0 дауыс
4.8k көрілді
Менің бойым 1,81 салмағым 63 келі, 15 кгдай салмақ қоссам деген ойым бар, тез арада осындай салмақ қосу үшін кандай кеңес берер едіңіздер, мүмкін протеин ішу керекпе керек болса аты кандай протеинның??

2 жауап

0 дауыс
Энергетикалық теңгерімге сай (Энергия тұтыну – энергия шығару = энергия запасының өзгеруі) салмақ қосу үшін энергия жұмсаудан бұрын көп мөлшерде калория тұтыну керек. Егер күніне 500 ккал мөлшерден көп калория тұтынсаңыз, бір аптада  450-500 г (Көбіне арық адамдар үнемі энергия тапшылықта өмір сүреді де, оларға калорияны бұл мөлшерден де көп тұтынуына тура келеді) салмақ қосуға болады. Сонымен қатар, күнделікті ішіп жүрген асыңыздың көлемін көбейтіп, жеңіл сусындардан жоғарыкалориялы сусындарға ауысқаныңыз жөн. Мысалы сыра ішудің орнына минералды сусын, ал газды судың орнына шәй ішкеніңіз дұрыс. Онымен қоса, тамақ үстеліңізден майға қуырылған картоп пен тоқаш түспесін. Сол арқылы сіз калорияңыздың артуына өзіңіз-ақ жағдай жасайсыз.

Салмақ қосу мен калория арттырудың тағы бір жолы – көмірсулы тағамдарды ұн, қант, ақ күріш секілді өнімдермен қоса қолдану. Инсулиннің жоғары деңгейі майдағы энергияның өсу эффектісін жоғарылатады. Осындай деңгей айырмасы пайда болған жағдайда қандағы қанттың үлесі тезірек тағам қабылдағысы келіп, аштық «шақыра» бастайды.

Еш кеңес әсер етпеді дегенде...

Онда... Онда қимылдау белсенділігін қысқарту арқылы да салмақ қосуға болады. Мысалы, жаттығуды доғарған спротшы тез арада салмақ қосып, толып кетеді. Себебі мұндай жағдайда ол сыртқа энергия шығаруды азайтады да, бұлшық ет тіні семіп қалады. Көп қимылдап, сыртқа көп мөлшерде энергия шығаратын адамдардың салмақ қосуы сирек құбылыс. Сондықтан да қара жұмыспен айналысқан адамдар көбіне арық көрінеді. Сізге расымен де тез арада толу керек болса, амал жоқ, осы жолды таңдаңыз. Ол үшін сіз сыртқы ортаға көп күш жұмсамай, күні бойы теледидардың басқышын қолыңызға аласыз да, төсектен бас көтермей жатасыз!

Бірақ бұл жол сізді еріншектікке жетелейтіні анық. Сондықтан шамаңыз келгенше, дұрыс тамақтану мен уақытылы тамақ тәртібін бұзбай салмақ қосуыңызға тілектеспіз!
0 дауыс
Mass gainer иш және 2рет таңертең кешке тамак көп же сосын салмакка тренировка нагрузка бер

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
...