+3 дауыс
16.4k көрілді
Сіздің сүйікті хоббиіңіз қандай?

8 жауап

+2 дауыс

Менің сүйікті хоббиім кітап оқу, құрбыларыммен сырласу және т.б.)))))) Ал сіздікі ше?

+3 дауыс
Менің сүйікті хоббиім нақты бір нәрсе деп айта алмаймын, бірақ уақытымды босқа өткізбей пайдалы нәрселерге жұмсауға тырысамын. Кітап оқу, пайдалы лекциялар тыңдау, Құран жаттау секілді істермен айналысамын. Сонымен қатар ағылшын, араб тілдерін тереңдете оқып үйреніп жүрмін.
Менің хоббиім спортпен шұғылдану ,  ал сенікі ше?
мен бос кезімде кітап оқу,музыка тыңдау,спортпен айналысам бос уақытымда
ағылшын мен араб тілдерін қай сайттан үйреніп жатсың
Мен өзім ағылшын, араб тілінің мұғалімімін. Осы тілдерді ары қарай жетілдіріп жүрмін. Интернеттен әртүрлі материалдарды пайдаланамын.
Бирнеше тил билсениз оныныз жаксы екен, мен негизи бос уакытымда олен жазганды, сурет салганды унатамын жане автобуспен емес жаяу кайтканды жаным жаксы коред, асиресе казир ауа райы керемет, ыстык та салкын емес таза ауа, агаш, гул, жанбырдын иici конил куйинди котеред
+3 дауыс
Мен көбінесе интернеттен қызықты ақпараттар іздеп, оқығанды ұнатамын.
+3 дауыс
ҒАЛАМТОРДА ОТЫРУ                       .
+1 дауыс
Менің хоббиім кітап оқу. Махаббат туралы, бизнес саласындағы, психологиялық бағыттағы кітаптарды таңнан кешке дейін оқып жата бергім келеді. Кей кезде сабақ, қосымша курс болмаса ғой, тек кітап оқып жатсам екен деп ойлаймын. Бірақ, Электронды түрде оқитын кітаптардан тез шаршаймын.
+1 дауыс
Музыка тыңдау, интернетте отыру.
0 дауыс
Спиннер айналдыру ))
0 дауыс
Менің сүйікті хоббиім сурет салу,және достарыммен футбол ойнау

Ұқсас сұрақтар

...