0 дауыс
866 көрілді
Қазіргі таңда әлемнің 2млд халқы қытай тілінде сөйлейді дейді білгіштер, бұл біздің халықаралық тіл деп жүрген ағылшын тілінен де көп екен, сонда қаптаған қара қытайдың тілі ағылшын тілінің орынын басып кетпей ме? бізге қазірден бастап қытай тілін үйрене беру керек пе?

2 жауап

0 дауыс
Менің ойымша қатты дамыған сияқты.Себебі бір оралманымыз фирма ашып негізгі талабын 2 тілді қытай мен ағылшыншаны білу керек дейді. Себебі, Қытайдың өнімі біздікінен арзан әрі шыдамды екен.
+1 дауыс
егер қытекемдер осы қарқынмен арығаратай дами берсе, дүние жүзілік тіл ретінде неге болмасқа...
哈国哈语 叶尔哈力
Белгісіз
不理解
......................................
討厭中國

    (цю щән хәң юЮ)

____________
足够的  цу као та
Әлемде 100-ден аса мемлекетте, соның ішінде, 2500 университетте қытай тілін үйренудің сан әдістері мен бағдарламалары бар. Қосымша, 54 елде Конфуций институты бар.

Тілді не үшін үйренемін?

Мәдениет, тарих, қарым-қатынас – тілдің көмегімен дамиды. Жеке өміріңізде, карьера, бизнесте сізге үнемі көмек беруші ол сіздің тілдік біліміңіз. Болашақтағы жарқын өміріңіз үшін инвестиция құйыңыз – уақытыңыздың қандай да бір бөлігін қытай тілін үйренуге арнаңыз.

ӘЛЕМДІК КӨРСЕТКІШ Қытай мәдениетке барынша бай, 5000 жылдан аса тарихы бар әлемдегі ең ежелгі елдердің бірі. Жер шарындағы халқы көп мемлекет, 1,28 миллиард халқы бар. Планетамыздың бестен бір бөлігі қытай тілінде сөйлейді! Путунхуа 873 миллион адамның ана тілі. Қытайдан бөлек қытай тілінде Тайвань, Сингапур, Брунея, Филлипинда, Монғолия, Малайзия сөйлейді. Қытай әлемде экономикасы бойынша екінші орында. АҚШ-тың сауда-саттық саласы бойынша ең үлкен әріптесі. Қытай тілін үйрену әр түрлі ауқымды салаларға жол ашады: саясат, экономика, тарих, археология.

ИНВЕСТИЦИЯ

Неге қытай тілі? Соның ішінде неге Путунхуа (Мандарин)?

1. Сізде іскерлік және карьералық мүмкіндіктер көбейеді. Путунхуаны білетін тәжірибелі спикерлерге іскерлік орталарда, билікте, халықаралық қатынастарда, ақпараттық технология, туризм, білім беру саласы, аударма сынды жұмыстар дайын тұр. АҚШ-тың колледж, университеттерінде оқытылатын барлық шетел тілдерінің ішінен қытай тілі ең жоғары пропорционалды өсімді көрсеткіш береді екен.

2. Сіздің естен кетпес саяхатыңыз Қытай мен Тайвань елдері шеттен келушілерге естен кетпес демалу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Путунхуаны білсеңіз, ортаға сіңісіп кетуіңіз тез болады. Дәстүрлі қытай мәдениеті, конфуций мен будда ілімдері, әскери өнері, қытай асханасы Шығыста, Оңтүстік-Шығыс Азияда елеулі маңызға ие. Сондай-ақ, Марко Поло, Макс Вебер,Бертольд Брехттерді қытай мәдениеті қатты қызықтырып әкетті.

ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ БАЙЛАНЫСЫ Қытай - қазақ жерімен шекаралас жатқан үлкен мемлекет. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері жүріп келеді. Қытай - Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі, еліміздің экономикасындағы ең ірі инвестор. 2016 жылдың басынан бергі есеп бойынша, елімізде 668 қытай компаниясы жұмыс жасауда. Қазақстандағы жұмыс жасайтын 22 мұнай компаниясына қытайлардың қатысы бар. Оның ішінде, 10 компания толықтай қытайлықтардың қатысуымен жұмыс жасайды, тағы 8 компанияның 50% -ына қытайлықтар қатысты.
...