+3 дауыс
115k көрілді
Адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар?

22 жауап

+1 дауыс
Саламақтылық,мейрімділік,адалдық..
+2 дауыс
*Адам бойында мейірімділік, жомарттық, сүйіспеншілік пен адалдық қасиеттерді жоғары бағалаймын.*
*Адам бойындағы қандай асыл қасиеттерді жоғары бағалайсыз?дегенде..*
-Абай атамыз айтқан ғой: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».

(қайталанған сұрақ)
+1 дауыс
Ең бірінші адамгершілікті, жүрегінде бар имандылықты, адалдықты, тәрбиелілікті, салмақтылықты, сыпайылықты, сабырлықты жоғары бағалаймын
+1 дауыс
шынайылық, ашық-жарқын көңілді адамдарды жоғары бағалаймын
+1 дауыс
Мен Адамгершілік қасиетті жоғары бағалаймын! Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Сон соң, Ұлтжандылық, отансүйгіштік - әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау.
Достар! Адамшылықтың шуағы  сөнбесін!!!
Жауабыңа рахмет!!!
+1 дауыс
Мен үшін ең бастысы - сабыр. Екіншіден - жігер. Үшіншіден - шын пейілділік. Төртіншіден - қайрат. Бесіншіден - өнеге. Алтыншыдан - ақыл. Жетіншіден - мейірім. Сегізіншісі - ынсап. Тоғызыншысы - қанағат. Оныншысы - адалдық. депті т.Төребек Мөлдірдің жауабына онымен толықтай келісем және ең ұнайтыны ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ
+2 дауыс
Адам бойындағы адамға тән қасиеттердің барлығы да қасиетті,бағалауға тұрарлықтай, себебі олардың барлығы Алланың нәсіп қылғандары. Аллатағалам тек сол қасиеттерден ада қылмағай.
+1 дауыс
Адалдық, сыйластық, мейірімділік т.б
+1 дауыс
менің ең қатты бағалайтыным сабырлық
+1 дауыс
Адалдық, мейірімділік, пендешілік, Аллаға, әке-шешеге деген сүйіспеншілік!!!
+1 дауыс
Сыйластық, адалдық, имандылық, жанашырлық қасиеттері.
+1 дауыс
Мен адам бойындағы барлық қасиетті жоғары бағалауға тырысамын,дегенмен  шынайылықты өте-мөте ұнатамын.
+1 дауыс
Әрине,Адамгершілік
жауаптарыңызға рахмет!!!
0 дауыс
1)Еңбекқорлық

2)Қабілеттілік

3)Дарындылық

4)Табандылық

5)Бауырмалдық
6)
0 дауыс
Адамгершилиги мол,сыпайы, акконил, адал, инаббатты ,карапайым.
...