Жануарлар | 416 қаралды
416 қаралды
Сіздер қандай  жануар ұстайсыздар?Мысалы,мысық,ит т.б.
Қандай  жануар сізге ұнайды?
Сұрақтың жабылу себебі: Меніңше берілген жауаптар жеткілікті
Сұрақтан ауытқиын, үй жануарлары қанша таза ұстасаңызда ит, мысық ауыру тудырушылар екенін білгеніміз жөн

13 жауап

Үй жануарларынан мысықты және итті ұстағанбыз.Мысықты үйге кіргіземіз,тамақ береміз.Күн сайын менің менің көрпемде жататын еді.Бірақ қазір ол жиі үйден шығып далаға қаңғып кетеді де,1,2 күннен кейін қайта үйге келеді.Ал итіміз болған еді ит ататындар атып кетті.Ол ит ешкімге тиіспейтін еді.Еш зияны жоқ ит еді.
Жақсы Жауап
Обал-ай;(

Үй жануарын ұстамайм. Тек гүл өсірем. Сол гүлдермен сөйлесем күнде)) Алла қаласа кейін тасбақа өсіргім келеді. 

бізде кактус деген жануар өсіп тұр)
Солай ма?) Бұл жаңалықты Баян Сұлуға айтарсыз, ол жаңалыққа шөліркеп жүр екен))
Аxаxа) Жақсы жауап таңдар едім құзіреімде болса)))
До Ре Ми, не үшін?)) Тақырыпқа сай емес жауап қой бұл)) Жаңалық та аша алмадым)))
ЖанНара Акоға жазған пікірім еді)
До Ре Ми ендеше ЖП таңда (жақсы пікір) ))
Тандалмайды ғой)))
Бізде күшік те бар мысық та бар)Мысықтың емдік қасиеті бар екенің бәріміз білетін шығармыз.Оның пырылдап қасына жатып алатыны көбісіне ұнайтын шығар)
О, міне, жаңалық деп осыны айт!!)))
Мысық ұстап жүргенбіз бір күні далаға шығып кетіп жүкті болып келіп тұр, әкесін таппадық. Өкінішке қарай мысықты балаларымен қоса таратып жібердік.
Қиын болған екен))
Еркек мысық ұстаған жақсы ғой)
Баян Сұлу бұл сөзіңді әйел мысықтар көрмесін
Уахахаха))))
Әдемі жүзіңді тырнап алар;)
Күшік, тауық, мысық. Жақсы көретін асырайтын үй жануарларым осылар!  Мысығым болған өкінішке орай өліп қалды қыста)
Белгісіз
Тауық қана бар. Сосын балапандар))
Балапандардың папасы қайда?
Папасы қаңғыбас)
Әтеші болмаса тауық үйде тұрақтамайды, басқа үйге ауып кетеді тоқалөк болып;)
Иттердi ұнатам бастары қазандайларды. Мектепте оқып жүргенде жануарға жан ашығыш едiм, мектептен қайтарда мияулаған мысықты, шәнкiлдеген күшiктi көрсем үйге әкелiп баға беретiн едiм. Бiр қарасам үйде бес ит жүр ғой.
саған блог жазу керек)
Эмм……………
Қандай жақсы адамсыз;)
Екi ит оншакты тауык бар
Белгісіз
Попугайлар мен бір  мысық бар!
Күшік,мысық дегенді бала кезден жақсы көрем.Бірнеше ит пен мысық бақтым.Қазіргі кезде қолдағысы 2007-де асыраған ала мысық пен мына сұр төбет

Сұсты көрінгенмен жан баласына жазығы жоқ))
Йә,эазығы жоқ.Тек мысықтарды ұнатпаймын)))
•қорқынышты
•Жиіркенішті
(Соңғы рет мысықты 5-жасымда ұстап көрген шығармын)
Неге?Пайғамбарымыз с.ғ.с мысығы болған екен
Белгісіз
Мен тек күшiктердi жақсы көрем!
Түйе,сиыр ұстаймыз.
Бұрын үй жануарының бірнеше түрін ұстағанбыз.Ал қазір екі ит қана бар.Жақында кептер асырамақшымын))
118,385 сұрақ
305,283 жауап
153,297 пікір
67,643 қолданушы