0 дауыс
9.1k көрілді
Қазыбек бидің үлкен дауды шешкені және сөзі ерек еді

2 жауап

0 дауыс

Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сєлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:

Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, — дейді Төле би.

— Айтыңыз, айтыңыз?

— Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.

Отырғандар таң тамаша болады.

—      Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болады ма?

—       Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? – дейді Қаз дауысты Қазыбек.

—       Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,

—      Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

—      Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

—      Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.

—      Бес дегеніміз –белсеніп шыққан жау жаман.

—      Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.

—      Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

—      Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.

—       Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.

—       Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, — дейді Қаз дауысты Қазыбек.

—  Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, — деп Төле би Қазыбекке риза болыпты» 

0 дауыс
Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сєлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:

— Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, — дейді Төле би.

...