0 дауыс
17.7k көрілді
қиянат жасамау туралы ойтолғау керек еді және де Қараш-қараш оқиғасынан Бақтығұл қылмыскер ме, әлде жоқ?

1 жауап

0 дауыс

Қиянат жасамау-қайраттылардың қаруы

(«Қиянат жасамау» құндылығы туралы)

Эссе

Жүрегі таза адам ешқашан қиянат жасамайды.

Шәкәрім


Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз- белгілі адам үшін емес, бүкіл адамзат қауымы үшін маңызды құндылықтар. Олар адамға тумысынан берілген сый. Адамға мынау жарық дүниені ашқан сәттен бастап берілетін құндылықтарымыз мыналар: 1.Ақиқат. 2.Дұрыс әрекет. 3.Сүйіспеншілік. 4.Тыныштық. 5.Қиянат жасамау. Ақиқат-құндылықтың түп тамыры. Үнемі түп-тамырды сүйіспеншілікпен суарып отыру керек. Ақиқатпен өмір сүріп айналамыздағыларға сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет болады. Ал дұрыс әрекет бар жерде ішкі жан дүниесмізде тыныштық орнайды. Жанымыз тыныштықта болса біз әркез бақытты боламыз. Бақыт құшағында өмір сүргеннен кейін ешкім бізге қиянат жасамайды, біз де ешбір пендеге қиянат жасай алмаймыз.

Қиянат жасамау-асыл құндылықтарымыздың ішіндегі бесінші құндылық. Алланың өзі адамды тура жолмен жүру үшін осы бес құндылықпен жаратты. Демек барлығымызда да бұл құндылықтар бар. Біз олардың не екенін, не үшін айтылғанын білеміз. Бірақ жүрегіміздің түбінде тұншықтырамыз. Мен үшін қиянат жасамау теңдесі жоқ құндылық. Оның егізі-адалдық дер едім. Бала кезімде әжем айтатын «ешқашанда аманатқа қиянат жасамаңдар» деп. Мен болсам «әже қиянат деген не» деппін. Әжем шіркін қанша сұрақты толассыз қойсам да шыдамдылықпен жауап беретін. Сонда ол кісі «қиянат-бақытқа жеткізетін жол емес, біреудің адал ақысын жемеңдер, арамдық ойламаңдар, өзгелерді сүріндіріп өздерің озуды армандамаңдар, бәрібір жетістікке олай жете алмайсың, шырағым» дейтін. Сол әжетайымның айтқан ақылы әлі күнге жүрегімнің қақ төрінде. Кішкентайымнан ұяң қыз едім, біреуді жылату, біреудің бір нәрсесін тартып алу, жалған сөйлеп жалтару деген қолымнан келмейтін. Ойлап қарасам өміріме азық болатын, өзгелерден мені озық қылатын-осы менің адамдық қасиетім екен.

Қиянат жасау-Алланың аулақ бол деген деген істерінің бірі. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешқашанда жалған болмас. Бәріміздің де сенеріміз сол болған соң оның әр сөзіне сенуіміз керек және оны орындауға тиістіміз.

Қиянат қылма өзгеге,

Біреуді мәнсіз сөздеме.

Жүректің төрі адалдық,

Қиянат болар сөзде де.


Адамдық өлшем-адалдық,

Адалдық үшін жаралдық.

Ей, пенде өмір тым қысқа,

Ендеше қылма сараңдық,

Бәріміз де бір Алладан таралдық!

Өмір деген, шіркін, зырылдап өтіп жатыр. Менің биікке самғай бергім келеді,бірақ тек адал іспен. Қанша жерден қиналсам да қиянатқа бас сұқпаймын, жанарыма жас толса да Аллам берген әр күнге ризамын. Қиындықтар көбейгенде рухтың бар екенін ұмытпай, адалдықтың ақ жібін аттамай өмір сүремін.


Дереккөз.

...