+1 дауыс
Бəйтерек туралы жұмбақ тауып беріңізші өтінемін
19.10.2016 7.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
«Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек, Заты бар бұтақ сайын жанға керек. Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық – Төртеуін таңдап алдым ерекше елеп».

Бұл жұмбақтың шешуі – жапан дегені – түнгі аспан, жайнап тұрған бәйтерегі – аспан жұлдыздары, балта дегені – Таразы, Үш арқар немесе Шідер деп аталатын жұлдыздар (созвездие Ориона), шөміш деп отырғаны – Жетіқарақшы жұлдыздары (Большая Медведица), түрен дегені – Ақбозат, Көкбозат, Арқан жұлдыздарының шоғыры (Малая Медведица), мойынтұрық дегені – Қарақұрт (Кассиопея) жұлдыздары.
20.10.2016
үздік деді
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы