Бауыр ауырса Денеміздегі қанның қызыл түйіршіктерін, өтті шығаратын жұлынның жұмы-сын қамтамасыз ететін маңызды орган, жылу қуаты-ның көзі, В12 және Д дәрумендерін құраушы болып саналатын бауырдың ауруға шалдығуы бүкіл ағ-заның жағдайына айрық-ша әсер етеді. Бауыр – ағзаның басты сүзгісі. Ол шлактанған кезде ыдырау өнімдері буындардың, терінің, тамырлардың және тағы да басқа дені сау мүшелердің тіндеріне жинақ-тала бастайды да ауру туғызады. Сол себепті көбінесе бауырды емдеген кезде буындар ауруын қоя-ды. Бауыр – зор қосалқы мүмкіндіктері бар орган болғандықтан, бауырдың кез-келген зақымдануы әдетте шлактанудан бас-тап елеулі ауруларға дейін симптомдарсыз (әсерсіз) ағымда болады. Бауырдың шлактанғанын көрсететін алғашқы белгілері: жиі бас ауруы, түндегі ұйқысыздық, күндізгі ұйқышылдық, майлы, ащы немесе қалбыр-ланған ас ішкеннен кейін оң жақ қабырғаның астындағы тартатын әлсіз ауырсыну, тәбетсіздік. Бауырдың ісінуі Ол тосын және созылмалы болады. Бауыр тосыннан ісінгенде: бауыр аумағына күш түскенде, түшкіргенде, жө- телгенде ол қатты шаншып ауырады да несеп күреңде-неді, талақ ісінеді. Бауыры тосыннан ісінген адам көбі-несе шөп түстес құсады, қызуы көтеріледі, адам сарға-йып, қанның іруінің ауыр жағдайына ұшырай бастайды. Бауыры мұндай сырқатқа тап болғанында оны өздігі-нен емдеу әрі қиын, әрі қа-терлі. Бауырдың тосыннан ісінгенін емдеуде дәрігердің кеңесі қажет. Бауыр созылмалы ісінгенде: жоғарыдағы құбылыс-тар анағұрлым баяу, қауіп-қатері төмендеу, қанның іруі де кездеспейді. Мұндай жағ-дайға душар болғанда диета сақтап, былай емделеді: майлы тағамдарды, қантты, крахмалды заттарды аздап жейді, оны уақытша жемей қойса, тіпті жақсы. Бұл дерттен толық айыққанша ас-бұршақты, фасоль мен боб тағамдарын, қырыққабатты, маринадталған және қуырылған тамақты мүлдем же- мейді, спиртті ішімдіктерден біржолата аулақ болады. Көкөніс пен жемісті (бананнан басқасын) жейді, бұл кезде құлпынай мен бүлдірген (земляника) және барлық сүт тағамдары өте пайдалы.