+1 дауыс
2.1k көрілді
Менде бір жағдай болып жүр.Түнде көзім ілініп кеткенде қозғала алмай қаламын,қатты қиналам,сөйлей де алмаймын.Бұл бірнеше рет қайталанған.Жақында да осылай болған,қазір тұрып кетемін десем,ұзаққа созылып кетті,түр-түрлі дауыстар шығады.Мен қатты уайымдап жүрмін.Бұл неліктен болады?Адам оянбай қалуы мүмкін бе?

6 жауап

+3 дауыс
Аятул курсиді оқып жат. Өлімнен басқаның бәрінен аман боласың!
+2 дауыс
Бұлай менде де болады. Мен де не себепті екенін білмедім.
Жын басып алатын шығар.
+2 дауыс
негізі менде де солай болатын.тфа -тфа қазір ондай болып жүрген жоқ.бұрындары түсте ұйықтап алайын деп, көзім ілініп кетсе бірдеңе қасымда жүріп алады.сосын көзімді аша алмай  сонымен алысып әзер оянамын.енді қайта ұйықтасам тағы да сол қайталанады.кейде бұл жағдай түнде болады.сондықтан да жатар кезде дәрет алып тіліңді кәлимаға келтіріп жатқаның жөн.
+6 дауыс
жауаптарға минус қойып отырған кім модератор а?

сұраққа жауап беретін болсам

ия ондай менде жиі болады. вроде көзім ашық ояу жатқан сияқты болып жатам, бір кезде біреу келіп қылғындырып жатады, (немесе суға батырып жататы, немесе ит талап жатады, немесе айтеуір аймалап, сипап жатқан кезі болған жоқ) кәдімгідей өлгенше айқайлап, мені оятыыың деп шыңғырып жатамын. бірақ ешкім естімейді. қозғала да алмаймын. даусым да шықпайды. ең болмағанда піссімілләға да тілім келмей қалады. енді өлген шығармын дегенде әйтеуір оянам. уфф

негізі мен андай мындай тылсым құбылыстарға сенбеймін. сондықтан шаршағандықтан болад деп оған аса мән бермеймін. және қазақта ондайды Бастығырылу ма әлде бастырылу дейма сөйдеп айтады екен
+2 дауыс
Бұны қазақта , бастырылу деп айтады , Жатарда , НАС, ФАЛАК, ЫҚЫЛАС, АЯТУЛ КУРСИ дуғаларын оқып жатыңыз , ең болмағанда дәрет алып жатыңыз.
ең болмағанда емес...http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/uagizdar/uiky_adebi.mp3
0 дауыс
Менде ол кеше ғана болды, көзіме ақ нәрселер көрініп, өмірі сықырламайтын стол сықырлап дауыстар шығып кетті, көрпемді жинап қашып кеттім басқа бөлмеге, бірақ бір мәрте жын басқан еді содан бері жүрегім ауыратын болып қалды үнемі дем жетпей қалады, аятул курсиді, нас, фалах, ықыласты үнемі оқып жатамын, бірақ намаз оқитын адамды жын көп азғырады ғой, содан ба деп қоям бір ойым.
...