Табиғат | 128 қаралды
128 қаралды
"Жануарларсыз цирк" акциясына көзқарасыңыз қандай?

1 жауап

Егер адамдар өздері креативті идеялар ойлап тапса жануарларсыз да қызық етіп жасауға болады. Соңғы жаңалық бойынша:

17 сәуір күні халықаралық цирк күніне орай Ресей мен алыс-жақын шет елдерде де осындай акция өткізілген. Белсенділердің айтуынша, әрине циркте жануарлардың қатысуымен болған нөмірлер күлкі сыйлайды. Бірақ, жасырын камералар мен жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде олардың жағдайы мүлде басқаша екендігі анықталған.

Белсенділер астаналық цирк жанында пикетті жалғастыра түсуді жоспарлап отыр. Олар бұл әрекеттері арқылы заң тұрғысынан тыйым салатын құзіретке қол жеткізуді қалайды.

“Өркениетті елдер цирктерде жануарлардың пайдалануына тыйым салып жатыр. Олар бір жапырақ нан үшін велосипедпен жүріп, кедергілерден секіреді. Олар бұл әрекетті жануарларды 95 пайыз ашықтыру арқылы жасайды. Бар өмірі торда өтеді. Зообақтар да сондай қатыгездік жасап отыр. Егер аң көргіңіз келсе қорықтарға барыңыз. Бірақ, оларда торда қамап ұстау бұл адамдық емес”, – дейді ол.

Қазірдің өзінде Ресейдің 50 қаласы осы бастамаға үн қосып жатыр. Одан бөлек Армения, Беларусь, Латвия, Украина, Эстония елдері де қолдау білдіруде.
118,357 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,554 қолданушы