Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар, ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:
1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
Мысалы, әдебиет терминдері: поэзия, сатира, опера, образ т. б
Термин сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады. а) Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет. ә) Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек. б) Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексІз үғымдардың атауы болуы шарт. Терминдік жүйесі жасалмаған, терминдік ұғымдары қалыптаспаған тілді әлі де әдеби тіл дәрежесіне көтерілген тіл деп айтуға болмайды.
Терминдер әрбір ғылым саласында молынан кездеседі. Мысалы:
1.Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
2. Әдеби-өнер терминдері: проза, ко¬медия, драма, опера, сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер т.б.
3. Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.
4. Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер т.б.
5. География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, Азия, Африка, масштаб, тайфун, карта т.б.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мәнге көшкен байырғы сөздердің түр-түрі молынан кездеседі. Мысалы man, курес, еқбек, жарыс, жалау, екпін (ударение), сүраным (спорс) ұсыным (предложение), сөре (старт), мәре (финиш), т.б.