0 дауыс
1.1k көрілді
Евразиялық банкке қарызбын. Енді бүгін банк карточка блок қойыпты. Бір тиын ала алмадым? Не істесем болады. Олар айткан сумманы сразу төлей алмаймын. Қалай істеуге болады.

2 жауап

0 дауыс
Жарқын, жәрдемақы, жөргекпұл (пособия) және мемлекеттік бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік көмек, банк шотында жатқан білім беру жинақтау салымына ҚР «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» Заңына, «Төлем және төлем жүйелері» туралы заңына сәйкес банктің немесе басқа да органдардың арест қоюына, кіріс-шығыс операцияларын тоқтатуына, уақытша шектеу қоюына тиым салады. Яғни, банк сіздің уақытында қайтара алмаған кредитіңіз үшін әлеуметтік көмек алып жүрген картаңызды жауып тастауына құқығы жоқ.

Бұл жерде мынандай қателік болуы мүмкін. Сіз әлеуметтік көмекті рәсімдеу кезінде арнайы есеп-шот ашпастан, қолыңызда бар ағымдағы шотты (мысалы: жалақы картаңызды) көрсетуіңіз мүмкін. Мұндай карта арнайы есеп-шотқа жатпайды. Арнайы есеп-шотқа жөргекпұл немесе басқа әлеуметтік көмек келіп түсуге ғана арналған. Оған жоғарыдағы заң бойынша ешкім тосқауыл қоя алмайды.

Әлеуметтік көмек алып жүрген есеп-шотыңызды арнайы есеп-шот екендігін анықтаңыз. Егер арнайы болмаса, арнайы есеп-шот ашып, әлеуметтік көмекті соған жіберу үшін рәсімдеу керек. Егер сіздің шотыңыз әлеуметтік көмек алу үшін арнайы ашылып, банк құлыптап тастаса, банктікі дұрыс емес.
0 дауыс
саламатсыз ба интернет банк немесе мирко кредит моней ман. зинг.кз әлеуметтік шотты арестке қоя алама
...