0 дауыс
13.1k көрілді
Қысқаша толық апқапарт берсеңіздер.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

ОТЫРАР-ҚАРАТАУ МӘДЕНИЕТI – Оңт. Қазақстан өлкелерiн мекендеген қаңлы тайпаларының көне мәдениетi (б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы). Ескерткiштердiң негiзгi тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды. Қалалар мен қоныстар, зираттар жақсы зерттелген. Олардың аса iрi шоғырлану орт. Отырар шұраты; Арыс өз-нiң солт. жағасында Мардан, Мардан-Күйiк, Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ақайтөбе, Шөлтөбе, т.б. iрi қалалары болған. 1940 ж. А.Н.Бернштам жетекшiлiк еткен археол. экспед. барысында алғашқы деректер алынып, ол кангюй-қаратау мәдениетi болып аталды. Кейiнiрек бұл өңiрдi Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, К.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович, Л.М.Левина, А.Н.Подушкин зерттедi. Аса iрi ескерткiштерiнiң бiрi – Көкмардан. О.-Қ. м. қалаларының үйлерi ерте кезеңнен-ақ кварталдық жүйемен тұрғызылған. Әдетте 4–6 үй бiр кварталды құрайды. Құнды ерекшелiктерге қыш ыдыстарға салынған 100-ге тарта таңба-белгiлер жатады. Белгiлердiң негiзгi тобы ру-тайпалық таңбалар. Зерттеушi ғалымдардың пайымдауынша бұлар соңғы орта ғасырдағы таңбаларға өте жақын. Бiр ерекшелiгi, мұнда қазақтың үш жүзiне де кiретiн ру-тайпалардың таңбалары бар. О.-Қ. м. тайпалары мал ш-мен бiрге жоғары дамыған егiншiлiк бағытты ұстанған, ұсталық және зергерлiк қолөнер жақсы дамыған. Тұрғындар ата-баба рухына, тәңiрге табынған. Халқы Сыр бойына көршiлес Жетiасар және Қауыншы мәдениеттерiнiң тайпаларымен бiрге тарихи Қаңлы мемлекетiнiң құрамына кiрген. Б.з. 3–4 ғ-ларында заттық мәдениет ерекшелiктерi мен антропологиялық деректер О.-Қ. м-н қалдырған тайпаларға ғұндар келiп араласқандығын көрсетедi. Осы кезеңде түркi мәдениетi мен тiлi қалыптасқан, түркi-соғды синтезi дамыған. Ғұн тайпалары келiп қосылған кезеңнен бастап О.-Қ. м. тайпаларының үлкен бөлiгi жетiасарлықтармен бiрге Сырдың жоғ. ағысына, Орта Азияға қарай жылжыды. 6–7 ғ-ларда О.-Қ. м-нiң дамуы тоқтап, басқа тайпалармен бiрге Сыр мен Әмударияның төм. ағысына топтасты да, Кедер мәдениетiн құрады. Қалған тұрғындар Отырар шұратында құрылған Қаңғар бiрлестiгiне кiрген.

Ұқсас сұрақтар

...