0 дауыс
Жуырда бір пікірлесу үстінде танысым ер адамның  бір жағында 11 қабырға болады дегені. Негізі биологиядан білетініміздей, адам баласында ер және әйел екендігіне қарамастан 12 жұп қабырға, яғни 24 қабырға болатын. "Әйел ер адамның қабырғасынан жаралған" дегенге байланысты айтылған жай ғана аңыз ба?
30.05.2012 10.5k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жәй ғана аңыз... ))
Қабырға, омыртқа сүйектерінде еш айырмашылық жоқ. Тек жамбас сүйегінің анатомиясында болмаса...
Ер адамның кеңірдегінде "алма өсіндісі" болады ғой, дауысты жуан етіп шығаратын, сол жайлы да қызықты аңыз бар)
30.05.2012
Қандай? Егер қиын болмаса...
Қазір жазсам шатастырып қуып жаза ғой... ұмтып та қалдым...
Есімде қалғаны Адам атаның жұмақтан қуылу себебі рұқсат етілмеген алманы жеген, содан (бір оқиға болады осы жерде...) сол алманың дәні /тұқымы/ тамағында тұрып қалады. Содан барлық еркек атаулыда сондай бар...
Мына жазғанымды эклогия ағайым көрсе "Аузым көпіріп бекер айтыппын, түк ұқпапсындар" дер еді... Сол кісіден естіп едім жыл бұрын
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы