0 дауыс
1.1k көрілді
Сәлеметсіз мен храничиски гаимаритпін  1 жылдаи болды басым қатты ауырады қысып ауырады уиыиды және желке жағымнын екі жағы катты қысып солқылдап ұиып ауырады бұл гаимариттін әсеріме

1 жауап

0 дауыс

Гайморит ауруының негізгі қоздырғыштары — инфекция: вирустар мен бактериялар. Індет (инфекция) мұрын қуысы және қан ар-қылы гаймор қуысына түсіп, ол қуысты зақымдайды. Көп жағдайда жоғарғы жақ тіс тамырларын қоршап жатқан етті аумақ жұмысының қалыпты жағдайдан ауытқуынан вирустар мен бактериялар гаймор қуысына еніп кетеді. Гайморит ауруының белгілері: бас ауруы; мұрынмен тыныс алудың қиындауы; мұрыннан қою сұйықтықтың ағуы; тұмаудың ұзаққа созылуы. Иіс сезу қабілетін жойып, адамды әлсірететін, дене қызуын көтеріп, ұйқыны бұзатын бұл ауруды халықтық медицинамен емдеудің бірнеше жолы бар: 

1. Картоп. Қабығымен қайнатылған картоптың суын төгіп тастаңыз. Басыңызды бүркеп, картоптың буына дем алыңыз. 

2. Мұрынды лимон шырынымен жуу. Ол үшін сізге 1 лимон, қайнаған су қажет. Лимонның шырынын шығарып алып, 1:10 стаканға құйып, үстіне қайнаған су құйыңыз.Енді оны кеңірек ыдысқа құйып, басыңызды иіп, мұрныңызбен сол тұнбаға дем алыңыз. Дем алғанда тұнба мұрынның ішіне кетеді, бірақ ол аузыңыздан шығады. Бұл мұрынды тазалау үшін керек. 

3. Гайморит дендеген орындарды бүтіндей асылған жұмыртқамен жылытады. Ыстық жұмыртқаларды майлыққа орау қажет, майлыққа оралған жұмыртқаларды мұрынның екі жағынан да жұмыртқалар әбден суығанша ұстау қажет. Бұл процесс жатар алдында орындалса әсері мол болмақ. 

4. Қайнатылған жылы суға йод тұнбасының бірнеше тамшысын немесе марганцовканың бірнеше түйірін қосып, осы қоспамен мұрын танауларын шаю қажет. Гайморитпен науқастардың көпшілігіне тұзды сумен жуу да пайдалы: бұл жағдайда тұз салынған жылы суды мұрынмен ішке тартып, ауызбен түкіріп тастайды. 

5. Табиғи балды зәйтүн майымен тең мөлшерде араластырасыз. Шалқаңыздан жатып, әрбір танауға 3-4 тамшыдан тамызу керек. Осыдан кейін 2 сағатқа дейін далаға шықпаған дұрыс. Халықтық әдістермен емдеуден басқа, гайморитпен ауыратын адам маман-дәрігердің де көмегінен бас тартпағаны жөн. Осы ауыратындар мынаны ескергені дұрыс: салқын тигізбеу, тұмау ауруының кез келген белгісі байқала салысымен емдеу және берілген барлық дәрігерлік кеңеске құлақ асуы қажет. Бұл ауруға немқұрайлы қарамаңыз. Өйткені, гайморитті дер кезінде емдемесе, кеңсірікке түскен ірің миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкін.

Дереккөзі.

...