Елімізде жұмыссыз қалған азаматтар әлеуметтік төлем тағайындата алады. Ол үшін алдымен жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып, «жұмыссыз» азамат ретінде тіркелуі керек. Жұмыссыз азаматқа бір айдан төрт айға дейін төлем тағайындалады.
Егер штат саны қысқарып немесе ұйым таратылған болса, яки өнім көлемі азайған себепті жұмыстан шықса, алты айға дейін әлеуметтік төлем алады.
Бұл ҚР 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер сомасын тағайындау, есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру ережесімен реттеледі.
Қандай құжаттар жинау керек?
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.