+1 дауыс
29.9k көрілді
Слайд реферат болса бола береді? суреттеріде болса?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Аюбұлақ – бйіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жеррлерде өседі
Алтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының
сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Шашыратқы – биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді.
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия, Прибалтика, Қазақстанда өседі.
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шшөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.
Тасшөп- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан
уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі.
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.

Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр –шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі.
Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі.
Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады.
Бақбақ – биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп.
Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.
көп-көп рахмет
Белгісіз
Оқасы  жоқ
менде дәрілік өсімдік туралы іздегем рахмет
0 дауыс
сарымсак шарабы иммунитетининизди котереди,
адыраспан буын ауруын болдырмайды,
жиде дене куатын арттырады,
0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/Дәрілік_өсімдіктер
көп-көп рахмет
Белгісіз
0 дауыс
өсімдіктер әлемі реферат керек
0 дауыс
Саламатсвз ба. У коргасын шобинин орысша атын билесиз ба?
0 дауыс

Ерте кезден қазақ халқы алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі шөптердің қасиеті арқылы әртүрлі аурудың емін тапқан.

Дәстүрлі дінімізді қарайтын болсақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінен бірнеше өсімдіктер атауларын кездестіреміз. Сондай-ақ, Алла елшісі (с.ғ.с) өзі ұнатқан жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдаларын баян етіп кеткен.

Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Елімізде  дәрілік өсімдік түрі өте көп. Атап айтсақ, арша, алтын тамыр, жолжелкен, жусан, итмұрын, т.б. шөптердің кез келген ауруды жазатын емдік қасиеті бар.

Алтын тамыр

Бұл – сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып жібереді.

Арша

Арша биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Халық емінде арша жемісі несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Сондай-ақ, аршамен тіс тазалау пайдалы.

Дермене жусан

Жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Мако Джонинова 10.02.2017 География сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
Сара 13.03.2017 Табиғат сұрақ қойды
...