0 дауыс
10.9k көрілді
Гигрофит, мезофит, ксерфид, суккулент, эпфит, фанерофит, хамефитт, гемикриптофитт, терофитт. Бұл терминдердің мағынасы не? Күнделікті тұрмыста қолданасыз ба?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Өсімдіктер, биологиялық терминдер. Биологтар қолдануы мүмкін күнделікті. Ал былайғы адамдардың қолданғанын көрмедім....

Мезофиты; гр. mesos — орташа, аралық, phyton — өсімдік) — ылғалды қажет етуі жөнінен ксерофиттер мен гигрофиттердің арасында орналасқан аралық өсімдіктер бірлестігі. Мезофиттер топырақта ылғал орташа (артық емес), жеткілікті жағдайда өседі. Бүларға жапырақтарын түсіретін ағаштар мен бұталар, шөптесін және мәдени өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдары жатады.

Гигрофиттер(грекше: hygros — ылғалды, phyton — өсімдік) — ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер (мыс., ылғалды шабындық өсімдіктері, суқоймалар жағасындағы өсімдіктер және т.б). Мұндай өсімдіктердің жапырақтары үлкен, сабағы ұзын, тамыр жүйесі әлсіз болады.

Суккуленттер — сабақтары жуан да етті және жапырағында мол су қоры бар әр түрлі тұқымдас өсімдіктер тобы. Жапырақта жиналған су қорын Өсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер мен шөлейттерде тараған. Мысалы, кактустар, сүттігендер тағы басқалар

 

0 дауыс
Әрине, күн сайын қолданып жүрген ол сөздерім (әзілім ғой, өмірі естімеген сөздер),

Гуглдетіп қарап едім өсімдіктердің түрлері екен, Биологиялық терминдер болса керек
...