География | 9.4k қаралды
9.4k қаралды

Қазақстанның қызыл кітабына енген қандай дәрілік өсімдіктер бар? 

1 жауап

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).

Өсімдіктердің Атаулары Өсімдіктердің ғылыми атаулары Тұқымдасы
1 Қалқан асаймұса Abelia corymbosa Ұшқаттар тұқымдасы
2 Кәдімгі өрік Armeniaca vulgaris Раушангүлдер тұқымдасы
3 Шолпаншаш сүмбілі Adiantum capillus-veneris Сүмбілдер тұқымдасы
4 Көктем жанаргүлі Adonis vernalis Сарғалдақтар тұқымдасы
5 Линчевский кемпіршөбі Acantholimon linczevskii Кермек тұқымдасы
6 Ірі жапырақты алкор Mediasia macrophylla Күрделігүлділер тұқымдасы
7 Аққаңбақтүсті аллохруза Allochrusa gypsophiloides Қалампырлар тұқымдасы
8 Жұмыр бозтүк Anaphalis racemifera Күрделігүлділер тұқымдасы
9 Корольков шаяноты Arum korolkowii Шаяноттар тұқымдасы
10 Мияжапырақ таспа Astragalus glycyphyllos Бұршақ тұқымдасы
11 Шегіршінжапырақ тасжаңғақ Aflatunia ulmifolia Раушангүлдер тұқымдасы
12 Іле бөріқарақаты Berberis iliensis Бөріқарақат тұқымдасы
13 Ірі гүлді шолпанкебіс Cypripedium macranthon Сүйсіндер тұқымдасы
14 Секпіл шолпанкебіс Cypripedium gauttatum Сүйсіндер тұқымдасы
15 Сары лапыз Colchicum luteum Мелантия тұқымдасы
16 Кессельринг лапызы Colchicum kesselringii Мелантия тұқымдасы
17 Коопман өгейбұтасы Euonymus koopmannii Өгейбұталар тұқымдасы
18 Қызыл қайың Betula kirghisorum Қайыңдар тұқымдасы
19 Талас қайыңы Betula talassica Қайыңдар тұқымдасы
20 Ярмоленко қайыңы Betula jarmolenkoana Қайыңдар тұқымдасы
21 Талас бәрпісі Aconitum talassicum Сарғалдақтар тұқымдасы
22 Қаршыл шүйгіншөп Valeriana chionophila Шүйгіншөптер тұқымдасы
23 Түркістан гүлкекіресі Centaurea turkestanica Күрделігүлділер тұқымдасы
24 Кәдімгі жүзім Vitis vinifera Жүзім тұқымдасы
25 Виталий шөмішгүлі Aquilegia vitalii Сарғалдақтар тұқымдасы
26 Шылым Trapa natans Рогульник тұқымдасы
27 Алтай қасқыржидегі Daphne altaica Тимелеялар тұқымдасы
28 Алтай торсылдағы Gymnospermium altaicum Бөріқарақат тұқымдасы
29 Қабықты жалынгүл Coronaria coriacea Қалампырлар тұқымдасы
30 Попов қазжуасы Gagea neo-popovii Лалагүлдер тұқымдасы
31 Альпі дифазиструмы Diphasiastrum alpinum Шоқпарбастар тұқымдасы
32 Қар дәуаяғы Macropodium nivale Айқышгүлдер тұқымдасы
33 Батпақ жылантамыры Epipactis palustris Сүйсіндер тұқымдасы
34 Кәдімгі емен Quercus robur Шамшатыр тұқымдасы
35 Сарғылт сарыбасшөп Erysimum croceum Айқышгүлділер тұқымдасы
36 Іле үшқаты Lonicera iliensis Ұшқаттар тұқымдасы
37 Қаратау ұшқаты Lonicera karataviensis Ұшқаттар тұқымдасы
38 Қаратау жыланбасы Dracocephalum karataviense Ерінгүлділер тұқымдасы
39 Кауфман ирекжапырағы Ikonnikowia kaufmanniana Кермек тұқымдасы
40 Колпаковский иридодиктиумы Iridodictyum kolpakowskianum Құртқашаштар тұқымдасы
41 Сібір қандығы Erythronium sibircum Лалагүлдер тұқымдасы
42 Крашенников сартүтігі Cancriniella kraschennikovii Күрделігүлділер тұқымдасы
43 Кавказ таутағаны Celtis caucasica Таутағандар тұқымдасы
44 Альберт құртқашашы Iris alberti Құртқашаштар тұқымдасы
45 Бұғы мүгі немесе Ягель Cladina rangiferina Кладина тұқымдасы
46 Қауырсынды қау Stipa pennata Астық тұқымдасы
47 Сарғыш сарана Hemerocallis lilo-asphodelus Лалагүлдер тұқымдасы
48 Ақ тұңғиық Nymphaea alba Тұңғиықтар тұқымдасы
49 Іріжапырақ көбенқұйрық Cousinia grandifolia Күрделігүлділер тұқымдасы
50 Мыңжылқы көбенқұйрығы Cousina mindschelkensis Күрделігүлділер тұқымдасы
51 Мүшкетов түйесіңірі Atraphaxis muschketowii Тарандар тұқымдасы
51 Мамыр қыңжыгүлі Convallaria majalis Лалагүлдер тұқымдасы
52 Тамаша ассүттіген Prenanthes mira Күрделігүлділер тұқымдасы
53 Қаратау сетені Lepidolopha karatavica Күрделігүлділер тұқымдасы
54 Шаттауық немесе Кәдімгі орманжаңғақ Corylus avellana Қайыңдар тұқымдасы
55 Северцов жалғаншөлмасағы Pseuderemostachys sewerzowii Ерінгүлдер тұқымдасы
56 Бұйра лалагүл Lilium martagon Лалагүлдер тұқымдасы
57 Қаратау жалған бозкілемі Pseudosedum karatavicum Жасаңшөптер тұқымдасы
58 Жаңғақты лотос nelumbo nucifera Лотос тұқымдасы
59 Афлатун жуасы Allium aflatunens Жуа тұқымдасы
60 Түпті жуа Allium caespitosum Жуа тұқымдасы
61 Ұсақторлы жуа Allium microdictyon Жуа тұқымдасы
62 Тамырлы жуа Allium polyrhizum Жуа тұқымдасы
63 Піскем жуасы Allium pskemense Жуа тұқымдасы
64 Суворов жуасы Allium suworowii Жуа тұқымдасы
65 Ақсары жоңышқа Medicago ochroleuca Бұршақ тұқымдасы
66 Мақсыр маралтамыры Rhaponticum carthamoides Күрделігүлділер тұқымдасы
67 Аласа дестегүл Merendera robusta Мелантия тұқымдасы
68 Попов дембеті Mertensia popovii Айлауықтар тұқымдасы
69 Ледебур бадамы Amygdalus lebedouriana Раушангүлдер тұқымдасы
70 Зеравшан аршасы Juniperus seravschanica Сауырағаш тұқымдасы
71 Ярослав сүттігені Euphorbia yaroslavii Сүттіген тұқымдасы
72 Зайсан лақсасы Echinops saissanicus Күрделігүлділер тұқымдасы
73 Қоқан салпысы Morina kokanica Салпыстар тұқымдасы
74 Кәдімгі жұмсақжеміс Malacocarpus crithmifolius Адыраспан тұқымдасы
75 Ірі кекіребас Jurinea robusta Күрделігүлділер тұқымдасы
76 Жапырақсыз орашық Epipogium aphyllum Сүйсіндер тұқымдасы
77 Жетісу күреңкөкгүлі немесе Қызыл адыраспан Niedzwedzkia semiretschenskia Бигнония тұқымдасы
78 Жабысқақ қандыағаш Alnus glutinosa Қайыңдар тұқымдасы
79 Көрікті ойраш Ostrowskia magnifica Қоңыраугүл тұқымдасы
80 Алматы кекіресі Oxytropis almaatensis Бұршақ тұқымдасы
81 Талас кекіресі Oxytropis talassica Бұршақ тұқымдасы
82 Фукс бармақтамыры Dactylorhiza fuchsii Сүйсіндер тұқымдасы
83 Минквиц наурызшешегі Primula minkwiziae Наурызшешек тұқымдасы
84 Фальконер бауыршөбі Hepatica falconeri Сарғалдақтар тұқымдасы
85 Сәлдегүл таушымылдығы Paeonia hybrida Таушымылдықтар тұқымдасы
86 Кәдімгі таушымылдық Paeonia anomala Таушымылдықтар тұқымдасы
87 Келлер кестежусаны Pyrethrum kellerii Күрделігүлділер тұқымдасы
88 Таңдамалы шоқпарбас Huperzia selago Шоқпарбастар тұқымдасы
89 Дәрмене Artemisia cina Күрделігүлділер тұқымдасы
90 Сарғылт құндызшөп Pulsatilla flavescens Сарғалдақтар тұқымдасы
91 Ашық құндызшөп Pulsatilla patens Сарғалдақтар тұқымдасы
92 Регел тарбақайы Rhaphidophyton regelii Алабұталар тұқымдасы
93 Алтай рауғашы Rheum altaicum Тарандар тұқымдасы
94 Виттрок рауғашы Rheum wittrockii Тарандар тұқымдасы
95 Қызғылт семізот Rhodiola rosea Жасаңшөптер тұқымдасы
96 Маймұр немесе Ақшыл секпілгүл Fritillaria pallidiflora Лалагүлдер тұқымдасы
97 Алтай таутобылғысы Sibiraea altaiensis Раушангүлдер тұқымдасы
98 Янчевский қарақаты Ribes janczewskii Қарлығандар тұқымдасы
99 Қатпарлы шұбаршөп Saussurea involucrata Күрделігүлділер тұқымдасы
100 Шренк тобылғытүсі Spiraeanthus schrenkianus Раушангүлдер тұқымдасы
101 Пятаева сертебесі tanacetopsis pjataevae Күрделігүлділер тұқымдасы
102 Берікқара терегі Populus berkarensis Талдар тұқымдасы
103 Тораңғы Populus pruinosa Талдар тұқымдасы
104 Альберт қызғалдағы Tulipa alberti Лалагүлдер тұқымдасы
105 Жауқазын немесе Бәйшешек Tulipa biebersteiniana Лалагүлдер тұқымдасы
106 Борщов қызғалдағы Tulipa borszczowii Лалагүлдер тұқымдасы
107 Грейг қызғалдағы Tulipa greigii Лалагүлдер тұқымдасы
108 Зинайда қызғалдағы Tulipa zenaidae Лалагүлдер тұқымдасы
109 Кауфман қызғалдағы Tulipa kaufmanniana Лалагүлдер тұқымдасы
110 Колпаковский қызғалдағы Tulipa kolpakowskiana Лалагүлдер тұқымдасы
111 Қысқа аталық қызғалдағы Tulipa brachystemon Лалагүлдер тұқымдасы
112 Леман қызғалдағы Tulipa lehmanniana Лалагүлдер тұқымдасы
113 Дарагүлдер қызғалдағы Tulipa uniflora Лалагүлдер тұқымдасы
114 Островский қызғалдағы Tulipa ostrowskiana Лалагүлдер тұқымдасы
115 Кеш қызғалдақ Tulipa tarda Лалагүлдер тұқымдасы
116 Жатаған қызғалдақ Tulipa patens Лалагүлдер тұқымдасы
117 Алакүлте қызғалдағы Tulipa heteropetala Лалагүлдер тұқымдасы
118 Регель қызғалдағы Tulipa regelii Лалагүлдер тұқымдасы
119 Күмәнді қызғалдағы Tulipa dubia Лалагүлдер тұқымдасы
120 Шымған қызғалдағы Tulipa tschimganica Лалагүлдер тұқымдасы
121 Шренк қызғалдағы Tulipa schrenkii Лалагүлдер тұқымдасы
122 Северцов қарақабағы Ungernia sewerzowii Амариллистер тұқымдасы
123 Кәдімгі пыста Pistacia vera Сумахтар тұқымдасы
124 Ақжолақ сасыр Ferula leucographa Шатыршагүлділер тұқымдасы
125 Семенов айдаршөбі Corydalis semenovii Көгілдір тұқымдасы
126 Жауқазын немесе Алатау бәйшешегі Crocus alataevixus Құртқашаштар тұқымдасы
127 Корольков бәйшешегі Crocus korolkowii Құртқашаштар тұқымдасы
128 Түбірлі томағашөп Scutellaria subcaespitosa Ерінгүлдер тұқымдасы
129 Тауқалуен Schmalhausenia nidulans Күрделігүлділер тұқымдасы
130 Культиасов батаны Schrenkia kultiassovii Шатыршагүлділер тұқымдасы
131 Иткүшала Eminium lehmannii Аройниктер тұқымдасы
132 Илария шырышы Eremurus hilariae Асфодел тұқымдасы
133 Алматы шиқылдағы Juno almaatensis Құртқашаштар тұқымдасы
134 Көкшіл шиқылдақ Juno coerulea Құртқашаштар тұқымдасы
135 Кушакевич шиқылдағы Juno kuschakewiczii Құртқашаштар тұқымдасы
136 Сүйсін шиқылдағы Juno orchioides Құртқашаштар тұқымдасы
137 Недзвеция алмасы Malus niedzwetzkyana Раушангүлдер тұқымдасы
138 Сиверс алмасы Malus sieversii Раушангүлдер тұқымдасы
139 Соғды шағаны Fraxinus sogdiana шаған тұқымдасы

https://kk.wikipedia.org/

118,315 сұрақ
305,100 жауап
153,297 пікір
67,442 қолданушы