Жоба аясында ЗТБ Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Тарату Ассоциациясы мынадай жұмыстар атқарады:заң тарапынан жүргізілетін аймақтық. семинарлар, тренингтер, құқықтық сараптамалар, заңгерлік резиденциялар
Құқықтық семинарлар, тренингтер. Семинарларда, тренингтерде заңдық күші бар ережелерді тәжірибеде қолдану, сондай-ақ БАҚ басшылары мен журналисттердің тәжірибесіндегі жағдалайрды қарастыруға басты көңіл бөлінеді.
Семинарлар тақырыптары: «БАҚ-ның Заңнамалары», «Журналисттердің құқығы мен міндеттері», «Телевизиялық журналистика - хабар тарату құқығы», «Ақпаратқа қол жетімділік», «БАҚ авторлық құқығы» және тағы басқа.
Құқықтық сараптама. Сараптама мақсаты кейбір жағдайларға байланысты бұқаралық ақпарат құралының құқықтың ұстанымын анықтау, өзінің құқығы және / немесе міндетін көлемін және мазмұнын айқындау болып табылады. Бұл заңгерлік сараптама өткізіліп жатқан мекеменің жұмысқа қатысы бар барлық материалдармен толық танысқан жағдайда мүмкін.
Заңгерлік резиденциялар. Заңгерлік резиденция заңгердің тікелей БАҚ-ын заң тарапынан тексеріп, басшылар мен жұмыскерлерге қысқаша заңгерлік семинар өткізуді ұсынады. Заңгерлік резиденция аясында бұқаралық ақпарат құралының қызметіне заң тұрғысынан баға беріледі, БАҚ-ның құжаттары Қазақстан Республикасының күшіне енген заңнамаларына сай екендігі тексеріледі. Заңгерлік резиденция -БАҚ қызметінде заңдық қателіктерді болдырмаудың ең тиімді әдісі.
Егер БАҚ жоғарыда көрсетілген іс-шараларға қызығушылығын білдірсе, ол Қазақстан ҰТТА өтініш беруіне болады.
Қазақстан ҰТТА сіздің өтінішіңізді, ұсынысыңызды күтеді.
Кыскарган создер: ЗТБ,. БАҚ ,ҰТТА