+1 дауыс
5.7k көрілді
Кішкентай ақын Жамбыл Дүйсенов туралы не айтасыздар? Шыны керек жырларын естігенде талып қала жаздайсыз! Құдай тіл-көзден сақтасын! Жырларын естідіңізбе? Тыңдағанда қандай ойда болдыңыз?

5 жауап

+3 дауыс
Ең алғаш ол бүлдіршінді көргенімде, былай ойлағанмын:
~ Құдай-ау, бастауыш сыныптағы балаға осынша жүк артып, өлең жаттатқызып, санасын презагрузкыға ұшырату неткен адамсыздық...аяймын Жамбылды...
Бірақ, бақылау барысында Жамбыл азаматтың қазақ жырларына, өзі шығарған (егер солай болса) өлеңдеріне құштарлығы тасып тұрғанын, шын көңілмен өз еркімен айтатынын көргенде, көңілім орнықты. Тіл-көзден сақтасын.
Жамбылдай азаматтар -  Қазақстанның болашақ іргетасын қалар азаматтар!!!   - деп комп. алдындағы еркетотай, сауатсыз азаматтарға ренішімді білдіргім келіп тұрғаны...
+2 дауыс
Керемет,вундеркиндІ Жақында теледидардан өз өлеңдерінен оқыды,аузымды ашып таңқала тыңдадым. Бірақ бірінші келген ой шығармасының жасына сай емес,ересек адамдардың ұғымынан туған туынды екені бірден көзге ұратындығы. Мүмкін түйсігі ерте дамыған болар...
+1 дауыс
Жас ақын Жамбылды алғаш теледидардан көргенімде мақтаншақ бала екен деп ойлағанмын. Жырларын біраз жерден естідім, бірақ, жырларының  ұйқастары әлсіз, тым жеңіл.
Бала ғой әлі, өсе келе жетілер. Балалық шақтың қызығын көріп қалса игі еді.
0 дауыс
Ең алғаш Жамбыл Дүйсеновты 2011 жылы мамыр айында өткен Мұхтар Шахановтың шығармашылық кешінде көрдім. Ол өлең оқығанда бүкіл зал аяғынан тік тұрды деуге болады. Болашағына тек сәттілік тілеймін!
0 дауыс
осы БҮЛДІРШІННІҢ өлеңдерін қайдан оқуға болады?
...