+4 дауыс
1.7k көрілді
Қай елге барғыңыз келеді? ол елге ең алғаш болып қай жеріне баратын едіңіз?

6 жауап

+1 дауыс
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас демекші, өз Қазақстанымның көрмеген жерлері көп. Мысалға сонау ата-баба кезіндегі қазақ халқының және батыс, шығыс елдерінің де мақтап кеткен Жетісу өңіріне барғым келеді.:)
0 дауыс
Абзалдың айтқанымен қатар, барғым келіп жүрген жерім бар еді...~ Жапан дала, елсіз арал !  ..қаланың әбігерлігінен бір дем алсам - Қуаныш! ! ! ! ! !
0 дауыс
Туған жерім Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып көргім келеді. (Ес білгелі әлі барған жоқпын, айтады ғой ер жігіт - туған жеріне деп.) Ол менің туған жерім, топырағына бір аунап қайту мен үшін арман боп тұр.
+1 дауыс
Мекке,Медине қалаларын көргім келеді,жолым түспей жүр.Алда - жалда бара қалсам Қағбаны, С.а.ғ. Мұхамбет пайғамбарымның мәңгі тұрағын көрсем деген арман бар.
0 дауыс
Испанияның Мадрид қаласына барғым келеді.Себебі ол жақта футбол жақсы дамыған.Сонымен қатар Сантьяго Бернабеу стадионына барып,Реал Мадридтің ойынын тамашалау.![description][1]


  [1]:
0 дауыс
Өз елімнің әлі көп жеріне барған жоқпын. Астана ,Бурабай т.б барғым келеді.
...