0 дауыс
21.6k көрілді

Бауырымда эхинококкоз киста болып, операция жасалғаныма 2 жылдан кетті. Бірақ кейде ауырады. Неге екенін түсінбедім. УЗИ ға түссем бәрі жақсы дейді. Өзім оларға көп сене бермеймін. Не істесем болады? Өтінем жауап беріңіздерші. Балшырын

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Дәрігер-эпидемиолог мамандардың айтуына қарағанда, бұл дерт адамға түлкі, қарсақ, иттер арқылы жұғады. Негізінен, эхинококкоз малдарда кез­деседі. Ауру малды сойған кезде, оның ішек-қарны, т.б. мүшелері күл-қоқысқа тасталып жатады, соларды түлкі, қарсақ, иттер қорек етеді. Сөйтіп, түлкі, қарсақ, иттер эхинококк жұмыртқаларын тара­тушыға айналады. Эхинококк жұмырт­қаларын түлкі, қар­сақ,  иттер нәжістері арқылы аулаға, су қоймасына, бау-бақшаға, әйтеуір жүр­ген жерінің бәріне таратады. Сол суды қайнатпай ішкен немесе сол бақшадан көкөністі жумай жеген адам эхинококкоз ауруын жұқ­тырады. Ауруды жұқтырған адам оны дереу сезе қоймайды. Себебі эхинококкоз іріңді ісігі өте жай өседі де, жылдар бойы ешқандай белгі бермейді.  Іріңді ісік өскен сайын, бауырды қысып, әрі қан құрамына зиянды заттар бөлінуіне әсер етеді де, адам сарғайып, жағдайы нашарлайды.

Көбіне ультрадыбыстық тексеру арқылы кездейсоқ анықталып жатады.

Эхинококкоз көп жағдайда бауырды зақымдайды. Эхинококк жұмыртқалары  кейде қан айналымы арқылы өкпеге, ағзаның басқа мүшелеріне  де жетеді.  

Эхинококкоз дертіне байланысты күдік туған жағдайда, ішкі ағза мүше­лерін ультрадыбыстық, т.б. тексеру­лерден өткізіп, қан құрамын зерттеу керек.

Бұл дертті емдеу үшін, міндетті түрде операция жасалады.

–1 дауыс

Адам бауыр эхинококкозымен ауырғанда, эхинококк құрты біртіндеп шыға береді. Бауырдан УЗИ арқылы көбіне анықтала бермейді.Мен эхинококкозын 7 рет операция жасап алдыртқан бір әйел кісіні білем. Операциядан басқа оның емі жоқ.

0 дауыс

Операциядан кейінгі анда санда ауырсыну қалыпты жағдайға жатады. Ауырсыну өт жолдарының дискинезиясынан (бұзылысынан) немесе терідегі операция орнынан болуы мүмкін. Егер УЗИ мен биохимиялық анализ қорытындылары қалыпты мөлшерде болса, еш алаңдаудың қажеті жоқ. Әр алты ай сайын УЗИ мен анализдерді қайталап отырыңыз. Профилактика мақсатында Гепабене капсуласын бір айлық курспен ішіп отыруды ұсынамын.  

0 дауыс
Мен болгам 5 жыл бурын казыр де анда санда ауырат ол неден коп несе ауыр котерип коиям соданда болуы мумкинбе калай оилаисындар

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 5.07.2020 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
4 жауап
...