0 дауыс
3.1k көрілді
Абай қара сөздеріндегі көтерiлген мәселелері деген такырыпка шыгарма керек. Комектесиндерши отиниш

1 жауап

0 дауыс

«Абайдың қара сөздері» – абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән-күй өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да «естісі мен есері барын» айтып, «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күйді» ғана ұнатқан. Абай қазақтың халық ән-күйлерін жете білген. Абай тек тыңдаушы ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасының тарихында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сұрғылт тұман», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Амал жоқ, қайттым білдірмей» («Татьяна хаты»), «Қараңғы түнде тау қалғып», «Ішім өлген, сыртым сау», т.б. әндері арқылы ол халықтың ән шығармашылығын сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ қазақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен-ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр ала келген жаңашыл композитор болды. Абайдың басқа халық композиторларынан ерекшелігі — қазақ әндерімен қатар, орыстың халық музыкасына, қаланың демократиялық ән-романстарына, Михаил Глинка, Антон Рубинштейн сияқты классиктердің вокальдық шығармашылығына құлақ түруі, содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың, украинның халық әндеріне, романстық лирикалық үлгісіне, демократиялық музыкалық дәстүріне сарындастық айқын сезіледі. Абайдың «Сұрғылт тұман», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Өлсем орным қара жер...», т.б. әндері – қазақтың ән шығармашылығында жаңалық ашқан шығармалар. Абайдың осындай шумақта келетін әндерінің бірі – «Қараңғы түнде тау қалғып». Абай музыка өнерінде жалғыз болмаған. Оның айналасында ән-күйдің, өлең-жырдың қадірін білетін өнерпаз топ болған. Абайдың Петербургта оқыған баласы Әбдірахман мен ағайындас інісі Мұқа скрипкада ойнаса, Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерімдер әннің майын тамызған. Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Абай шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады. Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында қала (Қарағанды облысы), аудан (Шығыс Қазақстан облысы) шың, асу бар. Семей, Қарқаралы қалаларында, Жидебайда әдеби-мемориалдық музей-мұражайлар ашылған. Алматы, Астана, т.б. қалалардағы театрларға, көшелерге ақын аты берілген. Абай қоры жұмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің бас кітабы – «Абай жолы» ұлы ақынға арналған. Ұлы ақын Абай Құнанбаев 1904 ж. 23-маусымда дүниеден озған. Бейіті – қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жидебай қонысында. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде түсіндірген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің айтар ойлары бір бағытта, бірінде ой поэзия тілінде, бірінде проза тілінде жеткізілген.


Дереккөзі.

...