+4 дауыс
4.9k көрілді
Адамның қандай қасиеттерін бағалайсыз? Өзіңіздің бойыңызда сол қасиеттер бар деп ойлайсыз ба?

9 жауап

+6 дауыс
Кішіпейілділік - орнымен әзілқойлық және салмақтылық - адалдық - өмірге оптимистік көзқарас - білімділік - адамгершілік.
келісемін)
+5 дауыс
Е-е-е... Жақсы көретін қасиеттердің қайсы бірін айтайын. Алыстан көріп, құшағын жая бауере-е-ем деп кеп амандасатын ақкөңіл амиголар мен ақты ақ деп, қараны қара деп мойындайтын шыншыл жігіттердің қасиеттерінен неге айналып қана кетпеске? Негізінде ең жақсы қасиет, меніше ол сабыр сақтай білетін адамдар.
дұрыс айтасыз!
Бауере-е-ем аманбысың? айналып кетейін жазғаныннан. Бір мәз қылып тастадың)))
Бірінді бауыр, бірін дос деп санайтын амиголарды уважать етем.
:)))




*
+5 дауыс
Мен үшін ең бастысы - сабыр. Екіншіден - жігер. Үшіншіден - шын пейілділік. Төртіншіден - қайрат. Бесіншіден - өнеге. Алтыншыдан - ақыл. Жетіншіден - мейірім. Сегізіншісі - ынсап. Тоғызыншысы - қанағат. Оныншысы - адалдық.
жақсы жазыпсыз...) қалай ойлайсыз, осы қасиеттер сіздің бойыңыздан табылады ма?
+5 дауыс
адам ақылды, адал, ақкөңіл, қалжың түсінетін, оптимист болса осыдан жақсы адам жоқ маған))))
Өзіңіздің бойыңызда осы қасиеттер бар ма?
осы қасиеттерді дамытуға тырысасың, бірақ оны менен емес, менің қасымда жүрген достарымнан сұрасаңыз дұрыс болады деп ойлаймын)))
жарайды!мүмкіндік болса, достарыңыздан сұрап көрейін)
+4 дауыс
Адам бойындағы қасиеттерден әділдікті, адалдықты, табандылықты, еңбекқорлықты жоғары бағалаймын.
+3 дауыс
Қазақтың қыз-жігіттеріне тән қарапайымдылық болса және жүректерінде иман болса жетеді...
дұрыс айтасыз)
+1 дауыс
Жауапкершілік пен сыпайылық
0 дауыс
Жылу............
үнемі тоңып жүретіндерді ше?
жүрегі тоңбаса болды)
0 дауыс
Адамгершілік қасиетті бағалаймын.
...