үйректерді өсіру олардан алынған өнімдерді (мамық, қауырсын, тезек) толық өңдегенде ғана тиімді. Қаздың салмағы 4 -8 кг., 600 г. мамық береді. Үйректің салмағы 1,5 кг.,3 кг. мамық береді. Етін өткізумен қатар, мамықты шикізат ретінде пайдалана отырып, жастық, көрпе жасаумен немесе тігін шеберханаларымен келісуге болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

– қаз бен үйрек балапандарын сатып алу – 1 бас – 400 теңге х 30 = 12 000 теңге.

– жем – 3 000 теңге.

7.2. Табыс:

– Қаздарды сату – 1 бас 3 500 – 4 000 теңге х 15 бас = 52 000 теңге.

– Үйректерді сату – 1 бас 1 500 – 2 000 теңге х 15 бас = 22 00 теңге.


http://imurat.kz

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
...