0 дауыс
1.3k көрілді
Хобби алуан түрлі болады. Біреулер ағаштан бұйымдар жасауды ұнатса, басқа біреулер тоңазытқышқа магниттер галереясын жасағанды ұнатады. Ал біздің бұрынғы әріптесіміз болса, сапарға шыққан кезде пошталық маркаларды жинайтын. Ол өзі болған елдерде жергілікті пошта бөлімшесінен өзіне-өзі хат жіберіп отырған. Осылайша, маркалар жиынтығы толық бір альбомға толған.

Ал сіздің хоббиіңіз бар ма? Айтып беріңізші! Егер суреттеріңіз болса, постқа пікір ретінде көрсетіңіз

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлем, Ақбөпе. Иә, әр адамның алуан түрлі хоббиі болады. Хобби деген сөз - яғни бос уақытта шұғылданатын сүйікті ісің. Мысалы, менің хоббиім-ән айту, кейде ғаламтордан әр-түрлі пайдалы кеңестер қараймын, ғаламтордан әртүрлі ас мәзірлерін қарап, десерт, торт, бәліштерді үйреніп жасаймын. Кейде әртүрлі кітаптар оқимын. Менің суреттерім жоқ екен.

Ұқсас сұрақтар

...