0 дауыс
3.1k көрілді
Қаратау фосфорит алқабы туралы мағлұмат. Тарихы, геологиялық орны, экономикаға пайдасы. Рахмет тауып берген адамға

1 жауап

0 дауыс

ҚАРАТАУ ФОСФОРИТ АЛАБЫ – Жамбыл мен Оңт. Қазақстан облыстарындағы фосфорит кендері шоғырланған өңір. тараз қ-ның солт.-батысында 100 км-ден басталатын Қ. ф. а-ның ұз. 100–120 км, ені 25–30 км, аум. 2,5 мың км² . 1936 ж. геолог и.и.Машкара Кіші Қаратау (Батыс тяньШань) жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбонатты төм. кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты. Ал 1937–46 ж. П.Л.Безруков, Б.М.Гиммельфарб, А.с.соколов, т.б. осы өңірден 40-тан аса үлкендікішілі кен орындары мен кенбілінімдерін анықтады. Бұл жылдары алаптағы фосфориттердің қоры 2 млрд. т деп бағаланған. 1946 ж. алаптың алғашқы кен орнын игеру басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратау қ.) салынды. Мұнда Шолақтау кен орны негізінде Қаратау кен-химия комб. іске қосылды. Осы комб-қа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу, түйесай кендері пайдаланылуда. Қаратау фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұнған Шолақтау шоғыры құрамына кіреді. Бұл шоғырдың фосфорлы шөгінділері төменнен жоғары қарай мынадай стратигр. кезекпен қабаттасады: доломиттер, кремнийлі және кентасты қабаттар. Ұсақ түйірлі доломиттен құралған доломиттер қабатының қалыңд. 6–8 м. Кремнийлі қабаттың қалыңд. 15–25 м, құрамында 70–90% кремний минералдарыбар. Кентасты қабат бірнеше фосфорит, фосфорлы-кремнийлі және фосфорлы-әктасты-кремнийлі қабаттардан тұрады, оның жалпы қалыңд. 60 м, ал фосфориттердің жиынтық қалыңд. 30–35 м. Қ. ф. а. фосфориттері фосфорит түйірлері мен оолиттерден құралған. түйірлердің ірілігі 0,07–0,3 мм. Ірілігі 0,05–0,4 мм оолиттер түйісе қабықтанған. Фосфат негізінен фторапатиттен тұрады. Қоры мен сапасы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор ангидритінің (р 2 О 5 ) мөлш. 27–37%-ды құрайды. 1960–80 ж. Қаратау алабына мемл. үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геол.барлау экспед. ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде жалпы қоры 3,5 млрд. т болатын 49 жеке кен орны анықталған. Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бөлінеді. Бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кенінен басқа тамды, Арбатас, сүлейменсай, насынқұл, Шолақтау ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ шағын кен орындары кіреді. тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен. Екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кені, түйесай фосфорит кені және қоры шағын Көктал, тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары құрайды. Үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен орындарының аралығында орналасқан. төртінші топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар: Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Көксу, т.б. Бесінші топқа өндірістік Көкжон фосфорит кені, Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді. Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген хим. өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералдық тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т.б. халық ш-на қажет заттар өндіріледі.

...