+1 дауыс
749 көрілді
Қалай тамағымды кетіруге болады. Күннен-күнге iсiп,дауысым шықпай,қарлығады.Енді қайтсем болады?қандай дәрі ішкен дұрыс?

6 жауап

+1 дауыс
Әжем әрқашан тамағым ауырғанда яаки іскенде ыстық сүтке май қосып беретін тұғын содан жақсы боп қалатын едім
+1 дауыс
НолГрипп! және ТераФлю мен 1 күнде жазылдым
0 дауыс
Йнгалипт  шаш тамағыңа укол сал дәрілер іш! шайға май қосып іш сосын терле!
+1 дауыс
Бүгін кешке жатар алдында, пиялаға ыстық сүт құйып, 1 шәй қасық май, 1 шәй қасық бал (әсел) салып ішіңіз. Мен өзім осы емді қолданғанмын. Таңертең ұйқыдан оянғанымда нәтижесі айтарлықтай байқалды. Бір ішкенннен жазылып кеттім.
пияла деген кесе ме?
Иә, негізі мен өзім де кесе деп айтамын. Бірақ көпшілік пияла деп айтатын сияқты ғой.
пияла дегенді мен тек жарнамадан пияла шәй дегенен естуші едім....
Ааа, онда сіздер жақ олай айтпайтын болды ғой. Қызылорда ма?
жо жоқ Маңғыстау
0 дауыс
Ибуфен деген сироп бар, соны алып ішсең өте пайдалы, 350 теңге!!!
0 дауыс
Сізге енді дәрі көмектеспейді. Ыстық су қайнатып, ішіне тұз салып, басыңызды тазикке бүркіп отырыңыз, үстінен ормал жауып қойыңыз. Тамағыңызды ашып отырыңыз. Тұзды судың буы  тамағыңызға бару керек. Орамалмен жабылған жерден, жел, дым кірмеу керек. Бетіңіз терлейді. Су жылығаннан кейін, тамағыңызды саусағыңызға бинт тағып люголямен сүртіңіз, батырып, ауыртып тұрған жердің бәрін. Сосын тамағыңызға тамаққа себетін кез келген дәріні шашыңыз. Есте сақтаңыз: тамаққа қандай дәрі сепсеңізде ең алдымен міндетті түрде люголямен сүртуді ұмытпаңыз. Әйтпесе, дәрінің әсері болмайды. Бұл өте жақсы әдіс. Тез сауығып кетіңіз. Аллах шипасын берсін!
...