+1 дауыс
18.2k көрілді
Бауыр дененің қай бөлігінде орналасқан? Оң жақ кеудемнің асты ауырып жүргеніне 4 ай болды, менің бауырым ауыру мүмкин бе? Өкпемді тексерткен едім таза болып шықты, ақыл кеңестеріңізді қоссаңыздар.
Бауырға бекем болыңыз http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/14168/

2 жауап

0 дауыс
Суық кездер басталғалы денсаулығын күтетін жандар иммунитетін берік қылуға бағытталған түрлі дауаларды қолға алды. Бірақ иммунитетті қалыптастыратын ақуыз, антидене мен интерферондышығаратын мүше бауыр екенін білесіз бе? Демек қазір бауыр саулығына мұқият көңіл бөлуіміз керек.

Бауыр – ағзамыздағы стратегиялық маңызы бар мүше. Оның жұмысындағы кемшіліктер жалпы ағзаның инфекцияларға төзімділігін кемітеді. Алайда бауыр аурулары бастапқы кезде еш белгілерсіз өтеді. Сондықтан бұл ауруларды дәрігерсіз анықтау қиын. Ал белгілері біліне бастаған кезде ауру асқынып, емделуі қиындай түседі. Бауырдың саулығын қамтамасыз ету үшін мынандай белгілер пайда болғанда дәрігерге барып тексерілген жөн.

Біріншіден, шаршағандық, тез әлсіреп қалу, күні бойы ұйықтағыңыз келу, құсқыңыз келуі, тәбет жоқтығы, оң жақ дененің ауырлауы, терінің қышып қозуы, жиі суық тиіп ауру белгілеріне назар аударыңыз. Егер осы белгілер әдеттегіден артық байқалса, міндетті түрді дәрігерге көрініңіз.

Екіншіден, үйде өз бетіңізбен емделмеңіз. Әрине тазалауыш шөп шайлары мен түрлі дәрумендерді қабылдауға болады, алайда бауырға арналған дәрілерді сізге толық тексерілуден өткеннен кейін дәрігер ғана айта алады. Ол үшін қан анализін тапсырып, УДИ (УЗИ) зерттеуінен өтіп, гастроэнтеролог маманымен кеңесу керек.

Үшіншіден, бауыр саулығын сақтап қалу үшін, тамақтану мен өмір тәртібін ретке келтіріңіз. Рационыңызғарафинадталмаған сұйық май, пісте, күнжіт, жаңғақтар, соя өнімдері, теңіз балдырлары мен балықты қосыңыз. Сонымен қатар эссенциалды фосфолипидтер негізінде жасалынған табиғи препараттар көмегімен қажетті заттар тапшылығын толықтыруға болады.

Сонымен қатар, бауыр саулығын сақтау үшін ішімдік, темекі сынды жаман әдеттерден бас тартыңыз, түрлі дәрілік препараттарды, жасанды тамақ өнімдерін қабылдауды шектеңіз.

http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/14168/

Қай жерлеріңіз ауырмасын, егер өзіңізді сыйлайтын пенде болсаңыз дәрігерге барыңыз , емделіңіз . Өлімнен басқа дерттің бәріне дауа бар. "Ақша жоғалттым -ешнәрсе жоғалтпадым, уақыт жоғалттым-көп нәрсе жоғалттым, денсаулық жоғалттым- барлығын жоғалттым" - деп бекер айтпаған. Алла шипасын берсін!
0 дауыс
Бауыр (hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.[1] 2)Құрамында 70-73% су, 2—4 % май, 17—18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2—3 сагғат суық ағынды суда ұстайды.
Аллах разы болсын рахмет сидерге!Жакын арада узиге тусемин, не себепти ауыратынын аныктай алады деген миттемин.

Ұқсас сұрақтар

...